Мақала ЫБЫРАЙДЫҢ ҰЛТТЫҚ ТӘЛІМ-ТӘРБИЕДЕГІ АҒАРТУШЫЛЫҚ РӨЛІ

Раздел Другое
Класс -
Тип Статьи
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Карбузова М. Т.

қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі

Қарасу ауданы «Ключевой орта мектебі» ММ

Новопавлов а.

ЫБЫРАЙДЫҢ ҰЛТТЫҚ ТӘЛІМ-ТӘРБИЕДЕГІ АҒАРТУШЫЛЫҚ РӨЛІ

Тәлім-тәрбие бастауы, қайнар көзі - Ыбырай мұралары.

Ыбырай -балалар әдебиетінің атасы.

Аннотация

Қазіргі таңда өскелең ұрпаққа білім сапасын игертумен қатар тәрбиеге деп көп көңіл бөлу қажет. Баланың бойында ұлттық құндылықтарды қалыптастыру. Ыбырай идеясын ағарту саласындағы ұлттық тәлім-тәрбие мен білім мазмұнын сақтай отырып, күнделікті оқыту ісіне енгізу керек. Ал бүгінгі таңда Ы.Алтынсариннің бұл еңбегін мектеп тарихындағы білім беру ісіндегі бет ашары, ағарту саласына жаңаша сипат берген игілікті жұмыстарының төл оқу құралдарын дайындаудағы теориялық ізденістерінің бастамасы деуге болады.

Қазақ даласындағы алғашқы ағартушы педагог - Ыбырай Алтынсариннің 175 жылдық мерейтойы ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығымен тұспа-тұс келіп отыр. Бұл - біз үшін үлкен мереке. Ыбырай Алтынсариннің шығармалары әр баланың жүрегінен кеңінен жол тапты. Ал оның еңбегі қазақ халқының білім көкжиегінің кеңеюіне, рухани-мәдени жағынан гүлденуіне, экономикалық дамуына игі ықпал етті.

Ыбрай Алтынсариннің прогрессивті педагогикалық идеялары ХІХ ғасырдың екінші жартысында демократиялық орыстың қоғамдық ой-пікірлерінің ықпалымен қалыптасты. Ыбырай өз замандас отандастарының ағартушылық ой-пікірлерін қуаттап, қазақ жерінде оқу-білімнің шамшырағын жақты, педагогтік-демократиялық көзқарастың негізін салды.

Педагог қазақ халқының өзіне тән ұлттық-тәрбие үрдістерін ағарту ісімен ұштастыра отырып, бүгінгі педагогика саласындағы бірнеше бағыттардың негізін салды. Халықтың ұлттық тәлім-тәрбиесі негізінде ол Қазақстандағы ұлттық мектептердегі оқыту ісінің әдістемесінің іргетасын қалады. Ол Қазақстандағы мектептердегі оқыту, білім беру ісін бір жүйеге келтіруді талап етіп, соны белгілі жолға қойды. Оның жаңашыл әдістерінің бірі - оқытудағы оқу үрдісін ана тіліне негіздей отырып, орыс тілін меңгеру болса, оқу үрдісіндегі жаңашыл идеясының бірі - оқулықтар мен оқу құралдарын орыс графикасына сүйене отырып, жаңа алфавит негізінде жасау болды.

Ыбырай Алтынсарин - бар саналы ғұмырын туған халқын өнер-білімді, жаңа заманның өркениетті, мәдениетті елдерінің қатарына қосу жолына арнаған көрнекті тұлға. Ол өзінің ағартушылық, педагогтік, ақын-жазушылық тарихи қызметі мен зор талантын, жан-жақты терең білімі мен қайрат-жігерін елдің "желкілдеп өскен көк шөптей" жас ұрпағын оқытып, тәрбиелеуге, қазақ жерінде жаңа үлгідегі мектептер ашып, оқушыларды өз кезінің озық ғылымымен қаруландыруға, кәсіп түрлеріне үйретуге арнаған.
Ыбырай бұл жолда сан алуан кедергілер мен қиындықтарды жеңе отырып, үлкен жетістіктерге қол жеткізді, сөйтіп, туған халқының мақтан тұтатын ардақтысына айналды.

Ы. Алтынсарин өз шығармаларында адамның бойындағы ұлы қасиет - адамгершілік - рухани тәрбиенің маңыздылығын ең басты құндылық деп санады. Ыбырай әңгімелерінің құрылымы, мән-мағынасы, тәрбиелік мәні бала санасына ерекше әсер етіп, баланың қызығушылығын оятып, баланың бойына тереңінен тәрбие нәрін құйып, қоғамда адамгершілігі жоғары адамдар қалыптастырады.

Қазақ халқының ежелден келе жатқан рухани қазынасының бірі. Ибалы ұл, инабатты қыз - өмір көркі, Әдептілік белгісі иіліп сәлем бергені деп келер ұрпаққа тәрбие беріп, адал ниет, ақ тілек білдіріп отырған.

Рухани - адамгершілік тәрбиесі өзіндік сананы дамытуға жағдай жасауды, жеке тұлғаның әдеп ұстанымын, оның қоғам өмірінің нормалары мен дәстүрлерімен келістірілетін моральдік қасиеттерін және бағдарларын қалыптастыруды болжайды. Рухани - адамгершілік құндылықтармен білім жүйесін дамытып қалыптастыру жаңа қоғамның дамуындағы мәні зор, маңызды бағыт. Оқушыларды рухани - адамгершілікке тәрбиелеу, болашағына жол сілтеу - бүгінгі қажетті, кезек күттірмес мәселе. Рухани - адамгершілікке тәрбиелеу білім берумен ғана шектелмейді. Баланың сезіміне әсер ету арқылы ішкі жан дүниесін ояту нәтижесінде оның рухани - адамгершілік қасиеттері қалыптасады.

