ГТМ құрлысы сабақтың әдістемелік әзірлемесі

Раздел Другое
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: ГТМ құрлысы.

Мақсаты:

Білімділік:Студенттерге ГТМ-нің құрылысын түсіндіре отырып, атқаратын ісін және клапандарының реттелуін түсіндіру, клапан реттеуге үйрету.

Тәрбиелік: студенттерді кәсіби білікті, тапқыр да, өз маманының шебері болуға, бойына эстетикалық талғамдылықты тәрбиелеу. Шығармашылық мүмкіндігін арттыру, алға қарай ұмтылуды, өз күшіне, өзіне сенуін қалыптастыру.

Дамытушылық Студенттерге газ тарату механизмінің құрылысын түсіндіре отырып техникалық біліктіліктерін дамыту.

Пәнаралық байланыс:

1. Тракторлар және автокөліктер құрылысы

2.Еңбекті қорғау: тақырып: «Құрал-жабдықтармен жұмыс кезіндегі техника қауіпсіздігі», «Электржабдықтарымен жұмыс кезіндегі қауіпсіздік нұсқаулығы»;

5. Машиналарға техникалық қызмет көрсету және жөндеу

Сабақтың түрі: Тәжірибелік зертханалық сабақ

Сабақ уақыты: 6 сағат, звенолар саны- 4

Құрал-жабдықтар: плакаттар, макеттер

І. Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңі

1.Топ студенттермен амандасу;

2. Студенттерді түгендеу;

3. Клапандарды ағыту жұмысын орындауға студенттердің дайындығын тексеру

(Топ 3 (5 студенттен) бөлініп, әр топта топбасшы сайланады)

ІІ. Кіріспе нұсқама

1.Өткен тақырыпты қайталау. (*** бойынша топбасшылар арасында сұрақ-жауап алу)

2.Сабақтың мақсатымен таныстыру, газ тарату механизмінің құрылысымен таныстыру.

3.Техниклық қауіпсіздік ережесімен таныстыру.

Негізгі ескеретін техникалық қауіпсіздік:

  1. Ауыр тетіктерді аяқ-қолға түсіріп алмау,

  2. ұстағанда қол таймас үшін кілт-құралды, тетік агрегаттарды жақсылап майынан тазалап сүрту.

Плакаттардың және қозғалтқыш макетінің көмегімен газ тарату механизмінің құрылысымен танысу

МТЗ-80 тракторының клапандарын реттеу

Клапан қақпағын ашып, күйенте тораптарын ағытып алу.

III. Ағымдағы нұсқама

1.Жұмыс орнын ұйымдастыру, қауіпсіздік техникасын қадағалау.

2.Студенттердің дизель қозғалтқышының клапандарын ағытуын өз бетінше орындауы.

3.Студенттердің жұмысына қадағадлау жүргізу.

4. Жұмыс орнының жиналғанын (тазалығын) тексеру.

5.Студенттердің жұмыс барысында білім, білік-дағдаларды бақылау.

Клапандарды қандай кезекпен реттейді және иінді білікті қанша оралымға айналдыру керек?

Декомпрессия механизмі қандай қызмет атқарады?

Бiлiмдi бекiту

Газ тарататын механизм қандай қызмет атқарады?

Газ тарататын механизмнің құрылысы.

Клапан қандай материалдан жасалады?

МТЗ-80 тракторының клапандары қалай реттеледі?

әр звеноға сұрақ-тапсырма беріледі.

Қозғалтқыш клапандарының жұмыс үрдісінде дүрсіл естіле бастады, тексеру барысында калапандардан күйгені байқалды не істейсіңдер?

IV. Қорытынды нұсқама

Сабақтағы қорытынды жұмыстарды өткізу.

Әр топқа сұрақ, топбасшылары жауап береді.

1 топқа. Газ тарату механизмінің жұмыс процесі қалай жүзеге асады?

2 топқа. Газ тарату механизмінің құрылысын талдаңдар.

3 топқа. Клапандарды ауыстыру жұмысы қалай атқарылады?

  1. Студенттердің жұмысындағы кемшіліктерді анықтау.

  2. Жақсы жасалған жұмыстың қорытындысын атап көрсету.

  3. Студенттің жасаған жұмысын бағалау.

V . Үй тапсырмасы.



© 2010-2022