Конспект по казахской литературе Ильяс Жансугуров 7-сынып

Раздел Другое
Класс 7 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

7-сынып Сабақтың тақырыбы. Ілияс Жансүгіров «Домбыра» өлеңі.

Сабақтың мақсаты: а) Білімділігі.

Ақын І. Жансүгіров өмірі жайында мағлұматтарын кеңейту арқылы Домбыра өлеңінің мән-мағынасын түсіндіру. Оқушыларды поэзияны сүюге, ақынның ішкі дүниесінің есігін өз кілтімен ашуға, өлеңнің құпия сырларын ұғуға үйрету. Қазақ тілінде ойын еркін жеткізуге, әдеби тілді меңгеруді қалыптастыру.

ә) Тәрбиелігі. қазақ өнерінің, күй өнерінің қара қобызы домбырасының қасиетін дәріптеу. Ұлттық мәдениетімізді сүюге, қадірлеуге баулу, музыканы тыңдауға, жүрегімен түсініп, оған құштарлығын арттыруға тәрбиелеу.

б) Дамытушылығы: қазақ тілінде таза сөйлеуге, еркін ойын жеткізуге, өнерге құштарлығын арттыруға, танымдық деңгейлерін жетілдіруге, шығармашылыққа баулу.

Сабақтың көрнекілігі: І. Жансүгіров портреті, презентация, домбыра.

Сабақтың барысы:

а) Сабақ басталмас бұрын күй ақырын орындалып тұрады.

-«Жарқын болашақ» ұландары,

Алға, Қазақстан! ұрандары,

Сәлеметсіңдер ме, балалар,

Отанымның қырандары!

-Отанымның сенерімін,

Келешектің кемелімін

Сәлем бердік сіздерге

Еркін елдің өренімін!

І бөлім

І. Ой қозғау. Ал енді бәріміз тақтадағы күн сәулелеріне назарларыңызды аударыңыздар. Бұл сөз тіркестері сіздерге қандай ой салады?

Сұрақ: Өлең не туралы жазылған?

Сұрақ: Өлеңді кім жатқа айта алады?

Сұрақ: Өз ана тілдерің туралы не айтасыңдар?

-Мен шағын ой толғау жазып келдім. /оқушылар оқиды/

Мұғалім: Ал, балалар, осындай ғажайып ойға түрткі болған өлеңнің авторы туралы не білесіздер?

1. ТЕКСЕРУ:

Ілия Жансүгіров Қапал уезіндегі Ақсу бойында 1894 жылы дүниеге келген. Анасынан ерте айрылып, әке тәрбиесінде өскен. Әкесі арабша сауатты, домбырашы, ісмер, ұста, өнерлі адам болған. Баласына өнерінің бәрін үйретеді.

Алған әкесінен хат таныған, кейін ауыл молдасынан, медресе үлгісіндегі мектептен оқыған.

Ілияс жас күнінен бастап ән мен күйге, өлең-жырға құмар болып өседі. Келе-келе бір өңірдің өлеңшісіне айналады.

Шығармашылығы сан қырлы. Қазақ поэзиясында өнер жайлы көп жазған ақындардың бірі. Ақынның «Құлагер», «Күйші» сынды поэмалары, «Әнші», «Домбыра», «Күйге» атты өлеңдері бар. 1938 жылы «Халық жауы» деп айыпталып, ату жазасына кесіледі.

Көп нүктенің орнына қажетті сөздерді жаза отырып, ақын өмірі туралы айтайық.

Ілия Жансүгіров ………… уезіндегі …………. бойында ……… жылы дүниеге келген. …………….. ерте айрылып, ……….. тәрбиесінде өскен. ………….. арабша сауатты, домбырашы, ісмер, ұста, өнерлі адам болған. ……………….. өнерінің бәрін үйретеді.

Алғаш ……………… хат таныған, кейін ауыл ………………., медресе үлгісіндегі …………………. оқыған.

Ілияс жас күнінен бастап ………. мен ………………, өлең-……….. құмар болып өседі. Келе-келе бір өңірдің ……………………………….. айналады.

Шығармашылығы сан қырлы. Қазақ поэзиясында ……………. жайлы көп жазған ақындардың бірі. Ақынның «…………….», «…………………..» сынды поэмалары, «……………..», «………………..», «…………………..» атты өлеңдері бар. ……… жылы «Халық жауы» деп айыпталып, ………….. жазасына кесіледі.

Автор орындығы

Автор орындығына отырған оқушыға қалғандары «Жылдар сөйлейді» суретті буклет арқылы І.Жансүгіровтің өмір жолын, шығармашылығын бір авторға сұрақ қою арқылы сөйлетеді.

