Қазақ тілі Тесттер жинағы 7-11 сыныптар

Раздел Другое
Класс 9 класс
Тип Тесты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

7 сынып. 1 нұсқа

1 . Жіктеу есімдігін табыңыз.

A) Мен .B) Сол . C) Мынау. D) Кім? E) Барлық.

2. Сұрау есімдігін көрсетіңіз.

A) Бұлар. B) Қайсысы. C) Мұнымен. D) Біздікі. E) Сіздер.

3. Болымсыздық есімдікті белгілеңіз.

A) Әлдекім. B) Әлдеқалай. C) Ешқайсысы. D) Қайсыбір. E) Мүмкін.

4. Сілтеу есімдігін белгілеңіз.

A) Он, алтау. B) Тақ, жүз. C) Үйде, кеште. D) Осынау, анау. E) Бүгін, кеше.

5.Сілтеу есімдігінің тәуелденген түрін көрсетіңіз.

A) Олар, менмін. B) Кетір, оқыт. C) Соныңыз, мынауыңыз. D) Ақшыл, сенсің. E) Оған, маған.

6.Сілтеу есімдігін табыңыз.

А) Сәлден соң сол сары ала шатырдан кердеңдеген екеу шықты. В) Сардар сөзге келмей тайып тұрды.

С) Беті жаман ғой өзінің D) Біреулер күліп, енді біреулер қостап жатыр. E) Тұрман маған ежірейе қарады.

7. "Онда" есімдігінің емлесіндегі ерекшелікті табыңыз.

A) Жатыс септікте ол есімдігіндегі "л" дыбысы "н" дыбысына айналады. B) Ілік септікте түбірдегі "л" дыбысы "н" дыбысына айналады. C) Көмектес септікте түбірдегі "л" дыбысы "н" дыбысына айналады.

D) "Л, н" дыбыстары түсіп қалған түбірге -да жалғанады. E) Табыс септік жалғауы жалғанғанда "л" дыбысы түсіп қалады.

8. Пысықтауыш қызметіндегі есімдікті анықтаңыз.

А) Кейбіреуінің талабы зор. В) Мұныңыз заңға қайшы келмей ме? С) Әңгімеміз расымен аяқталды-ау деймін? D) Біздің ойлағанымыз бұлай емес еді. E) Әлдеқайдан гармонь үні талып естілді.

9. Есімдіктің сөйлемдегі қызметін анықтаңыз.

Атымның сыры өзіме мәлім. А) Пысықтауыш. В) Баяндауыш. С) Анықтауыш. D) Бастауыш.

E) Толықтауыш.

10.Қайтті? Қайтеді? сұрақтарына жауап беретін сөз табын белгілеңіз.

A) Зат есім. B) Етістік. C) Одағай. D) Үстеу. E) Есімдік.

7 сынып. 1І нұсқа

1. Жіктеу есімдігімен тіркесіп тұрған сөзді табыңыз.

A) Сіз келесіз. B) Атаның баласы. C) Қалаға бару. D) Көзбен көру. E) Болат келді.

2. Өздік есімдікті тіркесті көрсетіңіз.

A) Сен кімсің? B) Өзің кел. C) Оны көру. D) Кім келеді? E) Олар барады.

3. Белгісіздік есімдікті табыңыз.

A) Бәріміз. B) Баршамыз. C) Біздің. D) Қайсыбіреу. E) Өзіміздің.

4.Сілтеу есімдігінің септелу түрін анықтаңыз.

A) Әркімдер. B) Бұған. C) Бәріне. D) Маған. E) Өздері.

5. Жалпылау есімдігін анықтаңыз.

A) Күллі, барша. B) Ақылды, бәрі. C) Ана, мына. D) Түгел, ақылды. E) Ата, сол.

6. Тәуелденіп келген есімдік түрін белгілеңіз.

А) Өз, бұған. В) Осысы, мынауың. С) Бұны, кіммін? D) Өзіммен, қайсыбіреу. Е) Кімде-кім, әркім.

