Жұмбақтар қазақ әдебиеті ашық сабақ 6 сынып

6 сынып қазақ әдебиеті Сабақ тақырыбы: Жұмбақтар Сабақ мақсаттары: -         жұмбақ туралы әңгімелеу арқылы қазақша ойлау, сөйлеу, сауатты жазу  дағдыларын дамыту және нығайту; -         сөз қорын байыту және онымен тиімді пайдалануға  үйрету; -         өткен тақырыптарды қайталау арқылы қазақша сауатты жазу дағдыларын нығайту; -         қазақ тілі мен әдебиетке қызығушылықтарын арттыру; -         халық ауыз әдебиетін  білуге, жақсы көруге тәрбиелеу; -         логикалық ойлау қабілеттерін дамы...
Раздел Другое
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

6 сынып қазақ әдебиеті

Сабақ тақырыбы: Жұмбақтар

Сабақ мақсаттары:

  • жұмбақ туралы әңгімелеу арқылы қазақша ойлау, сөйлеу, сауатты жазу дағдыларын дамыту және нығайту;

  • сөз қорын байыту және онымен тиімді пайдалануға үйрету;

  • өткен тақырыптарды қайталау арқылы қазақша сауатты жазу дағдыларын нығайту;

  • қазақ тілі мен әдебиетке қызығушылықтарын арттыру;

  • халық ауыз әдебиетін білуге, жақсы көруге тәрбиелеу;

  • логикалық ойлау қабілеттерін дамыту;

Сабақ түрі: жаңа сабақ

Қолданылған технологиялар: сын тұрғыдан ойлау, дамыта оқыту

Әдіс-тәсілдер: сұрақ- жауап әдісі, мәтінмен жүмыс жасау әдісі, мадақтау-жазалау әдісі, тіл дамыту әдісі, қайталау әдісі, репродуктивтік әдістері;

Сабақ мазмұны:

  1. ұйымдастыру кезеңі;

  2. сабақ тақырыбы мен мақсаттарын хабарлау;

  3. өткен тақырыптарға шолу жасау, қайталау;

  • әдебиет қай тілден енген?

  • әдебиет нені білдіреді?

  • әдебиет қандай мұра?

  • әдебиет не болып саналады?

  • Қөркем сөзді қазақ халқы қалай бағалады?

  • Халық ауыз әдебиеті қалай қалыптасты?

  • Ауыз әдебиетінің түрлері қалай тараған?

  • Ертегілер деген не?

  • Ертегілердің түрлері қандай?

  • Ертегілер қалай басталады?

  • Ертегілер қалай аяқталады?

  • Ертегілердің тілі қандай?

  • Мақал - мәтелдер - ненің түрі?

  • Олар қалай тараған?

  • Мақалдың көлемі қандай?

  • Мақалдың мағынасы қандай?

  • Қазақ халқы мақал - мәтел туралы не деген?

  • Мақал - мәтелдер сөздерді не істейді?

  • Мақал - мәтелдердің тақараптарын ата?

  1. жаңа тақырып «жұмбақтар» туралы әңгіме құру; кітаппен жұмыс жасау: оқу, аудару, сұрақтарға жауап беру.

- Жұмбақ деген не?

- Онда кім және не жайлы айтылады?

- жұмбақта адам өмірі мен тіршілігі, табиғат құбылыстары қалай айтылады?

- жұмбақтар нені дамытады?

- жұмбақтар неге үйретеді?

- жұмбақты дұрыс шешу үшін нені білу керек?

-жұмбақ нені талап етеді?

- жұмбақ адамды неге үйретеді?

  1. Жұмбақ шешу (оқулықтан, хрестоматиядан, қосымша)

Жұмбақтарды шеш:

Арқасында ауыл жүр,

Ала тайым шауып жүр.

Сымға асылып,

Жүр асығып.

Жолы - темір, жаны - темір.

Темір атты зымыраттым.

Үш көзі бар қаз - қатар,

Кезек - кезек ашады.

Үшеуінен байқасаң

Үш түсті нұр шашады.

Ақ шатырлы бір қала,

Суда жүзіп жүр дара.

Төбесінде ебелек,

Ұшады өзі керемет.


  1. үй жұмысы: жұмбақтар туралы мазмұнын айту, өзіндік жұмбақ құру;

  2. қортынды, бағалау, рефлексия;


© 2010-2022