• Преподавателю
  • Другое
  • Мұқағали Мақатаевтың «Райымбек, Райымбек» поэмасына өткізілген оқырмандар конференциясы

Мұқағали Мақатаевтың «Райымбек, Райымбек» поэмасына өткізілген оқырмандар конференциясы

Маңғыстау облысы Қарақия ауданы Жетібай селосы №8 орта мектебі мемлекеттік мекемесі   Шаханова Қарлығаш Тойбазаровна   Мұқағали Мақатаевтың «Райымбек, Райымбек» поэмасы Конференция Конференцияның мақсаты: v   М.Мақатаев шығармашылығын тереңдей оқып талдау. Поэма мазмұнын меңгерту, тақырыбымен  идеясын ашқызу. v   Оқушыларды іздендіре отырып, поэзиялық шығармаларды талдай, саралай білуге дағдыландыру, әдеби тілде сөйлеуге дағдыландыру,  ғылымилыққа баулу. v   Елдік, ерлік, патриоттық рухқа тәрби... Поэманың авторы
Раздел Другое
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Маңғыстау облысы Қарақия ауданы Жетібай селосы №8 орта мектебі мемлекеттік мекемесі


Шаханова Қарлығаш Тойбазаровна


Мұқағали Мақатаевтың «Райымбек, Райымбек» поэмасы

Конференция

Конференцияның мақсаты:

  • М.Мақатаев шығармашылығын тереңдей оқып талдау. Поэма мазмұнын меңгерту, тақырыбымен идеясын ашқызу.

  • Оқушыларды іздендіре отырып, поэзиялық шығармаларды талдай, саралай білуге дағдыландыру, әдеби тілде сөйлеуге дағдыландыру, ғылымилыққа баулу.

  • Елдік, ерлік, патриоттық рухқа тәрбиелеу.

Шараның көрнекілігі: Портрет, кітаптар көрмесі, слайд бетшелер, теледидар.

М.Мақатаев өмірі туралы мағлұмат.

Шебер суреткерлігін танытатын пейзаждық өлеңдерінен үзінді жатқа оқу.

«Мен бір нәрсеге -поэзияның тіршілікпен бірге, яғни адаммен, табиғатпен бірге өлетініне -кәміл сенемін. Адамзат жаны қатыгез тартса тарта берсін. Қайтсе де бір парасатты адам болады. Ол-ақын. Ақырғы сөз сонікі»,-деп өзі күнделігіне жазғанындай Мұқағали поэзиясы өмірмен бірге жасасап келеді. Ақын жырларын оқи отырып, әркім одан бүгіні мен өткенін, келешегі мен арманын көреді. Көреді де содан сабақ алады.

Туған жерінің қадыр-қасиетін, тарихын келешек ұрпаққа ұғындырып кету мақсатында жазылған «Райымбек, Райымбек!» поэмасы желісімен өткізілетін конференциямызды ашық деп жариялаймын.


Поэманың авторы

Мұқағали Мақатаев 1931 ж. 9-шы ақпанда Алматы облысы, қазіргі Райымбек (бұрынғы Нарынқол) ауданының Қарасаз ауылында дүниеге келген. Азан шақырып қойылған аты - Мұхаметқали. Әкесі қарапайым шаруашы: колхозда сушы, шалғышы болып істеген. Мұқағали үйдің тұңғышы болған, оның артынан бір қыз және үш ұл туылған. Ақынның қарындасы мен алғашқы інісі ерте көз жұмған. Соңғыларының есімдері - Тоқтарбай мен Көрпеш. Қазақ дәстүрі бойынша үйдің алғашқы баласы ата-әжесінен тәрбие алуы тиіс, сондықтан Мұқағали әжесі Тиынның қолында өсіп, анасын жеңгесіндей қабылдайды. Балалық шағы соғыспен қатар өткендіктен, ақын тағдырдың ащы дәмін ерте татады ("Неңді сенің аңсаймын, бала шағым?"). Ол 1962 жылы Алматыға қоныс аударып, әдеби ортаға етене араласа бастайды. Алматы Шет тілдері институтының неміс тілі, Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультеттерінде оқып және Мәскеудегі М.Горький атындағы әлем әдебиеті институтында білім алады. Мұнан соң «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетінің (1962-1963 жж.), «Мәдениет және тұрмыс» (қазіргі «Парасат») (1963-1965 жж.), «Жұлдыз» (1965-1972 жж.) журналдарының редакциясында, Қазақстан Жазушылар одағында (1972-1973 жж.) қызмет атқарады. Мұқағали Алматыдағы қазақ әдебиеті мен өнерінің қаймақтары шоғырланған ортада өткерген аз ғана жылдар ішінде өзіндік дара үнін, суреткерлік қайталанбас дарынын танытып, өнімді еңбектене білді. «Ильич» (1964), «Армысыңдар достар» (1966), «Қарлығашым келдің бе?», «Мавр» (1970),«Аққулар ұйықтағанда» (1973), «Шуағым менің» (1975) атты жыр жинақтарын көзінің тірісінде жариялап үлгерді.