7. Есімдікке -ы, -і дәнекері арқылы жалғанатын септікті анықтаңыз

А) Шығыс септік. В) Көмектес септік. С) Табыс септік. D) Барыс септік. Е) Ілік септік.

8 .Біреудің бойы аласа,

Біреудің ойы аласа.

А) Баяндауыш. В) Анықтауыш. С) Пысықтауыш. D) Бастауыш. E) Толықтауыш.

9. Сөйлем ішіндегі есімдіктің қызметін анықтаңыз.

Мені шешем жеті жасымнан бастап өзі оқытты.

A) Бастауыш. B) Толықтауыш. C) Пысықтауыш. D) Анықтауыш. E) Баяндауыш.

10. Етістік нені білдіретінін белгілеңіз.

A) Заттың қимылын білдіреді. B) Заттың атын білдіреді. C) Заттың түрін білдіреді. D) Заттың санын білдіреді. E) Заттың көлемін білдіреді.



1 нұсқа

2 нұсқа

1

А

А

2

В

В

3

С

Д

4

Д

В

5

С

А

6

А

В

7

А

В

8

Е

В

9

Е

В

10

В

А











Сабақ түрі: Тест. 11-сынып.
Тест тапсырмалары:

Стилистика қай ғылымның саласы?
А) тарих В) философия С) математика Д) тіл
2. Орыс тілшілерінен стилистиканы кім зерттеген?
А) Щерба В) Чикобава С) Галкина Д) потебня
3. Стилистиканың негізгі ұғымы қайсы?
А) стиль В) ой С) сөз тіркесі Д) сөйлем
4. "Стиль" қай елдің сөзі?
А) грек В) латын С) неміс Д) испан
5. "Стильдің" қазақшасы қалай?
А) жазу мәнері В) сөз мағынасы С) кірме сөз Д) біріккен сөз
6. Грецияда стильге қандай түсінік берілген?
А) сөзге сендіру В) синоним С) тіркестіру Д) кұрау
7. Стилистика қандай өнер делінген?
А) риторика В) сөйлем С) сөз тіркесі Д) ұйқастыру
8. Үнді оқымыстылары стильді қалай түсіндірген?
А) ұйқастыру В) жазба тіл С) мәнерлеп сөйлеу ) біріктіру
9. Ломоносов стильді нешеге бөлген?
А) 2 В) 3 С) 4 Д) 5
10. Лингвистикада "Стиль" қай мағынада жұмсалған?
А) жазу мәнері В) сөз тіркестіру С) сөйлем құрау Д) тіркес жасау
11. "Стилистика" көбіне қандай өнер делінеді ?
А) шешендік өнер В) ұйқастыру С) сөйлем құрау Д) логикалық ой
12. "Стилистика" не туралы ғылым?
А) екпін В) ойлау С) сөйлеу Д) стиль
13. "Ақылды"сөзін синтаксистік тәсілмен түсіндіріңіз?
А) білімді В) оқығаны бар С) өзіндік ой Д) ақылсыз емес
14. Стилистика қандай зандылықты қарастырады?
А) сөз қолдану В) қысқарту С) сөз біріктіру Д) ұйқастыру
15. "Семасиология" деген не?
А) бейнелегіш тәсілдердің мағынасы В) сөйлем құрылысы С) қосарлау Д) еркін тіркес
16. Жұртқа ортақ тіл қайсы?
А) диалог В) монолог С) жалпы халықтық Д) эсперента
17. "Жалпы халықтық тіл" неше түрлі?
А) 3 В) 4 С) 2 Д) 5
18. "Тіл жуйесі" деген не?
А) тіл құрайтын элементтер В) буын түрлері С) қысқарған сөздер Д) біріккен сөз
19. Стильдер ең алдымен неше топқа бөлінеді?
А) 3 В) 2 С) 4 Д) 5
20. Сөйлеу стилінің ерекше түрі қайсы?
А) ұйқас В) монолог С) біріккен сөз Д) қысқарған сөз
21. Кітаби жазба стильдер нешеу?
А) 3 В) 2 С) 5 Д) 4
22. "Публицистика" қай елдің сөзі?
А) грек В) латын С) неміс Д) үнді
23. "Публицистиканың" қазақшасы қалай?
А) сөйлеу В) ұйқастыру С) көпшілік Д) шешендік
24. Ғылыми стиль қандай стильдің түрі?
А) сөйлеу В) жазба С) ауызша Д) шешендік
25. "Тілдің қимыл өрісі шексіз" деген кімнің сөзі?
А) І. Кеңесбаев В) С. Мұқанов С) М. Әуезов Д) З. Қабдолов

