Эссе Мен осы мамандыққа

Раздел Другое
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Эссе Мен осы мамандыққаЭССЕ

Мен лайықтымын ақылдымын абзал жанмын

Арманның қиялынан таңдағанмын

"Ұстаз" деген ұлы істің мәнін біліп,

Өміріме діңгек қып таңдап алдым. деген

жүрекжарды ұстаздық ұлы іске құлшынған жүрегімнен шыққан біраз өлең жолдарыммен бастауды жөн көріп отырмын.

Алғаш мектеп табалдырығын аттап, алғаш рет қолыма қалам ұстаған күннен бастап, менің арманым мұғалім болу еді. Қазір мен өз арманыма жеттім деп ойлаймын және маған дәріс берген ұстаздарыма, ата-анама алғысым шексіз. Мұғалімнің бейімділігі, дарындылығы көбінесе оқушының тағдырын шешеді. «Ұстазсыз шәкірт тұл, шәкіртсіз ұстаз тұл, ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға » дейді қазақ. Бұл басқа емес, дәл педагог мамандығына арнап айтылған мақал. Әрине, ұстаз деп тек мұғалімдерді айтуға болмайды. Менің өміріме бағыт берген, кәсібімді үйреткен, тіршілігіме нәр берген адамның барлығын ұстаз санаймын. Егер мектептегі ұстазға келер болсақ, бұларды жаны өте нәзік, жомарт, сезімтал жандар деп айтар едім. Оқушыға ұстаздық жасайтын адамның бойында өз мамандығына берілген, бар қуатын оқушыға сарқып бере алатын, онымен бірге қуана да, қайғыра да білетін барлық асыл қасиеттер болу қажет. Менің ойымша, ұстаз болу - кез-келген адамның қолынан келе бермейді. Нағыз ұстаз шәкірттерін «біз жақсы ұстаздан сабақ алдық» деп айтатындай дәрежеге жеткізу керек. Менің ұстаздарымды, ата-анамды мен «нағыз ұстаз» деп айта аламын және олардың жолын қуып өзімнің де ұстаз болғаныма қуаныштымын!

«Орта мектепті аяқтағаннан кейін еш ойланбастан мұғалімдік мамандықты таңдап, Ақтөбе қаласына Актөбе Мемлекеттік педагогикалық институтына оқуға түсіп, жоғарғы оқу орнында білім алдым. Мұндағы өткен 4 жыл мен үшін зымырап тез өте шықты. Қолыма диплом алып, мұғалім мамандығын алып, мен алдымен, Балалар жасөспірімдерге арналған спорт мектебінде волейболдан жаттықтырушы болып бере бастадым. Оқушыларым менің жаңалықтарыма, жаңа тәжірибеме қызығушылықпен жауап берді. Осылайша менің бірінші ұстанымым пайда болды: оқушыларды оқыту үшін, бірінші өзің оқуың керек, оқушыларға тәрбие беру үшін, тәрбиені өзіңнен бастауың қажет, оқушыларды дамыту үшін, әрдайым өзің іздену, даму үстінде болуым қажет сонда ғана осы мамандыққа лайықсын деп санаймын. Бәрі бірден жақсы болып кете қойған жоқ. Мен көп іздендім, өз ісінің нағыз мамандарын, ең үздіктерін іздедім. Осылайша, мен өзімнің екінші ұстанымыма келдім: биіктерге жету үшін, болашаққа көз жүгіртіп, өз идеалыңды таба білуім керек. Өз мамандығым жайлы ойлана отырып, мен өзімнің педагогикалық жұмысымның мәнін аша алатын сөздер іздедім: педагог тәуліктің 24 сағатында педагог болуы тиіс, себебі ол - өмірдің мәні. Бір күнде тек 3 сабақ қана мұғалім болып, одан кейін мұғалім бетпердесін лақтырып тастап, босаңсуға болмайды. Педагог тұлғасы тәрбие беру құралы болуы керек. Педагог оқушылар алдында өзін-өзі жетілдіре білуі керек.
Ия,әр мамандықтың қызығы мен қиындығы қатар жүреді.Мұғалімнің жұмысы күрделі екендігі баршаға аян.Бүгінгі сабақты өткізген соң,ертеңгі сабақта тың ой,идея,өзгеше әдіс-тәсілмен келу керек.Қазіргі ақпаратты технологияның,компьютердің үлкен орын алып тұрған заманында әсіресе дене тәрбиесі пәнін жалықтырмай қызғылықты етіп оқушыға жеткізу,меңгерту үлкен ізденісті қажет етеді.Сондықтан мұғалім ақпараттық коммуникативтік технологияларды ұтымды,тиімді пайдалану қажет.

Бір айта кететін жайт-оқушы бойындағы денсаулықты нығайту,денені шынықтыру,жан-жақты дене дамуына көмектесу,жалпақтабандылық ауруының алдын алу,бала ағзасыныңжағымсыз сыртқы орта әсеріне қарсылық күшін қалыптастыруда дене тәрбиесі пәнінің алатын орны ерекше.