Осының бәрін Мұқағали жас дарынға тән қайталанбас шеберлікпен, тәңірдің таңдайынан төгілгендей поэтикалық мінсіз үйлесіммен, әр жүрекпен тіл табысар сыршыл да шыншыл сезіммен, нағыз поэзияға ғана тән бейнелі образдармен бедерлеп, өлмес өнер деңгейінде туындатып отырған.

Мұқағали поэзиясына кезек берейік.

Мұқағали поэзиясының қайнар көзі, шабыт тұғыры туған елі, өскен жері, Отан тағдыры, замана тынысы, замандастарының арман аңсары.

Жеткіз жұртқа бүгіні өткендерін,

Қысы, жазы мен көктемдерін.

Жадында тұтсін ұрпақ жасырмай айт,

Ақтабан шұбырынды өткелдерін,

Аруды арам жандар өпкендерін,

Боз інген ботасы өлген бой жаза алмай

«Елім-ай» Аруана шөккен жерін.

өлшесін бүгіні мен өткендерін!-деп басталатын ақынның шығармасы жоңғар шапқыншылығы кезінде еліне қорған болған Райымбек батырға арналады.

Конференцияның жоспары:

  1. «-Өзің бала болсаңда сөзің дана, отты екен,

Ақ күн тусын алдыңнан, басқа айтарым жоқ бөтен».


  1. «Дауасы жоқ жан екен оты жанған,

Ілесіңдер осыған оты барлар!»

Оқушылар поэмадан үзінділер оқиды.

  • Жау шапқан қазақ ауылы

  • Жыраудың балаға кездесуі

  • Жырау мен баланың әулиеге тәу етуі

  • Баланың өз атын ұрандауы, халықтың наразылығы

  • Қатал сын

  • Райымбектің қолбасшылыққа қол жеткізуі.

I бөлім

«Қаратаудың басынан көш келеді».

-Балалар, ақын осы шығармада қазақ халқының басына түскен сұрапыл соғыстың зардаптарын қалай суреттеген?

Қара жауы қанатын кескен еді,

Шұлғау болып қыздардың кестелері,

Талай қара шаңырақ өшкен еді.

Қара жұртта бықсыған шала қалған,

Аналардан ес кеткен, балалардан.

Талда таппай қармауға жағалаудан,

Ақыл қашқан адыра бабалардан.

1-оқушы: Тыныш жатқан қазақ еліне жоңғарлар шабады. Сол уақытта елінің,жерінің қиын жағдайға түскенін Қабай жырау зарлана айтады. Бастарына қара бұлт төніп, батырларынан айырылған қазақ елінің ауыр жағдайы суреттеледі. Қайтыс болған адамдардың бетін жауып, дұға оқып жүрген Қабай жырау өліктер арасынан кішкентай баланы тауып алады......

IIбөлім

Жыраудың балаға кездесуі.

Поэманы оқушылар кезекпен жалғап оқиды.

-Сен ғанасың, құлыным, сен ғанасың,

Мен де көпке бармасыпын, сен қаларсың.

Ойран болған ордаңның орнына кеп,

Отау тігіп, оттарын сен жағасың!

2-оқушы: Даланың құзғындарына жем болған шағын жұртынан тігерге тұяқ қалмағанына өзегі өртеніп, үмітсіз сайтан десек, бұл баба кеудесіндегі жаны болмаса сайтаннан да аласарып, кетіп бара жатқандағы кеудесінде үміт отын жаққан осы бір дауыстың қаншалықты сағынышты, қымбатғ ыстық болғанын байқаймыз. Сол баламен бірге өлгенінің бәрі тірілгендей қуанған Қабай-жырау балаға үлкен сенім, үміт артады да жүріп кетеді.

Кітапханашы:

-Соғыс кезіндегі жетімдіктің себебі неде?

-Бейбіт өмірдегі жетімдіктің себебі қандай?

Жырау мен баланың әулиеге тәу етуі:

«Жайлауымды жау алып,

Өрісімді өрт алып,

Өзегеімді дерт алып,

Келдім саған, әулие!»

Оқушылар поэманы жалғастырып оқиды.

Бабаларымыз қуанса, қиналса да ата-бабаға сиынуды еш ұмытпаған. Қаңғыған қос жетімек әулиеден бағыт-бағдар сұрайды.

  • Баланың өз атын ұрандауы, халықтың наразылығы

Батырдың жан күйзелісін ақын қандай шеберлікпен жеткізген?

