• Преподавателю
  • Другое
  • Статья Танымдық мотивацияны сақтап, қызығушылықты арттыру жолдарын сабақ барысында игеру

Статья Танымдық мотивацияны сақтап, қызығушылықты арттыру жолдарын сабақ барысында игеру

Раздел Другое
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Танымдық мотивацияны сақтап, қызығушылықты арттыру

жолдарын сабақ барысында игеру.

Орыс сыныптарында қазақ тілінде дәріс беру оңай емес.

Біріншіден, қазақ тілі - оқушылардың өз тілі емес.

Екіншіден, қазіргі күнделікті тұрмыста қазақ тілінің қолданысы көп емес.

Үшіншіден,орыс сыныптарда қазақ тілін оқытуға арналған оқу құралдары жеткіліксіз.

Сондықтан қазақ тілі сабағы қызықты, тартымды өтілуі үшін мұғалімнің әдістеме шеберлігі қажет. Тілге үйрететін, тілді дамытатын әдістердің тиімділігі арттыру керек. Сол тиімділікті арттыру шарттарының бірі сабақта әртүрлі әдістері мен құралдарды пайдалану, қызықтыра оқыту. Оқушылардың бастауыш сынып жасында қызығудың дамуы оқу - іс-әрекетінде жүзеге асырылады. Бала оқуға, сабақты үлгеруге, жалпы білімге қызығып тұрса, оқудағы іс-әрекеті сәтті болады, білімді де сапалы меңгереді. Сондықтан қызығудың - балалардың жақсы оқуына, оқығанын жақсылап ұғып алуына, олардың бойында адамгершілік қасиеттерді қалыптастыруда - ықпалы зор. Баланың қоршаған өмірге қызығуы болса, ол өзін қызықтыратын құбылысты бақылауын күшейтеді, осыған байланысты өзінше шешім шығаруға тырысады. Қызығудың тағы бір ерекшелігі оның әсерінен іс-әрекет сипаты тез өзгереді. Алда тұрған негізгі міндеті бала үшін қызықсыз - қызықтығы айналдыру.

Қызығу - танымдық іс әрекеттің қозғаушы күші. Оқушының қызығу жәрдемімен оқып - үйрену барысында қабілеті ашылып, дарыны ұшталады, өз күшіне, мүмкіндігіне сенімі артады, дара тұлғалық сипаттарға ие бола бастайды.

Танымдық қызығу - оқыту нәтижесінде қалыптасады. Бұған жататындар сабақты дәстүрлі емес түрлерін өткізу, танымдық ойындар ұйымдастыру, проблемалық және интерактивті ұстанымдарды жүзеге асыру. Қызығуды туғызу үшін ойын түрлерін пайдаланудың орны бөлек!

Тиімді қолданған ойын түрлері мұғалімнің түсіндіріп отырған материалын оқушылардың зор ынтамен тыңдап, берік меңгеруіне көмектеседі. Өйткені төменгі сыныптағы оқушының аңсары сабақтан гөрі ойынға ойын қырап тұрады. Қызықты ойын түрінен кейін олар тез сергіп тапсырманы ықыластанаәр сапалы орындайтын болады.

Ойын түрлерінің материалдары сабақтың тақырыбы мен мазмұнына неғұрлым сәйкес алынса, оның танымдық маңызы да ортақ түседі. Оны тиімді пайдалану сабақтың әсерлігін тартымдылығын күшейтеді, оқушылардың ынтасымен қызығушылығы арттырады.

Ор-өр, арман-орман, сұр-сүр...Статья Танымдық мотивацияны сақтап, қызығушылықты арттыру жолдарын сабақ барысында игеру.

2. «Орнына қойып жаз» ойыны арқылы оқушылар сөздің айтылуы мен жазылуы туралы білімдерін тереңдете түседі. 3 топқа Плакатқа - тақырыптық сөздер дайындалады. Әр қатар дұрыс жазып шығару. Кім тез, дұрыс орындаса. Сол топқа жеңіліпаз атағы беріледі.Статья Танымдық мотивацияны сақтап, қызығушылықты арттыру жолдарын сабақ барысында игеру.

Құл ұ/ы н, жұлдұ/ы з ....

Педагогикалық ойындардың әдістері өте көп.

Мысалы: пәндік, сюжеттік, рөлдік, имитациялық. Орыс мектептерінде оренетика, графика, айту, дұрыс жазу тарауларында пайдалануға болатын ойын түрлеріне тоқталып өтейін.



Орфографиялық ойындар

«Шашылған әріптер»

Мақсаты: сөздегі дыбыс сәйкестігін таба білуге дағдыландыру.

