Қазақ тілі. Етістіктің райларын қайталау

Мақсаты:  Оқушылардың етістіктің рай категориясы туралы алған білімдерін жүйелеу, жинақтау, талдау жұмыстарын жүргізу. Теориялық білімдерін практикамен ұштастыру.  Күтілетін нәтиже:Етістіктің райларын практикада қолдана алады,  алған білімдерін жинақтап, жүйелеп, сыни тұрғыдан ойланады. Қолданылған әдістері мен тәсілдері:Оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдер (Топтық және жеке жұмыс); Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету; Диологтік оқыту(Әңгіме- дебат); АКТ (интербелсенді тақтамен жұмыс). Сабақ барысында топтық ж...  
Раздел Другое
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

7 сынып


Сабақтың тақырыбы

Етістіктің райларын қайталау

Жалпы мақсаты

Оқушылардың етістіктің рай категориясы туралы алған білімдерін жүйелеу, жинақтау, талдау жұмыстарын жүргізу. Теориялық білімдерін практикамен ұштастыру.

Күтілетін нәтиже

Етістіктің райларын практикада қолдана алады, алған білімдерін жинақтап, жүйелеп, сыни тұрғыдан ойланады.

Сілтеме

Оқулық: 7 сынып. Қазақ тілі. Оқулық авторлары: С.Исаев, Г.Қосымова Атамұра 2012ж

Қолданылған әдістері мен тәсілдері

Оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдер (Топтық және жеке жұмыс);

Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету; Диологтік оқыту(Әңгіме- дебат);

АКТ (интербелсенді тақтамен жұмыс).

Ресурстар

Оқулық, презентация, бағалау парағы, плакаттар, бояулар, сызбалар

Сабақтың реті

  1. Ұйымдастыру: 3 топқа бөлу 3 минут

  2. Сабақ барысы: Блум таксономиясы бойынша, 35 минут

  3. Үйге тапсырма, 2 минут

  4. Кері байланыс 5 минут


Сабақ барысы:

Сабақ кезеңдері

Уақыт

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Модульдер көрінісі

Топқа бөліну


3 минут

Амандасу. Сыныпты түгендеу.

Сурет қиындыларын жинау арқылы топқа бөлу. «Пазлдар»

Топқа бөлінеді.

Оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдер

Білу

3 минут

Пазлдарды құрастырған кезде арт жағында сұрақтар берілген.

«Рай» сөзін қалай түсінесіңдер?

Етістіктің рай категориясы туралы не білесіңдер?

«Рай» сөзіне синоним болатын сөздерді атаңдар.

Райдың түрлері? Олардың жасалу жолдары?

Оқушылар сұрақтарға толық әрі нақты жауап беруі қажет.

Диологтік оқыту.

Әңгіме- дебат

Түсіну



8 минут

Ұқсастық пен даралық

І топ

Ашық рай мен бұйрық рай

1.Ұқсастығы

2.Айырмашылығы

ІІ топ

Қалау рай мен шартты рай

1.Ұқсастығы

2.Айырмашылығы


Топтық жұмыс жасап, салыстыру жұмыстарын жүргізеді. Постер арқылы қорғайды. Топ бірін-бірі бағалайды

Оқытудағы жаңа-әдіс тәсілдері.

Қолдану

6 минут

І деңгей.

Сөйлемдерді түрлендіріп көрейік

1.Сабақта ұйықтауға болмайды.

2.Мұрат өлеңді жатқа айтады.

3.Әрдайым үлкен кісілердің ақыл кеңесін тыңдап жүремін.

4.Жомарт сұраққа ойланбай жауап берді.

І топ.

Сөйлемдегі етістіктерді қалау райға айналдыру.

1.Сабақта ұйықтағым келеді

2.Мұрат өлеңді жатқа айтса игі еді

3.Әрдайым үлкен кісілердің кеңесін тыңдап жүргей

4.Жомарт сұраққа ойланбай жауап бергісі келді.

ІІ топ.

Сөйлемдегі етістіктерді бұйрық райға түрлендіріп айт

1.Сабақта ұйықтама

2. Мұрат өлеңді жатқа айт

3.Әрдайым үлкен кісілердің ақыл кеңесін тыңдап жүр.

4. Жомарт сұраққа ойланбай жауап берсін.

Топпен жұмыс

Басқаша қалай түрлендірер едің?

Түрлендірген кезде қандай өзгерістерді байқадың?



Оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдер.

Диалогтық оқыту (ашық сұрақтар)

Талдау


7 минут

ІІ деңгей

І топ.

Берілген етістіктерді екі бағанға бөліп жаз. Шартты рай мен қалау райды.

Барса.Барғаймын. Оқытса. Барғаймыз. Айтпаса. Оқығым келеді. Көрмесе. Жетсе игі еді. Оқытсаңыздар. Барғылары келеді.

Шартты рай

Қалау рай





ІІ топ.

Көп нүктенің орнына тастап кеткен буынды қойып етістіктің райларын толықтырып жазу.

Келе....н, келе.....н, оқыт....., бар......мыз, жаз.......сың, бар.........келеді.

164-жаттығу. «Бақыт» мәтініндегі етістіктерге талдау жасайды.

Интерактивті тақтада жұмыс жасайды.



Бақыт дегенді қалай түсінесің?

Бақытты болу деген не?

Бақыт туралы мақал-мәтел, нақыл сөздерді еске түсіре аласың ба?

АКТ-ны пайдалану



Диалогтық оқыту (ашық сұрақтар)

Жинақтау

8 минут

ІІІ деңгей.

Етістіктің райларын қатыстырып өзіңе қандай тілек жазар едің?

Тілек жазады. Етістіктің райларын қатыстырады. Топта оқиды. Бағалайды.

Сын тұрғысынан ойлау

Бағалау

3 минут

Топтар бір -бірін бағалату, оқушыларға өздерін бағалату .

Оқушылар өз -өздерін бағалайды.

Оқыту үшін бағалау

Кері байланыс

5 минут

Кері байланыс орнату . «Ыстық орындық»

1 оқушы ортаға шығып отырады. Сұрақтарға толық әрі нақты жауап береді

Оқытудағы жаңа-әдіс тәсілдері.

Үй тапсырмасы

2 минут

Сынаққа дайындық. Мақал-мәтел, өсиет негізінде «Атаның баласы ғана емес, адамның баласы болсам...» ойтолғау.

Дәптерлеріне жазып алады.

Сыни тұрғыдан ойлану



© 2010-2022