1894ж І. Жансүгіров1905-1911ж.ж 1916ж 1920ж 1925ж 1928ж 1934-1936ж 1938ж

  1. 1894ж Талдықорған облысы, Ақсу ауылында дүниеге келген.

  2. 1905-1911 жылдары алғашқыда әксінен хат танып, содан соң молдадан оқып, Қарағаштағы татар үлгісіндегі мектепте дәріс алды.

  3. 1915-1916 ж «Әншіге» өлеңін жазады

  4. 1920ж Алматыға келіп, үш айлық мұғалімдер курсын бітіреді.

  5. 1925ж Мәскеудегі журналистика институтына түседі.

  6. 1928ж Елге келіп « Еңбекші қазақ» ( қазіргі, «Егемен Қазақстан») газетінде қызмет атқарды. «Сағанақ» деген тұңғыш кітабы жарық көрді.

  7. 1934-1936 жылдары Қазақстанда көркем әдебиет баспасында поэзия бөлімін басқарады.

  8. 1938ж Зұлмат қолына ілігіп, ату жазасына кесіледі.

Өткен сабақта ақын туралы ұлағатты ойларды тыңдағанбыз. Сіздер қандай пікірлерді кездестірдіңіздер? /үнпарақ/

«Мен Ілиястың шын ақындығына ден қойдым»М.Әуезов

«Ілияс Жансүгіров - қазақ әдебиетінің көгіндегі аз ғана жарық жұлдыздардың бірі». Ә.Тәжібаев

«Ілияс Жансүгіровті қазақ әдебиетінің шаң жұқпас жүйрігі, жыр Құлагері, поэзиямыздың бар саласына үлес қосып, поэма жанрын қол жетпес биікке көтерді. Ілияс Жансүгіров ең алдымен қазақ поэзиясындағы ұлы таулардың бірі, жыр Құлагері».(Т.Кәкішев)

Міне, балалар, қазақ поэзиясының зерттеушілері Ілияс Жансүгіровке осылай деп баға берген екен. Ендеше бүгінгі біздің сабағымыз ақынның шығармашылығымен жалғасады.

ІІ. Мағынаны тануІІ бөлім
«Аққу күйі». / Күйдің әуенін тыңдатамын. /

-Балалар көздерің жұмып, бір сәт әуеннің әсеріне бөленіңдер. -Айтыңдаршы, көз алдардарыңа қандай суреттер келді?Мысалы:

-Біздің туған жеріміз қазақтың кең даласы, жасыл жайлау, көл, көлде жүрген құстар.

-Ойын-сауық ат жарысып, көкпар тартысып, балуандар күресіп жатқандай.

- Киіз үйде кең дастархан басында домбыра тартып отырған күйші, көк аспан, қыран бүркіт.

-Ендеше, сіздер мен біздерді осындай керемет күйге бөлеген, қазақтың ұлттық аспабы-домбыра үні./оқушылар айтады/

Бүгінгі сабағымздың тақырыбы не жайлы болмақ?

-Домбыра жайлы.

Ілияс Жансүгіровтың «Домбыра» өлеңі.

Оқулықта берілген «Домбыра» өлеңін «Талшыбық» күйінің сүйемелдеуімен мәнерлеп жатқа оқып беремін. /Оқушылар не елестетіндерін суретке түсіреді/

Өлеңді тыңдап отырып , нені елестеттіңдер, не көрдіңдер?

/суреттерінен көрме жасайды/

Мысалы:

-Домбыра үнімен, күй әуенімен тербелген дала, ашық аспан.

-Осы көрініс өлеңнің қай шумағында байқалады? /оқушылар өлеңнен тауып оқиды/

Енді, өлеңнің орысша аудармасын тыңдайық.

Ильяс Жансугуров «Домбра»

Играй свой кюй, домбра, играй,
Напев чудесный разливай,
Журчи, как горные ручьи,
Да сердце радость напевай.
Чтоб весь туман в горах исчез,
Чтоб тучи все сошли с небес,
Чтоб все заслушалось тебя, -
Твои напевы полюбя,
Еще сильней, домбра, играй!
Три колышка да две струны,
Да девять узелков - домбра.
Да десять пальцев, что вольны
Любые вызывать ветра.
Скачите, пальцы, словно конь,
В прекраснейшей из всех погонь,
Играй еще сильней, домбра!
Эй, слушай, трудовой народ,
Как сладостно домбра поет
В руках народного кюйши.
И даль степей, и страсть души -
Все обращает в кюй игра!
Играй еще сильней, домбра!
Эй, трудовых людей певец,
Властитель струн, знаток сердец,
Меня весельем взбудоражь.
Я кюй навек запомню твой
О жизни новой, молодой.
Ты, мудрый летописец наш.
Играй еще сильней, домбра!