Әрбір оқушының жүрегіне жол таба білу,оны қызықтыра білу,жігерлікке,батылдыққа,қажырлыққа,тәртіптілікке,еңбек сүйгіштікке,көпшілдікке,мәдениеттілікке тәрбиелей білу-ұстаздың шеберлігінің жемісі деп білемін.Дене тәрбиесі пәнін беруде, мақсатқа түпкілікті нәтижеге жету үшін,оқушыларды дене тәрбиесі жаттығуларымен мектепте ғана емес,үйде де тұрақты айналысу,әдеттендіру,ол әдет оқушылардың күнделікті күн тәртіптерінде әбден қалыптасуы қажет.Осы кезден бастап дене тәрбиесі жаттығуларын орындау олардың өмір бойғы әдеттеріне айналуы керек.Ол үшін дене тәрбиесі сабақтары қызықты,әсерлі,көңілді өту керек.Бұл,біріншіден,дене жаттығулары арқылы қоршаған ортаның жағымсыз факторлары мен жұқпалы ауруларға ағзаның қарсылығы артатындығымен түсіндіріледі.Басқа сөзбен айтқанда ,денесі мықты және шыныққан адам сирек аурады.

Екіншіден,өсу мен даму процесіне ынталандырылады,жылуды реттеу реакциясы жетілдіреді,яғни салқын тигеннен болатын сырқаттануға қарсылық артады.

Үшіншіден,ақыл-ой және дене қабілеттерінің артуына себепкер болатын шыдамдылық,күш,жылдамдық пен икемділік секілді қасиеттер дамиды.Ақырында дене жаттығуларымен айналысу жағымды эмоционалды жағдайды туғызады, сергектік пен сенімділікті қолдайды.

Ұстаздықты жүрегімен сезінген адамға ұстаз-киелі мамандық.Мен педагог ретінде оқушыларды тәрбиелеуде халқымыздың ғасырлар бойы келе жатқан ұлттық ойындар,ұлттық құндылықтары мен салт-санасын бойына сіңіріп,ойына ұялатуға тырысамын.Мұғалім өз баласынан бұрын өзгенің баласы үшін жаратылған жан деп бекер айтылмаса керек.

Менің мамандығыма деген қызығушылықтың,дұрыс көзқарастың қалыптасуына әріптес ұстаздарымның рөлі ерекше.Ұжымдағы тәжірибиелі педагогтардан үлгі-өнеге аламын.Осы үлкендерден алған басты сабағым-балаға деген мейірімділік,кешірімшіл болу,ата-анамен және сырт адамдармен дұрыс қарым-қатынас орната білу,қамқорлық және жаңашырлық,шыдамдылық,шынайы болу және әрдайым шығармашылық ізденісте болу. Тарихтан ұққанымыздай, ұлы адамдардың, белгілі тұлғалардың, кемеңгер ойшылдардың негізі, зерделік санасы, сана құдіреті осынау балалық кезде қалыптасып, байқалатын көрінеді. Ал сол балалардың өміріне ықпал ету менің басты мақсатым деп білемін. Сондықтан да менің педагогикалық философиям не деген сұрақ қоятындарға , былай жауап бере аламын: мейірімділікке үйрету арқылы оқушылардың бойына мейірімділіктің шамын жағу, қиындық арқылы көздеген мақсатқа жету, махаббат арқылы шындыққа қызмет ету, міне осыны мен өзімнің педагогикалық философиям деп есептеймін.

Ей замандас, алдыменен досыңды ұқ.

Досың спорт, таза ауа, өсімдік.

Ала жүріп, осылардың сыйлығын -

Жаңа ғасырға біз берейік көріктік.

Халықтың денсаулығы - ел дамуының аса маңызды тұтқасы, болашағымыздың кепілі.

Атамыз қазақтың «Бірінші байлық - денсаулық», яки болмаса «Денсаулық - терең байлық» деген даналық мәтелдері тіршіліктің нағыз өзегінен алынған емес пе?

Менің бір ұққаным әр таңда жұмысына,мектепке,оқушыға асыға жеткен ұстаз,ол-үлкен жүректі ұстаз.







Қ.Жазықов атындағы орта мектеп













Дайындаған:Нуртаева А.А



2014-2015 оқу жылы













Ал, «осы мамандықты таңдағандағы жетістікті қалай өлшеуге болады?» деген сұрақ қойылса, былай деп жауап берер едім: «Жетістік деп мен өзімнің оқушыларымды оқытудағы және тәрбие берудегі табыстарымды айтар едім. Оның нәтижесі - оқушыларымның өмірдегі жеңістері, дарындылық қасиеттерінің, қабілеттерінің ашылып, кеңейе түсуі, өзін-өзі бағалауды күшейтуі, өз бақытын іздеуі».

«Ақша жоғалтсаң - ештеңеңді жоғалтпайсың, уақытыңды жоғалтсаң - көп нәрсеңді жоғалтасың, досыңды жоғалтсаң - көп нәрсеңді жоғалтасың, өзіңді жоғалтсаң - бәрін жоғалтасың» деп неміс мақалы дұрыс айтылған. Осыған орай, менің өмірлік қағидам - ешқашан өз қадір-қасиетімді жоғалтпау, әрқашан тек шыншыл, адал, өз ісіне берілген тұлға болып қалу».



© 2010-2022