«Күн шуағым – отбасым» атты тәрбие сағаты

Раздел Другое
Класс 5 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Күн шуағым - отбасым.
Сабақтың мақсаты: оқушылардың отбасы туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері:

- отбасының адам үшін маңыздылығын жан - жақты ашу;
- отбасындағы жарастықты, сыйластықты қарым - қатынасының дамуына ықпал ету;
- отбасындағы сыйластыққа, сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Сабақ түрі: дәстүрлі емес сабақ

Көрнекіліктер: слайд, ағаш, күн суреттері, жүрекше.
Шаттық шеңбері. (баяу музыка ойнап тұрады)
«Жүректі» мұғалім оқушыларға осы сабақты бастау үшін жақсы тілектер айтып бір оқушыға береді. Оқушы келесі оқушыға өз тілегін айтып айтып жүректі ұсынады. Осылай барлығы жүректі бір-біріне ұсыну арқылы шаттық шеңберін құру.

Топқа бөлу. Оқушыларды 3 топқа бөлеміз.

1.Сүйіспеншілік

2.Мейірімділік

3.Қамқорлық

Әр топ бөлінгені бойынша түсінік беру.
Қызығушылықты ояту.
1. "Аялау", "қадірлеу", "қадірін білу"- деген сөздерді қалай түсінесің?
2. Ата - анаңа сүйіспеншілік сезімдеріңді қалай білдіресіңдер?
3. «Ана», «әке» деген сөздер қандай сезім тудырады?

Топтық тапсырма Постермен жұмыс

І топқа: «Бақытты жанұя. Ол қандай?» ІІ топқа: «Жанұядағы жанжал.Оны шешу жолдары.» ІІІ топқа: «Отбасы мейрамдары.Оларды өткізу жолдары.»

Тыныштық сәті. Визуалды есте сақтау.Әр оқушы әуенді тыңдап болған соң не сезінді және алдағы армандары мен қиялдарын айтады.

«Жалғасын тап» ойыны: Жалпы тапсырма: 1.Бала жетіге келгенше(жерден таяқ жейді.) 2.Ұлға отыз үйден(қызға қырық үйден тыйым.) 3.Атаңның баласы болма (адамның баласы бол.) 4.Әке көрген- оқ жонар,(шеше көрген-тон пішер.) 5.Баланың ұяты әкеге,(қыздың ұяты шешеге.) 6.Балапан ұяда не көрсе (ұшқанда соны іледі.) 7.Ата-бәйтерек,(бала-жапырақ.) 8.Ана сүтін ақтамағанды(ешкім жақтамайды.) 9.Анаңды Меккеге үш рет арқалап барсаң да(қарызыңды өтей алмайсың.)

10. Әкесiн сыйламаған кiсiнi, (Баласы сыйламайды.)

11. Жалғыз баласы атқа шапса, (Анасы үйiнде тұрып тақымын қысады.)

12.Ана жақсылығын (Ауырсаң бiлерсiң.)
Отбасы деген атауда жалындаған оттың да үлкен маңызы бар екенін сеземіз. Сондықтан оттың басы ошақтың түтіні түзу болсын.
Шаңырақтың үстінде кейде бұлт төнетін сәттер болатынымен келісеміз. Оған сендердің қандай іс - әрекеттерің себеп болып тұрады деп ойлайсыңдар?

Сұрақ-жауап

Отбасы бір шаңырақ.
Шаңырағымыздың үстінде күн одан бетер жарқырай түсу үшін күн шуақтарын тағуымыз керек.
Шуақтардың артындағы сұрақтарға жауап беруіміз керек:
1. Отбасы тәрбиесіне ата - анаңның қайсысы көп көңіл бөледі?
2. Қиын жағдайда қайсысынан бірінші көмек сұрайсың?
3. Өзіңнен қателік кеткен жағдайда өзіңді қалай сезінесің?
4. Ата - анаңның қайсысына ұқсаймын деп ойлайсың?
5. Отбасында қандай аға, іні, қарындас, әпкесің?
6. Ата - анаң сені қалай және қандай сөздер арқылы еркелетеді?
7. Анаң немен айналысқанды жақсы көреді? Әкең ше?
8. Құрбыларың ата - анасын ренжітіп алды делік, сен қандай ақыл берер едің?
Видео -жағдаятты талдау. Өкінішке орай барлық бала толық қамтамасыз етілген отбасында дүниеге келе бермейді. Кейбір жағдайларға байланысты бала жетімдер үйлеріне тапсырылып, сонда өмір сүреді. Олар да ата-ананың жылуын, мейірімін аңсайтындығы белгілі. Міне осыған байланысты «Мен анамды сағындым» атты видеоны көрейік.
1. Бұл видео сендерде қандай сезім тудырды?

2.Жетім балалар туралы не айта аламыз?
Шығатын түйін: Адамға ең қымбат - отбасы. Отбасында сүйіспеншілік, сыйластық, татулық, бауырмалдық болғанда ғана бірлік болады. Бірлік бар жерде берік отбасы болады. Бала ата-анаға қандай ыстық болса, ата-ана да балаға сондай ыстық әрі қымбат екенін естен шығармау керек.
Қорытынды.
Мұғалім: бүгін менің көзім жетті, сендер өте тату отбасынан шыққан балалар екендеріңе. Оған сендердің бүгінгі іс - әрекеттерің куә. Бүгінгі сабақ үшін сіздерге рахмет айтамын. Сабағымызды қорытындылай келе: отбасы ол шағын мемлекет. Осы мемлекеттің өз қуанышы, өз бақыты бар.

Осы сабақты қорытындылау үшін рефлексия жасаймыз.

«Екі жұлдыз, бір тілек.»

Екі жұлдыз-сабақта ұнаған екі нәрселері

Бір тілек- ұстазға тілек тілеу немесе ұсыныс айту.

Бағалау. Топ басшысы бағалайды.

Үйге тапсырма . «Менің жанұямның қызықты сәттері...» Фота жинақтап альбом құрастыру, немесе видео.





Бағалау парағы

Оқушының аты-жөні

І.Топқа бөлу. (өз топтарының мағына-сын ашу)

ІІ. Қызығушы-лықты ояту. (Сұрақтар-дың мағынасын ашу)

ІІІ. Топтық тапсырма

(Сұрақтар-дың шешімін табу, ватманға түсіру, қорғау)

ІҮ.

Тыныш-тық сәті. (Өз ойларын еркін жеткізу)

Ү. «Жалға-сын тап» ойыны

ҮІ. Сұрақ-жауап

ҮІІЖағ

даятты талдау.

1



2



3



4



5



6



7



8



9





Бағалау парағы

Оқушының аты-жөні

І.Топқа бөлу. (өз топтарының мағына-сын ашу)

ІІ. Қызығушы-лықты ояту. (Сұрақтар-дың мағынасын ашу)

ІІІ. Топтық тапсырма

(Сұрақтар-дың шешімін табу, ватманға түсіру, қорғау)

ІҮ.

Тыныш-тық сәті. (Өз ойларын еркін жеткізу)

Ү. «Жалға-сын тап» ойыны

ҮІ. Сұрақ-жауап

ҮІІЖағ

даятты талдау.

1



2



3



4



5



6



7



8



9







© 2010-2022