• Преподавателю
  • Другое
  • Қазақ әдебиеті пәнінен қысқа мерзімді сабақ жоспары М. Әуезов Біржан сал Абай ауылында (6 сынып)

Қазақ әдебиеті пәнінен қысқа мерзімді сабақ жоспары М. Әуезов Біржан сал Абай ауылында (6 сынып)

Раздел Другое
Класс 6 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы:

М.Әуезов «Біржан сал Абай ауылында»

Мақсаты :

(SMART,орта мерзімдегі жоспар)

Тақырып жайлы оқушылар түсіне отырып топпен романның кейіпкерлерімен танысады, сипаттау арқылы білімдерін жетілдіреді.

Күтілетін нәтиже:

(орта мерзімдегі)

- қазақ халқының қонақжайлығын, сыйластығын, адамгершілігін танытып біледі.

-топпен жұмыс жасайды.

Табыскритерийі:

Өзіндік бағалау , топ басшысының бағалауы, мадақтау

Негізгі идеясы:

Өнерлі өрге жүзер

Оқулық :

(ҚР ҒБМ ұсынған)

К. Ісләмжанұлы., Б. Әрінова., Р. Баттал., Е. Арын

Сабақтың барысы /мұғалімнің ескертпелері:

Уақыты

Мұғалімнің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурсы

Формативті

(ОүО)

Суммативті (ОБ)

5мин

«Жүректен-жүрекке» шаттық шеңбері. Бір-бірінежылы (жағымды) сөздер айтуға бағыттау.

Сыныпты 5 топқа бөледі.

«Жүректен жүрекке» шаттық шеңбері

Істеген әрекеттеріне қарай бір- бірін бағалайды.

Бағалау шарттарын түсіндіріп, әр топ басшыларына тарату.

А-4 форматты қағаз

10 мин


Үйге берілген тапсырманы сұрау.

Өткен сабақтағы үйге берілген өлеңді жатқа сұрайды.

Сұраққа жауап береді.

Өлеңді мәнерлеп оқуға тырысады.

Жарайсың

Керемет

Топ басшылары тобындағы оқушыларды бағалап отырады.

Интербелсенді тақта

Электронды оқулық

Оқулық

20 мин


Жаңа сабақ . М. Әуезов «Біржан сал Абай ауылында» шығармасы.

Алдымен М.Әуезовтың өмірі мен шығармашылығын электронды оқулықтан тыңдату.

ЖИГСО Сынып оқушыларын 5 оқушыдан тұратын топтарға бөледі. Бұл "жанұя" топтар деп аталады. Содан кейін 1, 2, 3, 4, 5-ке санау арқылы 1-лер бөлек, 2, 3, 4, 5 өз алдына "жұмыс" тобын құрайды. 5 бөлікке бөлінген ертегінің 1-бөлігін 1-лер, 2-бөлігін 2 санын алғандар, 3, 4, 5 нөмірлі топтарға оқуды тапсырады.

Электронды оқулықтан ақынның өмірін мағлұмат алады.

Бөліктерге бөлінген жырды іштей оқиды.

Қабілеті жоғары оқушы берілген тапсырманы шапшаң оқып меңгереді.

Қабілеті төмен оқушы бір оқығанда түсініңкіремейді, топтағы достарынан көмек сұрайды.

Бағалау парақшаларына топ басшысы бағалап отырады.

Оқулық,Постер, маркер, стикер


І топ 86-87 бет

ІІ топ 88-89 бет

ІІІ топ 90-91 бет

ІҮ бет 92-95бет

Ү бет 96-99бет

4 мин

Әр топқа тапсырмалар беріп, олардың іс- әрекетін сырттай бақылайды.

І топ. Үзіндіде ұлы Абай мен Біржан сал арасындағы көңіл жарастығы , сыйластығы қалай суреттелген?

ІІ топ. Шығарма мәтінінен үзінділер ала отырып , оның мазмұндық желісіне жоспар құру.

ІІІ топ. Шығармадан қандай құндылықтарды өз бойыңа алдың?

ІҮ топ. Шығармада көрінетін халықтың арман-тілегі, даналығы.

Ү топ. Сюжеттік жоспар құру

Қабілеті жоғары оқушының есте сақтау қабілеті жақсы болғандықтан берілген сұрақтарға мүдірместен, өз тобының алдында ойын ортаға салады. Қабілеті төмен оқушы топ мүшелерінің жауабына келіседі.

Берілген тапсырмалар бойынша ауызша немесе жазбаша жауап береді.

Сабаққа белсенді қатысқан оқушыларға смайлик беру.

Әр оқушы сыни ойлап, өз ойларын ортаға салады.

Еркін жазу


Стикер

Смайлик

1 мин

Үйге: Шығарманы оқу. Дыбыстар сөйлейді әдісі

Топ басшыларының бағасы

Жиынтық баға

5 мин

Рефлексия «Бағдаршам»

Қызыл түс- түсінген жоқпын.

Сары түс- әлі де практика қажет.

Жасыл түс- барлығы түсінікті.



© 2010-2022