Тест сұрақтары
І-нұсқа
1.Төл сөздің тыныс белгісін анықта
Кеше кешке жолдасы Қарқаралыда әлі екі-үш күн боламыз деген болатын.
А) тырнақша, үтір, сызықша В) қос нүкте, сызықша, леп белгісі С) қос нүкте, тырнақша, үтір, сызықша Д) қос нүкте, тырнақша Е) сызықша, қос нүкте, тырнақша
2.Төл сөзді сөйлем
А) Осы алаңнан қоныс тауып, біз ошақ қаздық. В) «Амангелдіге» келісімен, бұл арман шыңына жетті.
С) «Табылған ақыл, Мұқа!» - деп, Жарқын айналасына қарады. Д) Күрең ат - Бөжейдің қыс мінетін аты. Е) Тәртіп бойынша, мен сіздерге есеп беруге міндеттімін.
3. Бастауыш пен баяндауыштың арасына сызықша қойылатын жерді тап
А) Көңіл кірлесе, сол жаман. В) Үңгір іші қараңғылана түсті. С) Сондағы оқитыным Некрасовтың өлеңдері. Д) Даланы өрлей жүрген ақын Абай әнге салды. Е) Ұстазың үйде ұйықтап жатыр.
4. Сызықшаның қойылу себебін анықта.
Бұл - үлкен бақыт. А) Жіктеу есімдік - зат есім. В) Есімдік - сын есім. С) Сілтеу есімдігі - зат есім.
Д) Есім - етістік. Е) Зат есім - зат есім
5. Тыныс белгілері туралы ережелер жинағы қалай аталады?
А) Синтаксис В) Лексикология С) Полисемия Д) Стилистика Е) Пунктуация
6. Жалпылауыш сөзге байланысты қойылған тыныс белгісін тап
А) Жанат орын ұсынып еді, - отырған жоқ. В) Балалар, аманбысың, шырақтарым. С) Ата қоныс - ата мекен. Д) Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті: Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек. Е) Ол ол ма, одан да бетері бар.
7. Қос нүктенің қойылған орнын анықта
Қарт күрсінді: - Ұлым, желік қуыпсың! А) Қарсылықты салаластың жай сөйлемдері арасына. В) Мезгіл бағыныңқылы сөйлемнен кейін. С) Төл сөзден кейін. Д) Жалпылауыш сөзге қатысты.
Е) Автор сөзінен кейін.
8. Қос нүктенің қай сөзден кейін қойылатынын белгіле
Жалғыз кемдігім хат танымайтыным ғой.
А) жалғыз В) кемдігім С) хат Д) танымайтыным Е) ғой
9. Үтірдің қойылу себебі.
Оқып білім ал, бөбек!
А) бірыңғай мүше В) одағай С) қыстырма сөз Д) оңашаланған айқындауыш Е) қаратпа сөз
10. Үтірдің қойылу себебі
Менің ұғуымша, терең сын.
А) Шартты бағыныңқылы сабақтас В) Толымсыз сөйлем С) Оқшау сөздер Д) Қыстырма сөз
Е) Құрмалас құрамындағы жай сөйлем
11. Бірыңғай мүшелердің тыныс белгілерінің дұрыс қойылғанын тап
А) Ол әндер ерлікті де елдікте де сұлулықты да сыйдырған. В) Ол әндер: ерлікті де елдікте де сұлулықты да сыйдырған. С) Ол әндер ерлікті де, елдікте де сұлулықты да сыйдырған.
Д) Ол әндер - ерлікті де, елдікте де, сұлулықты да - сыйдырған. Е) Ол әндер ерлікті де, елдікте де, сұлулықты да сыйдырған.
12. Тыныс белгісі дұрыс қойылған сөйлемді көрсет
А) Көп сөз - күміс - аз сөз, алтын. В) Көп сөз - күміс; аз сөз - алтын. С) Көп сөз - күміс, аз сөз - алтын. Д) Көп сөз, күміс, аз сөз, алтын. Е) Көп сөз күміс - аз сөз алтын.