Жаңа кезеңдегі білім берудің өзекті мәселесі жас ұрпаққа - адамгершілік - рухани тәрбие беру. Құнды қасиеттерге ие болу, рухани бай адамды қалыптастыру оның туған кезінен басталуы керек. Халықта «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың» деп бекер айтылмаған. Сондықтан баланың бойына жастайынан ізгілік, мейірімділік, қайырымдылық, яғни адамгершілік құнды қасиеттерді сіңіріп, өз - өзіне сенімділікті тәрбиелеуде отбасы мен педагогтар шешуші роль атқарады. Рухани - адамгершілік тәрбие - екі жақты процесс. Бір жағынан ол үлкендердің, ата - аналардың, педагогтардың балаларға белсенді ықпалын, екінші жағынан - тәрбиеленушілердің белсенділігін қамтитын қылықтарынан, сезімдері мен қарым - қатынастарынан көрінеді.
Адамгершілік тақырыбы - мәңгілік. Жас ұрпақтың бойына адамгершілік қасиеттерді сіңіру - ата - ана мен ұстаздардың басты міндеті. Адамгершілік әр адамға тән асыл қасиеттер. Адамгершіліктің қайнар бұлағы - халқында, отбасында, олардың өнерлерінде, әдет - ғұрпында. Әр адам адамгершілікті күнделікті тұрмыс - тіршілігінен, өзін қоршаған табиғаттан бойына сіңіреді.
Көрнекті педагог В. Сухомлинский «Егер балаға қуаныш пен бақыт бере білсек, ол бала солай бола алады», - дейді. Демек, шәкіртке жан - жақты терең білім беріп, оның жүрегіне адамгершіліктің асыл қасиеттерін үздіксіз ұялата білсек, ертеңгі азамат жеке тұлғаның өзіндік көзқарасының қалыптасуына, айналасымен санасуына ықпал етері сөзсіз.

Рухани адамгершілік тәрбиенің қайнар көзі саналатын «Әдебиет» пәні баланы жастайынан отаншылдыққа, әдептілікке, достыққа, тазалыққа, ұқыптылыққа, мейірімділікке, табиғатты сүюге, отбасын сыйлауға, ұйымшылдыққа үйретуге, ұрпақ бойына жалпы адамзаттық құндылықтарды, адамгершілік принциптер мен мұраттарды ғұмыр бойы басшылыққа алатын тұлға қалыптастыруға негізделген.
Қай қоғамда, қай мемлекетте болсын, қарым - қатынас адами құндылықтар, оның ішінде адамгершілік құндылықтар қалыптастыру кез - келген мектептің міндеті болса, баланың өзін тануына, басқаны тануына, баланың болашақ дамуына «Әдебиет» пәні зор ықпал етеді. «Әдебиет» ол - өнер, ата-бабадан қалған асыл сөз, ұлттық болмыс, өзін сыйлауға, өзін - өзі жетілдіруге, рухани өмірде және қоршаған өмір жағдайларында өзінің бағыт - бағдарының болуына, өз бетінше шешім қабылдай алуына және өз сөзі мен әрекеттері үшін жауапкершілікті сезіне білуге тәрбиелейді.
Рухани - адамгершілік білім беру - жас ұрпақтың бойына өмірдің мәні, сүйіспеншілік, бақыт, сыйластық, татулық, бірлік, төзімділік сынды құндылықтарды дарыту арқылы адамның қоғамда өз орнын табуына, қабілет - дарынының ашыла түсуіне, ақыл - парасатын дамытуына яғни сәнді де мәнді өмір сүруіне қызмет етеді.
«Әдебиет» арқылы жан - жақты дамыған, рухани адамгершілігі мол, ұлттық құндылықтарымызды құрметтейтін, бір - біріне сүйіспеншілікпен, құрметпен қарайтын, өмір сүруге деген құштарлығы жоғары жеке тұлға тәрбиеленеді.

Ы.Алтынсарин өзінің барлық оқулықтарында, әдістемелік еңбектерінде жас ұрпақты тәрбиелеудегі оқыту мен тәрбиелеу мәселелерін көтеріп, өзектілігін шешуге ұмтылады және қазақ халқына білім берудің рөлін және оның маңызын, оның әлеуметтік ортаны қайта жаңғыртудағы рөлін көрсетеді.

Ағартушының өнегелі өмірі мен өрісі биік таланты бір кезде қандай - жарқын да жанды қасиеттерімен көрініп, қазақ мәдениетінің тарихында айқын іздерін қалдырса, қазір де сол асыл да абзал ерекшеліктерін өз бойында сақтауда.

Оның қай шығармасы болса да, баланың тіл мәдениетін көркейтуге, дамытуға әсері мол.

Сонымен, Ы.Алтынсарин ХІХ ғасырдың екінші жартысында Қазақстанның білім беру жүйесінің дамуы мен қалыптасуына үлкен үлесін қосқан. Жаңаша мектептер ашып, жаңаша білім беру жүйесін құруға еңбек сіңірген ұстаз. Қазақтың оқу-ағарту саласының апостолы Ы.Алтынсарин мұраларын жеткізе зерттеп, оны ұстаздардың ұстазы деп қастерлеу, қадір тұту біздің міндетіміз.


Пайдаланылған әдебиеттер:


1. Әуезов М. Жиырма томдық шығармалар жинағы. Алматы, 1985 ж.
2. Әуезов М. Уақыт және әдебиет. Алматы, 1962 ж.
3. Ыбырай Алтынсарин тағлымы. Құраст.: Жармұхамедов М. Алматы, 1991 ж.

4. Алтынсарин Ы. Өнер - білім бар жұрттар. Алматы, 1989 ж.

4


© 2010-2022