Сөздікпен жұмыс.

Тау-суындай-звени, как горная вода, /Журчи, как горные ручьи/

Желпіну-резвиться / Да сердце радость напевай/

Құлшыну-воодушевиться

Бұлтты ыдырату-разогнать тучи

Қыдыру-гулять

  • қашаған

  • 1) животное, которое норовит убежать (чаще о лошади)
    қашаған бие → норовистая кобыла
    3) перен. уклоняющийся от ответа
    □ жарлының жалғыз аты қашаған → единственный конь бедняка и тот норовит убежать

қиқулау
I.
1. гл. курлыкать
қиқулап тырналар ұшады → журавли летают, курлыча
2. и.д. курлыканье
II.

1) гикать
жылқыны қиқулап жинау → собирать табун, гикая
балалар қиқулап жүгірісті → дети бегали, гикая
2) вспугивать зверя криками (при выгонной охоте)

1) гиканье; шум-гам
2) вспугивание зверя криками

Ал, балалар І. Жансүгіров домбыраның үнін бізге сөзбен жеткізу үшін қандай көркем, сырлы сөздерді, қандай шеберлікпен қолданды екен?

Оқулықпен жұмыс. . /121-бет, 2-сұрақ/

2. Ақын домбыраның құдіретін қандай сөздерді қолдану арқылы көрсеткен?

Сөз сыры Тәтті күй…………..

Өлеңге әдеби-теориялық талдау жасау:

Қайталау-білім арнасы.

1) Эпитет дегеніміз не? Эпитет (грек. epіtheton - қосымша) - заттың, яки құбылыстың ерекшелігін, сыр-сипатын бейнелі түрде танытатын айқындаушы сөз. Мысалы, алтын күз

Теңеу - бір затты өзіне ұқсас екінші затқа теңестіріп, -дай-дей, тай-тей.

Жұрнағы арқылы жасалатын теориялық ұғым.

3)Метафора дегеніміз не? Сөз мәнін өңдендіре , өзгерте айту, суреттеліп отырған затты не құбылысты айқындай түсу үшін, өзіне ұқсас өзге затқа не құбылысқа балау.

(Бұлбұлмын, тұлпармын, жорғамын, майдамын, тауықпын, құм-қыстау, өлке-көктеу, өзен-күзеу, жайлауым -жалпақ дала, сөз-жаңбыр, даусым-дауыл, әнім -ескек).

Мысалы жауаптар төмендегідей болуы мүмкін: /оқушылар оқып, табады/

І бөлім.

«Тәтті күй» эпитеті, «тау суындай сылдыра» теңеуі арқылы күйдің құдіретін айқындай түседі. Жел соқтырып, бұлт ыдыратып, ойды-қырды қыдыра етістікті тіркестері арқылы домбыра үнінің кереметтігін құбылтады.

ІІ бөлім.

Домбыра құрылымын суреттей келе он саусақтың ойнауын «Құлындайын құлдыра» теңеуі арқылы бейнелейді.

ІІІ бөлім

«бозда, бозда бота күй» эпитеті күйді мұңлы етіп көрсетеді.

көңілімді қандыр, көргеніңді күй қыла, жанымды жадырат, көкейіме қон, тәтті әңгіме айт, жаңа өмірді жыр қыл, деген етістікті тіркестер арқылы домбыра үнінен жан бітіре сөйлете келе «шежіре, шешен сұңғыла» деген метафоралы-эпитеттер арқылы домбыраны сан құбылтып бейнелейді.

-Қай жолдың қайталануын байқадыңдар?

-«Құлшына тарт, домбыра!» жолы өлеңге күш, жігер, рух береді.

Дәптермен жұмыс.

Өлең құрылысына талдау жасау.

Тарт күй-ің-ді, //дом-бы-ра! // -7-а

Тө-гіл, тө-гіл //тәт-ті күй, // -7-а

Тау су-ын-дай //сыл-ды-ра,// -7а

Жел-пін, жел-пін// жел соқ-тыр!//

Тау-да тұ-ман// тұр-ма-сын, // -7 ә

Көк-те бұлт// ы-ды-ра! // -6 а

Тың-да-ма-ған// қой-ма-сын,// -7 ә

Ой-ды-қыр-ды// қы-ды-ра,// -7 а

Құл-шы-на тарт,// дом-бы-ра!// -7а

Өлең 2 бунақты, негізінен 7-буында, аралас ұйқас түрінде жазылған.

ІІІ бөлім «Өнерді сүйген бала қатігез болмайды» бөлімі.

І топ

  1. Домбыра аспабы туралы «Бабамнан қалған мұра» презентация. /қорғау/

ІІ топ.