Бала Райымбек ат жарысынан "Райымбек! Райымбек!" деп өз атын өзі ұрандап келеді. Баланың бұл қылығына ауыл ақсақалдары ашуланады. Райымбек өзіне Қабай жырауды қалқан тұтып, өз ойында түйіп жүрген сөздерін халыққа айтады. Оның осы айтқандарынан кейін әкесі Түке қайтыс болады. Райымбектің жасы 18-ге толады. "Қазақтарды жау шауып жатыр", деген хабарды естіген Райымбек жауға аттанбақ болады.......

III бөлім

Өзінің жауға аттанбақ тілегін биге айтады. Би оған қиын да қатыгез талап қояды. Би батырға Іледен өтсе, тілегі орындалатынын айтады. Бидің шартын орындап, Ілені кесіп өтеді. Халықтың ықыласына бөленіп, артына қол жинап, жауға шабады...

Оқырмандардың пікірі тыңдалады.

Кітапханашы:

-Бүгін міне осы секілді қаншама батырлардың ерлігінің арқасында бейбіт өмір сүіріп жатырмыз. Бірақ «қырық жыл аштық, қырық жыл тоқтық жоқ» деген халық даналығы. Ел басына күн туса үміт арататын жастарымыз сіздерсіздер. Өз замандастарыңыздан осындай ірілік, кісілік шыға ма?

-Поэмада қандай мәселе көтерілген?

-Ақынның осы поэма арқылы айтпақ ойы не?

- Сөз құдіреті туралы пікірлерің қандай?

-Қай кейіпкердің тағдыры сені қатты толғандырады?

-«Болар бала он бесінде баспын дер» деген сөздіқалай түсінеіздер?

-Ақын осы шығармада нені дәріптейді, нені сынайды?

Поэманы оқи отырып қандай ой түйдің?

-Поэма соңында Райымбек неге қол жеткізеді?

-Ақын Райымбекті қандай адам үлгісінде суреттейді?

Жас болса да ақылды, өжет, батыл, ел бірлігіні ойлаушы, үлкен ақыл иесі.

3-оқырман: Поэма да ол бар батыр тұлғасымен көрінеді. Қазақ батырларының ішінде сан жорықта оттай ойнап, жалын шашып жауын жеңген батыр, «Алаш» деп еңіреген ер. Ол -өз мүддесін ел мүддесінен жоғары қоятын елжанды азамат. Оның бұл қасиетін би де, халық та мойындаған. Басына сын сәт түскенде ол ел намысы үшін жанын қиып, ажалға қарсы тұрады. Өзеннің тереңдігін, ағысының қаттылығын біле тұра, көзсіз ерлікке барады. Бұл оның өзіне бұйырған сынағы еді. Райымбек асқақ батыр ретінде көп оқырман көңілінен орын алады.

4-оқырман: Бұл поэма -өршіл рухта жазылған психологиялық поэма. Райымбектің батырлығы, оның адамгершілігі, ашуы, ыза-күйігі, өкініші, қалмақтан кек алу үшін қол жинаудағы жасаған іс әрекеттері шығармада жарқырай ашылған.

5-оқырман: «Райымбек! Райымбек!» поэмасында ақын тек Райымбек батырдың бейнесін ғана жасап қоймай, сол кездегі қазақтың басына төнген ауыр күндерді және оның себептерін өз бетінше баяндайды, қазақтың өзгелердің боданы болуының қасіретін сипаттайды.

Поэманың идеясы

Поэманың негізгі идеясы - XVIII ғасырдың басында жоңғарларға қарсы шапқан Райымбек батырдың ерлігін кейінгі жас ұрпаққа дәріптеу. Жастарға патриоттық сезім сыйлайтын туындыларды оқыту. Елін, жерін сүюге уйрету.

Поэманың басты кейіпкері

6-оқырман: Поэманың басты кейіпкері - Райымбек батыр. Райымбек Түкеұлы[1] (1705, қазіргі Алматы облысы - 1785, Алматы) - батыр, қолбасшы. Ұлы жүз Албан ішіндегі Алжан руының Сырымбет тармағынан. Атасы Хангелді батыр 18 ғ-дың 1-жартысында жоңғарларға қарсы күресте аты шығып, 1733 ж. Төле, Қодар билер, Сатай, Бөлек батырлармен бірге Ұлы жүз қазақтары атынан орыс патшайымы Анна Ионновнаға елші жіберген. Райымбек 17 жасында жоңғар басқыншыларына қарсы күресте ерлік көрсетіп, батыр атанды. Қалмақтың Бадам, Қорын, Ағанас, Секер, т.б. хан, ноян, батырларын жекпе-жекте жеңіп, Қаратау өңірі мен Жетісуды жаудан азат етуге басшылық жасағандардың бірі болған. Торайғыр және Сөгеті таулары аралығындағы "Ойрантөбе" деген жерде өткен шайқаста ерекше көзге түсті, 17 баһадүрмен соғысып,бәрінің басып алып тастаған.Осыдан кейін жоңғарлардың беті қайтқан. Бұдан кейін жоңғарлар бізге шабуыл жасамаған.

