Сөз таптары. Зат есім 6 сынып

Раздел Другое
Класс 6 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сөз таптары. Зат есім 6 сыныпСөз таптары. Зат есім 6 сыныпСөз таптары. Зат есім 6 сыныпСөз таптары. Зат есім 6 сыныпСөз таптары. Зат есім 6 сыныпСөз таптары. Зат есім 6 сыныпСөз таптары. Зат есім 6 сыныпСөз таптары. Зат есім 6 сыныпСөз таптары. Зат есім 6 сыныпСөз таптары. Зат есім 6 сыныпСөз таптары. Зат есім 6 сыныпСөз таптары. Зат есім 6 сыныпСөз таптары. Зат есім 6 сыныпСөз таптары. Зат есім 6 сыныпСөз таптары. Зат есім 6 сыныпСөз таптары. Зат есім 6 сыныпКүні:

Қазақ тілі, 6 сынып

Сабақтың тақырыбы: Сөз таптары. Зат есім.

Мақсаттары:

Білімділік: Оқушыларға сөз таптары, оның ішінде зат есім, зат есімнің жалпы есім, жалқы есім түрлері туралы тереңірек білім беру.

Дамытушылық: Сөз таптары бойынша бастауыш сыныптарда меңгерген білімдеріне сүйене отырып, зат есім туралы түсініктерін дамыту; сауатты жазу, оқу дағдыларын жетілдіру; оқушылардың белсенді ойлау қызметтерін жандандыру.

Тәрбиелік: қазақ тілінің морфологиялық заңдылықтарын түсіндіре отырып, тілдік-эстетикалық семзімдеріне тәрбиелеу, адамдық қасиеттерін дамыту.

Күтілетін нәтиже: оқушылар зат есімнің грамматикалық категориялары туралы толық меңгереді, сөйлем арасындағы зат есімдерді сұрақ қою арқылы бірден таба алады.

Сабақтың түрі: жаңа материалды игеру сабағы.

Әдісі: түсіндіру, ізденіс, сұрақ-жауап, талдау.

Көрнекіліктер: тақырыпқа арналған кесте-плакат, тақта, бор, оқулық

Пәнаралық байланыс: әдебиет

Сабақтың өту барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі

*оқушыларды түгендеу;

*оқу құралдарын тексеру;

*оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

II. Үй тапсырмасын тексеру

Абай өлеңдерінің бір шумағын жазып, ішінен атауыш және көмекші сөздерді табу.

Қараңғы түнде тау қалқып,

Ұйқыға кетер балбырап.

Даланы жым-жырт дел-сал қып,

Түн басады салбырап.

Шаң шығармас жолдағы

Сілкіне алмас жапырақ

Тыншығарсың сен дағы

Сабыр қылсаң азырақ.

(Бұл өлең жолдары кімнің аудармасынан екен?)

Гетенің шығармасын Лермонтов орысшаға аударған:

Горные вершины

Спять во тьме ночной

Тихие долины,

Полны свежей мглой.

Не пылит дорога

Не дрожат листы.

Подожди немного,

Отдохнешь и ты.

ІІІ.Жаңа сабақ Сөз таптары. Зат есім

Тақтағы сызба сызылады:

Заттың, ұғымның атын білдіретін сөз табы.

Сұрақтары: кім?не?кімдер?нелер?

Тұлғасына қарай

Құрамына қарай

Негізгі зат есім

Туынды зат есім

Дара зат есім

Күрделі зат есім

Бөлшектеуге келмейтін түбір зат есім.

Мысалы:

у, ат, ант, бата, құдық, жапырақ

Түбір зат есімге және басқа сөз таптарына жұрнақ жалғану арқылы жасалған зат есім

Мысалы:біл-ім, дос-тық, бора-н, тарс-ыл, жаман-шылық

Бір ғана түбірден тұрады

Мысалы: от, ара, қант, оқушы, баспалдақ.

Кемінде екі сөзден /біріккен, қосарланған, қысқарған және тіркескен сөздер

Мысалы:кемпірқосақ, ата-ана, ҚазМҰУ, мәдениет үйі





Жалпылай немесе жекелей аталуына қарай

Мағынасына қарай

Жалпы есім

Жалқы есім

Деректі зат есім

Дерексіз зат есім

Біртектес заттардың атауы

Мысалы:қала, өзен, тау, кісі,кітап

Біртектес заттардың өз ішіндегі жекелеген атаулары

Мысалы:Алматы, Ертіс, Алатау, Абылай

Көзбен көріп, қолмен ұстауға болатын заттар мен құбылыстардың атаулары

Мысалы:ағаш, қалам, су, домбыра, есік, сия т.б.

Көзбен көріп, қолмен ұстауға келмейтін, тек оймен, ақылмен ғана сезіп білетін ұғымдардың атауы

Мысалы:қайғы, арман, сана, қуаныш, жақсылық, реніш

ІV. Шығармашылық жұмыс. «Біздің ауыл» тақырыбында шағын әңгіме жазу.

/жалқы есімдер, деректі, дерексіз зат есімдердің астын сызып, құрамына талдау жасау.

V. Абайдың ұлағатты сөзін алып, талдау жұмыстарын жасау.

Адамның адамшылығы - ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан басталады.

  1. Зат есім сөздерді табу.

  2. Құрбы сөзіне сатылай кешенді талдау жасау.

І топ. Фонетикалық талдау жасау /мүмкіндігінше математикалық тәсілді қолдануға болады/

ІІ топ. Фонологиялық талдау жасау


  1. Фонетикалық талдау: Құрбы =O=……..=?

Шешуі: Құрбы = 5O= 2 □ (ұ, ы)+ 3∆ (қ, р,б)

Қ- ∆-қатаң

Ұ-□, жуан, қысаң, еріндік

Р-∆, үнді

Б-∆, ұяң

Ы- □, жуан, қысаң, езулік

2)Фонологиялық талдау

Құрбы - 5 әріп, 5 дыбыс бар, екі буын бар

Құр - бы

Біт.б. ашық б.

Құр-бы /2 жағд.тасымалданады/

Құрбы /екпін соңғы ы дыбысына түседі/

Құрбылар /лер/

Құрбыға /қа/

VI. Сабақты бекіту:

Зат есім заттың, ұғымның, құбылыстың атын білдіретін сөз табы.

Құрамына қарай:дара күрделі,

Тұлғасына қарай:негізгі, туынды

Мағынасына қарай:деректі, дерексіз

Жалпылай немесе жекелей аталуына қарай:жалпы есім, жалқы есім

VI.Үйге тапсырма:

-жаттығу

Өздерің білетін жалқы есімдерді дәптеріңе жазыңдар.

Зат есім туралы оқу.

VIІ.Бағалау.


© 2010-2022