Мұғалім бір бет қағазға сөз жазып, оны қияды. Менде сөз болған еді, енді ол әріп болып шашылып қалды. Менде сөз болған еді, енді ол әріп болып шашылып қалды. Шашылған әріптерден кім сөзді тез табады? Сөзді 1-ші жазғанг бала жеңіске жетеді. Статья Танымдық мотивацияны сақтап, қызығушылықты арттыру жолдарын сабақ барысында игеру.

«Сиқырлы алма»

Мақсаты: Оқушының сауатты жазуға дағдыландыру. Сөздік қорын молайту.

Сөздерге керекті әріпті кім тапса, сол алманы үзіп алады.

К...НДЕЛІК, Д...ПТЕР, КІТ..П.

Содан кейін осы сөздермен сөз тіркестіріп, және сөйлем құрастырады.

Лексикалық ойындар

«Синонимдер мен антонимдер»

Жүргізуші синонимы және анонимы бар сын есімді атайды. 2 топқа бөлінген оқушылар осы сөзге бірі синонимды айтады.

Күшті 1) мықты 2) әлсіз

Кәрі 1) қарт 2) жас

«Пирамида тұрғызамыз»

Мақсаты: балаларға сөздерде неше буындар бар екенін анықтауға арналған жаттығулар.

Мына суреттерден пирамида құрамыз. Пирамиданың төменгі жағына 3 буыннан тұратын суреттер қоюымыз керек, ал 2-ші қатарға 1 буыннан тұратын суреттер.

Мысалы: ТАҢҚУРАЙ, БАЛАПАН, ҚАРАҚАТ...

Имитативтік ойындар

Бұл ойында мұғалімнің сөйлеуіне еліктеу арқылы дыбыс, буын, сөздерді айту. Дұрыс сөйлету мақсатында ойнатылатын бұл ойынның негізгі тәсілі жаңылтпаш, мақал-мәтел, өлеңнен үзінді оқыту, жаттау.

«Кім дұрыс оқиды» Статья Танымдық мотивацияны сақтап, қызығушылықты арттыру жолдарын сабақ барысында игеру.

Ойын барысы: тақтаға өлеңнен үзінді (санамақ, жаңылтпаш). Мұғалім өзі оқып, сөздің мағынасына түсінік береді, айтылуы қиын дыбыстарға көңіл бөледі. Бірнеше рет оқытады. 2-3м. Жаттауға беріледі. Тақтада тапсырманы жазып, оқушылар жатқа айтады әр топтан 2-3 жаттаушы. Қатесіз оқыған үшін ұпай берілсе, ал әр жіберген қатесі үшін 1 ұпай алынып тасталады. Ең көп ұпай жинаған топ жеңіске жетеді.

«Жемістер мен көкөністер»

Мақсаты:

а) Оқушылардың сөздік қорын байыту, жаңа сөздерді пысықтау

ә) сөздерді топтастыра бәлуге үйрену

б) ой-өрісін кеңейту

Құралдар: суреттер, 2 себет.

Ойынның шарты: жемістер мен көкөністер

Ойынның барысы: 2 оқушы ортаға шақырылады. Бір оқушы себетке жемістерді, ал екінші оқушы көкөністерді жинайды.

Тексеріледі: дұрыс орындалған оқушы жеңіске жетеді.

Қазақстанның болашағы - қазақ тілінде, - деген Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев. Мемлекеттік тілді білу әрбір қазақстандық азаматтың парызы балаларға мемлекеттік тілді үйрету мұғалімдердің парызы.

Да, изучение второгоязыкалюбогонорода - сложный, трудоемкий процесс. Учителя методическогообъеденения «Қазақ тілі»работают применяя различные методы, учитывая способности, умения учащихся, индивидуальный способ через письменную речь, общения в паре, групповое общения, (коллективный способ обучения). Методы обучения, применяя новые стратегии пед. технологии: кубизм, инсерт, жэиско, мозговой штурм, Sinkwen, Вен диаграмма.







Ақмола облысының білім беру басқармасы жанындағы «Білім берудегі жаңа технологияларды, ақпараттандыруды және оқу-әдістемелік жұмысының облыстық мониторинг орталығы»

«Областной центр мониторинга, новых технологий, информатизации и учебно-методической работы в образовании» при управлении образования Акмолинской области







БАЯНДАМА: ТАНЫМДЫҚ МОТИВАЦИЯНЫ САҚТАП, ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚТЫ АРТТЫРУ ЖОЛДАРЫН САБАҚ БАРЫСЫНДА ИГЕРУ.



























ӨТКІЗГЕН: №6 ОМ ОРЫС СЫНЫПТАРЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ТІЛІ ПӘНІ МҰҒАЛІМІ ИСЛАМОВА Қ.Т.

г. КӨКШЕТАУ, 2012



© 2010-2022