7-оқырман: 1733 ж. Бөлек батырмен бірге жоңғарға елші болып барған. Райымбектің ерекше еңбегін оның есімі Албан тайпасының ұранына айналғанынан да білуге болады. Көзі тірісінде "көріпкел", "әулие" атанған. Ол Алматы алқабында Шілік, Жалаңаш өңірінде тоған қаздырып, су шығартып, егін ектірген. Аумалы төкпелі жаугершілік заманда елін, жерін жоңғарлардан қызғыштай қорғаған қолбасшы,шайқасқа жастайынан қатысқан. Тасып жатқан Іледен әскерін аман өткізу, сусыз жерден су шығарып,болашақты болжаған көріпкелдік қасиеті ел жадында шежіре-дастан болып сақталады.

8-оқырман: Алматы облысында жұмыс сапарымен жүрген Елбасы Баба тойы ұйымдастырылған Шалкөде жайлауына ат басын бұрады. Елбасының әкесінің өзі Әбіш перзентке зар боп жүргенде Райымбек батырдың басына келіп, жаратканға мінәжат етіп,ұлды болған. Сондықтан, Елбасының бұл құрметі ата мен баба әруағы алдында ұлы парыз деп есептесе де болады. Бұқара алдында сөз алған Елбасы Елордада үлкен көшенің біріне және Алматыда әскери полкке баба есімін берілгенін жеткізді.

9-оқырман: -Өмірді сүюдің ғажайып үлгісін көрсеткен ақын Мұқағали «Жан азасы» поэмасында өмір туралы гимн туғызды. «Аққулар ұйықтағанда» поэмасында ел наным-сенімін қастерлеу, сұлулық үндестігін жыр етсе, «Райымбек, Райымбек» дастанында ел тарихын, ел басына қатер төнгенде қолына ту алып, жауына қарсы аттанған Райымбек Хангелдіұлының ерлігін суреттейді.

Олай болса Мұқағалиға және оның осы «Райымбек, Райымбек!» поэмасына айтылған замандастарының сөзіне кезек берейік.

10-оқырман: Әрбір аңыз төркінінде ақиқат жатады. Ақиқат құдіретті болса, халық санасында қалып­тас­қан аңыздың сәулесі мен нұры да соғұрлым алысқа та­райды.
Ақиқат өмір шындығы болғанда, аңыз - сол өмір шын­дығын ғасырлар қойнауынан суырып, алдағы уа­қыт, замана айдынына алып ұшар Тәңір нұрындай қа­нат­ты, әрі жүйрік, әрі тылсым сырлы ғажайып күштің кө­рінісі.

Қорытынды бөлім.

«Хат жазу» стратегиясы бойынша оқырмандар авторға, поэма кейіпкерлеріне өз пікірлерін білдіріп хат жолдайды.

«Болар бала он бесінде баспын дер» деген тақырыпта Райымбектің іс-әрекетіне талдау жасай отырып эссе жазу.

Кітапханашы: Көшпелі өркениеттің ақырғы алтын бесігі болған қа­зақтың Ұлы Даласы басынан нендей уақыт зобалаңын өткізбеді?! Қаншама тарихи қырғын оқиғалардың куәсі болмады?! Алапат соғыстар сойқанын көрмеді?! Ел ба­сы­на күн туғанда елін, жерін қорғап, тағдырын шүбе­рекке түйіп, тас шайнап, құм бүркіп, өмірдің қызыл жа­лынына күйіп, жан алысып, жан беріскен, қылша мойны талша боп, күндіз күлкі, түнде ұйқыдан қалған, «еңку-еңку жер шалған, тебінгісін терге шіріткен, терлі­гін майға еріткен» алаш ұранды ерлер мен кескілесіп келгенде қас дұшпанын «арыстандай ақыртып, лауазымын көкке шақыртып» тізе бүктірген хас батырлар аз өтті ме қазақта?

Биыл міне «Қазақ хандығының 550 жылдығы» мен «Жеңіс күніне -70 жыл» толуына орай таным тойы өтіп жатыр.

М.Мақатаев поэзиясы жұмыр жердің барлық мәселесіне араласқан, кең ауқымды, тақырыпты қамтиды. Оның туған жер, адам тағдыры, өлім мен өмір, ана мен бала, соғыс тауқыметі т.б. тақырыптағы лирикасы қайталанбас ұлттық сипатта, ұлттық зермен кестеленген. Халық қайнары болатын осындай ағамыздың шығармаларын оқып, қанығып өссеңіздер сіздерде елжанды азамат болатындарыңызға сенемін.


© 2010-2022