Тест сұрақтары
І І-нұсқа

1. Қойылмаған тыныс белгіні табыңыз.
Жақсы адам елдің арысы.
А) қос нүкте В) сызықша С) үтір Д) нүкте Е) сұрақ белгісі
2. Сабақтас құрмалас сөйлемді тап
А) Сауран шаңғыға әуесқойлардың бірі бола тұра, әлі күнге мұншалықты ұзын алқапта, әсіресе мынау еңістікте сырғанап көрген емес. В) Міне біз де келдік. Кеш те басталды. С) Мен үй жинап жатырмын, өзің келіп кет. Д) Еңбек қылмай тапқан мал дәулет болмас: қардың суы секілді тез суалар. Е) Бұл уақыттың ішінде ел де өзгеріп кетті, адамдар да өзгерді.
3. Құрмалас сөйлемді тап
А) Асқар белгілі мерзімде тұрды. В) Байжан Самарқанға қарап еді, кескіні ыңғайсыздау екен.С) Жабай жауап қайтара алмады. Д) Ауылдарыңнан не хабар бар? Е) Ертең күн жылы, бұлтсыз, жауынсыз болады.
4. Тура мағыналы сөз
А) қара жұмыс В) қарақағаз С) қара ниет Д) қара көйлек Е) қара сөз
5. Сөздің тура мағынасы
А) Ол менің үлкен балам. В) Жасың үлкен, жолың үлкен. С) Үлкенді сыйлай білейік. Д) Үлкен кісінің сөзін қайда қоясың? Е) Сірә, үлкен іс қылайын деп жатқан шығар.
6. Диалект сөз
А) Әрлі-берлі В) кәсіпкер С) сәукеле Д) ұжым Е) маңлай
7. Езулік дауыстылар
А) б,в В) е, і С) м, н Д) ү,у Е) о,ө
8. Тұйық буын
А) ата-баба В) ас-су С) ас үй Д) ат-тон Е) алша
9. Тасымалдауға болмайтын сөз
А) еңбек В) 30 га С) сулы Д) километр Е) жүзім
10. Ұяң дауыссызға аяқталған сөз
А) қыз В) саң С) Болат Д) таң Е) қыс
11. Орфографиялық заңдылыққа сай жазылған сөз
А) құлұншақ В) тұлұм С) көзүлдірүк Д) бөгет Е) өзөн
12. Түбір сөз қатаңға бітсе, қосымша қандай дыбыстан басталатынын анықта
А) жіңішке дауыстыдан В) дауыстыдан С) қатаңнан Д) ұяңнан Е) үндіден
13. Үндестік заңына бағынбайтын сөз
А) сызғыш В) халық С) Астана Д) Қарағанды Е) ауызекі





9 - сынып.Тест жұмысының жауаптары
І- нұсқа
1-С

2-С

3-С
4-С
5-Е
6-Д
7-Е
8-В
9-Е
10-Д
11-Е
12-С

Тест жұмысының жауаптары
ІІ- нұсқа

1-В
2-А
3-В
4-Д
5-Е
6-Е
7-В
8-С
9-В
10-А
11-Д
12-С

13-Е


© 2010-2022