ә) «Тіл жеткізбегенді-үн жеткізеді» атты домбыра жайлы аңыз / «Ақсақ құлан» аңыздан үзінді./

ІІІ топ

б) «Нағыз қазақ емес-нағыз қазақ домбыра». Домбыра жайлы айтылған өлең, сөздер, ән-жырлар.

Сіздер домбыраны тыңдадыңыздар, І. Жансүгіровтың «Домбыра» өлеңімен таныстыңызда. Осы өлең, домбыра үні сіздерге қаншалықты жетті екен, қалай әсер етті байқап көрейік.

Рефлекция.

Смайликтер арқылы оқушылар сабақтың ұнаған, ұнамағанын көрсетеді.

Үйге тапсырма: Біз 1929 жылы жазылған «Домбыра» өлеңін талдадық. Сәзде үйде 1936 жылы жазылған екінші «Домбыра» өлеңін оқып, сөздікпен танысып, салыстыра отырып айырмашылығын тауып келіңіздер.













1.Көп нүктенің орнына қажетті сөздерді жаза отырып, ақын өмірі туралы айтайық.

Ілия Жансүгіров ………… уезіндегі …………. бойында ……… жылы дүниеге келген. …………….. ерте айрылып, ……….. тәрбиесінде өскен. ………….. арабша сауатты, домбырашы, ісмер, ұста, өнерлі адам болған. ……………….. өнерінің бәрін үйретеді.

Алғаш ……………… хат таныған, кейін ауыл ………………., медресе үлгісіндегі …………………. оқыған.

Ілияс жас күнінен бастап ………. мен ………………, өлең-……….. құмар болып өседі. Келе-келе бір өңірдің ……………………………….. айналады.

Шығармашылығы сан қырлы. Қазақ поэзиясында ……………. жайлы көп жазған ақындардың бірі. Ақынның «…………….», «…………………..» сынды поэмалары, «……………..», «………………..», «…………………..» атты өлеңдері бар. ……… жылы «Халық жауы» деп айыпталып, ………….. жазасына кесіледі.

Өлең құрылысына талдау жасау.

Тарт күй-ің-ді, //дом-бы-ра! // -7-а

Тө-гіл, тө-гіл //тәт-ті күй, // -7-а

Тау су-ын-дай //сыл-ды-ра,// -7а

Жел-пін, жел-пін// жел соқ-тыр!//

Тау-да тұ-ман// тұр-ма-сын, // -7 ә

Көк-те бұлт// ы-ды-ра! // -6 а

Тың-да-ма-ған// қой-ма-сын,// -7 ә

Ой-ды-қыр-ды// қы-ды-ра,// -7 а

Құл-шы-на тарт,// дом-бы-ра!// -7а

Өлең 2 бунақты, негізінен 7-буында, аралас ұйқас түрінде жазылған

----------------------------------------------------------------------------------------------------------

1.Көп нүктенің орнына қажетті сөздерді жаза отырып, ақын өмірі туралы айтайық.

Ілия Жансүгіров ………… уезіндегі …………. бойында ……… жылы дүниеге келген. …………….. ерте айрылып, ……….. тәрбиесінде өскен. ………….. арабша сауатты, домбырашы, ісмер, ұста, өнерлі адам болған. ……………….. өнерінің бәрін үйретеді.

Алғаш ……………… хат таныған, кейін ауыл ………………., медресе үлгісіндегі …………………. оқыған.

Ілияс жас күнінен бастап ………. мен ………………, өлең-……….. құмар болып өседі. Келе-келе бір өңірдің ……………………………….. айналады.

Шығармашылығы сан қырлы. Қазақ поэзиясында ……………. жайлы көп жазған ақындардың бірі. Ақынның «…………….», «…………………..» сынды поэмалары, «……………..», «………………..», «…………………..» атты өлеңдері бар. ……… жылы «Халық жауы» деп айыпталып, ………….. жазасына кесіледі.

Өлең құрылысына талдау жасау.

Тарт күй-ің-ді, //дом-бы-ра! // -7-а

Тө-гіл, тө-гіл //тәт-ті күй, // -7-а

Тау су-ын-дай //сыл-ды-ра,// -7а

Жел-пін, жел-пін// жел соқ-тыр!//

Тау-да тұ-ман// тұр-ма-сын, // -7 ә

Көк-те бұлт// ы-ды-ра! // -6 а

Тың-да-ма-ған// қой-ма-сын,// -7 ә

Ой-ды-қыр-ды// қы-ды-ра,// -7 а

Құл-шы-на тарт,// дом-бы-ра!// -7а

Өлең 2 бунақты, негізінен 7-буында, аралас ұйқас түрінде жазылған


© 2010-2022