- Преподавателю
- Другое
- Ашық сабақ Мақал - мәтелдер 5-сынып
Ашық сабақ Мақал - мәтелдер 5-сынып
Раздел | Другое |
Класс | 5 класс |
Тип | Другие методич. материалы |
Автор | Көкейхан А.К. |
Дата | 06.01.2016 |
Формат | docx |
Изображения | Есть |
Пәні : | Қазақ тілі | ||
Сабақтың тақырыбы: | Мақал - мәтелдер | ||
Сілтемелер: | Қазақ тілі оқулығы, Алматы «Атамұра» баспасы 2012ж, Блум таксономиясы, СТО технологиясы. | ||
Жалпы мақсаттар: |
| ||
Негізгі мақсаттар: |
| ||
Оқыту нәтижелері: |
| ||
Жаңа сабақ | Халық ауыз әдебиетінде мақалдың орны ерекше. Ол ұрпақтан ұрпаққа ауызша жеткен. Мақал-мәтелдерде халықтың сан алуан өмір құбыстары қамтылған. Олар ой дәлдігімен, ықшамдығымен ерекшеленеді. Мақал - мәтелдердің құрамындағы әр сөздің орны тұрақты болады. Ондағы сөздердің орнын ауыстыруға немесе бір сөзін басқа сөзбен алмастыруға келмейді Мақал - мәтелдер тұрақты тіркестер сияқты аз сөзбен көп мағына білдіреді.Мақал-тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні. Мысалы: Кең болсаң, кем болмайсың. Мәтелдерде ой-пікір бейнелі әрі тұспалдап айтылған ишара түрінде болады. Мәтелдердің мақалдан айырмашылығы мағынасы ашық болмай, ишарамен, тұспалмен айтылады. | ||
Түйінді идеялары: | Мақал - тәрбиелік мәні бар, ақыл-нақыл сипатында айтылатын сөздер табы. Мәтел - ой-пікірді бейнелеп, тұспалдап, ишаралап тұратын сөздер тобы.
| ||
Сабақтың әдіс - тәсілі: | Топтық жұмыс, талдау жүргізу, қарама - қарсы шабуыл, сыни тұрғыдан ойлау, графикалық диктант, диалогтік оқыту, сұрақ қою техникалары, синквейн, бас жолды өлең тұжырымдамасы. | ||
Сабақтың көрнекілігі: | Маркер, қағаздар, оқулық, слайд, АКТ, венн диаграммасы. | ||
Пәнаралық байланыс: | Қазақ әдебиеті, ағылшын, орыс тілі. | ||
Кезең | Мұғалімнің әрекеті | Оқушының іс-әрекеті | |
Ұйымдастыру | Оқушылармен амандасып, сыныпқа ынтымақтастық атмосферасын орнату. Шаттық шеңбері. Тәтті кәмпиттер арқылы топқа бөлу.
| Көтеріңкі көңіл-күйде топтарға бөлінеді, топ басшысын сайлайды. | |
Басталуы | Үй тапсырмасы. Өткен тақырыптарды пысықтау «Қарама - қарсы шабуыл» әдісі бойынша ашық сұрақтар
|
| |
Қызығушы-лықты ояту І Білу | Бүгінгі сабағымыздың тақырыбын мына сөзжұмбақты шешу арқылы анықтайтын боламыз. Сөзжұмбақ
| Оқушылар өтілген тақырыптар бойынша ашық сұрақтар қояды , келесі топ жауап береді,жаңа тақырыпты табады | |
ІІ Түсіну | «Даналық сөзден дән ізде» Мақал-мәтелдердің екіші сыңарларын жасыратын ойын ойнату. Бірінші - жоғалтушылар, екінші -табушылар. Графикалық диктант | Берілген сөйлемдерден мақал мен мәтел жасалу жолын түсіндіреді. | |
ІІІ Қолдану | «Сөз асылы - мақал» Ұсынылған мәтіндер мазмұнына мақал-мәтел жазу, жоспар құру. ІІІ топ «Нан - қасиетті тағам» | сөйлем құрау | |
Сергіту сәті | «Балбырауын» күйі | Оқушылар ән әуенімен билейді, сергиді | |
IV Талдау | «Мәнерлі сөздің мәнін ұқ» Интербелсенді тақтадан түрлі суреттер көрсете отырып, мақал - мәтелдерді табу, мәнін ашу |
| |
V Жинақтау Дәптермен жұмыс | «Венн диаграммасы» Мақал мен мәтелдің айырмашылығы. Мақал - мәтелді толықтыру, екі тілге аудару Фонетикалық талдау. Жақсылық, табиғат, құлагер. |
| |
VI Бағалау | «Білімдіге дүние жарық, білімсіздің күні кәріп» «Бес жолды өлең тұжырымдамасы»
| Оқушылар топта пікірлерімен алмасып,семантикалық кестені толтырады Өз ойларымен бөлісіп, синквейн құрастырады. | |
Келесі тапсырма (үйге тапсырма) | «Бірлік бар жерде - тірлік бар» ой толғау жазу 127- жаттығу. Сұрақтарға жауап беру
|
| |
Формативті, суммативті бағалау | Графикалық бағалау | Топ басшылары өз тобындағы оқушыларды критерийлер арқылы бағалайды | |
Кері байланыс | Оқушылар сабақта алған әсерлерін жазып, смайликке іледі. |
Бекітемін: Келісемін: Мектеп директоры _______Ермуханова Р.А оқу ісінің орынбасары_______Апиева П.С
Тақырыбы: Мақал - мәтелдер
(5 «б» сынып)
Пән мұғалімі: Көкейхан А
Қаралды:
ӘБ жетекшісі _______Сырбаева Г.Б
2015-2016 оқу жылы