Разработка урока Бұқар жырау

Раздел Другое
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:


Сабақтың тақырыбы:Бұқар жырау

«Ай Абылай» өлеңі.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Бұқар жырау Қалқаманұлының өмірі жайлы әңгімелеу,

шығармаларына тән ел бірлігі мәселесіне тоқталу.

Хронологиялық кесте арқылы тарихи кезеңдерге

сипаттама беру. Ой қозғауға, өз пікірлерін ортаға

салуға дағдыландыру.

Дамытушылық: Оқушылардың қызығушылығын арттыру, өз ойларын

жүйелі сөзбен жеткізуге бейімдеу. Ауызекі сөйлеу

тілін дамыту, сөздік қорларын молайту.


Тәрбиелілік: Туған жерін сүюге, Отанын қорғауға тәрбиелеу,

бірлікке, татулыққа шақыру. Адамгершілік

қасиеттерді әрқашан жадында ұстауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың типі: Жаңа материалды меңгерту

Сабақтың әдісі: Баяндау, түсіндіру, сұрақ - жауап

Көрнекілігі: Интерактивті тақта, слайд презентациялары, видео - ролик.

Сабақтың барысы:

I. Қызығушылығын ояту. "Тілек айту" атты тренинг ойыны.

а) Сәлемдесу

ә) Түгендеу

б) Үй тапсырмасы. "Ой-қозғау". жауап алу.

1. Асан Қайғы қай ғасырда өмір сүрген? (15 ғасыр)

2. Асан Қайғы қандай адам? (қазақ жырау, философ, кеңесші болған)

3. Асан Қайғы халық үшін не тапқысы келді? (Жерұйық)

4. Асан Қайғы жырау болды, тағы кім болған? (күйші)

5. Асан Қайғының қандай толғаулары бар? (Еділ бол да Жайық бол, т.б.)

(Слайд-шоу)

  1. Сабағымыздың тақырыбы қалай аталады?

  2. Сабақтың мақсаты:

Бұқар жырау өтпес бұрын қазақ тарихына шамалы үнілейік



12) Хронологиялық кесте

Жылдары

Болған оқиғалар

1723 жылы

Жоңғар қалмақтары қазақ жеріне шабуыл жасады

1726 жылы

Бұланты өзенінің бойында болған шайқаста қалмақтар жеңіледі

1729 жылы

Балқаш көлінің оңтү

стігінде қайтадан айқас болады, бұл айқаста қазақтар жеңеді

1741 жылы

Қалмақтар қазақтарға шабуыл жасайды

1749 жылы

Тұтқындарын босатып, әр түрлі дипломатиялық қарым - қатынаста болады

1755 жылы

Жоңғар қалмақтарына шабуыл жасайды

1723 - 1741 жылдары

Қазақтар соңғы рет қалмақтарға қатты соққы беріп, жерлерін қайтарып алады





II. Мағынаны тану.

Қазақ поэзиясының тарихындағы ең соқталы тұлғалардың бірі Бұқар жырау шамамен 1668 жылы туады. Жыраудың әкесі Қалқаман батыр, ел билеуші емес, жеке басының ерлігімен ғана аты шыққан адам. Жыраудың қайда оқығаны, қандай өмір мектебінен өткені туралы нақты деректер жоқ. Біз тек Тәуке хан тұсында, онан кейінгі қазақ хандары Қайып, Болат, Сәмеке, Әбілмәмбет, Күшік, Әбілқайыр, Барақ және Абылайдың ақылды, қабырғалы биі, кеңесшісі болғанын білеміз. Тұңғыш биограф Мәшһүр Жүсіптің айтуына қарағанда Бұқардың сауып ішер малы, мініп-түсер аты да болмайды. Жырау 60-тан асқанша осы жаралы, кембағыл, кедейшілік, жоқшылық халде күн кешеді. Алайда өмірінің соңғы кезеңінде Бұқар жай ғана арқалы жырау, ақылшы аға емес, мемлекет істеріне елеулі ықпал етіп отырған қабырғалы биге, өз заманының ұраншысына айналады. Жырау бір ғасырдан астам өмір сүріп 1781 жылы шамасында қайтыс болады. Сүйегі Баянауылда, Далба тауының етегінде жерленеді.

(балаларға таратып беру)

Разработка урока Бұқар жырау

Бұқар жырау толғауларын үлкен төрт топқа бөлуімізге болады.

1. Өмір жайлы талғаулары.

2. Адам өмірінің кезеңдері жайлы.

3. Ел бірлігі жайлы.

4. Абылай ханға арнаған толғаулары жайлы.

Бұқар ел тағдырын, ел бүтіндігін, бейбіт өмірін, тәуелсіздігін өз жырына арқау еткен.

  1. «Ай, Абылай» өлеңін оқушыларға оқытамын.

  2. «Ай, Абылай» өлеңіндегі негізгі ойды табу

  3. Абылай туралы видиоролик

5. "Топтастыру". (Қорытындылау)

а) Бұқар толғауларының өзектілігі неде? (Жазбаша жұмыс)

Разработка урока Бұқар жырау



ә) Бұқар жырау туралы не білдім?

Разработка урока Бұқар жырау



III. Толғаныс.

а) "Жуан-жіңішке"

Разработка урока Бұқар жырау




ә) Үйге тапсырма.

  1. "Ай, Абылай " өлеңін жаттау.

  2. "Бұқар - ел бірлігі туралы жырлаған жырау" тақырыбында шығарма жазу.

б) Бағалау.


© 2010-2022