Лессон Стади коучинг жоспары

Раздел Другое
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Коучинг сабағының жоспары

Сабақтың тақырыбы

Lesson Study -іс-әрекеттегі зерттеудің тиімді жолы

Өткізілген уақыты

90 минут

Сабақтың мақсаты

Оқушыларды оқытуға көңіл аудара отырып, оқытуды жетілдіру және оның сапасын арттыру құралы ретінде мұға лімдерге Lesson Study әдісін ұсыну. Тәжірибені жетілдіру ретінде Lesson Studyді қалай пайдалануға болатынын мұғалімдер топтарының арасында көрсету.

Күтілетін нәтиже

Мұғалімдер Lesson Study үдерісін оқытуды жетілдіру және онын сапасын арттыру құралы ретінде мектептерде Lesson Studyді пайдалану үшін әріптестермен қалай ынтымақтастық орнатуға болатынын; Lesson Study кезінде әріптестерге қалай қолдау көрсетуге болатынын түсінуді үйренеді, мұғалім әрбір жеке оқушының оқуына қатысты өзінің оқыту тәжірибесі туралы ойлануға мүмкіндік алады; Lesson Study циклінде сабақтың оқушылар қажеттілігіне сәйкес келуі мақсатында мұғалімдер жаңа әдіс-тәсілдерін жетілдіруге немесе оның сапасын арттыруға мүмкіндік алады.

Түйінді идеялар

* Lesson Study-сыныпты зерттеу нысандарының бірі. Мұғалімдердің педагогикалық білімдері мен тәжірибесін дамытуға арналған.

* Lesson Study-мұғалімдерді оқыту және олардың тәжірибесін дамытудағы ынтымақтастық тәсілі.

* Lesson Study - оқу сапасын арттыруды көздеген тәжірибені жақсарту үшін демократиялық тәсіл

Материалдар және ресурстар

Компьютер, интерактивті тақта, бейнежазба,үлестірме мате - риалдар,маркерлер, стикерлер, плакаттар, тапсырмалар








Сабақ барысы:

Коучинг кезеңдері

Уақыты

Коучердің іс-әрекеті

Мұғалімнің (тыңдаушы- ның) іс-әрекеті

Қолданыл-ған құралдар

Сәлемдесу


Қар көшкіні

3 минут

-Қайырлы күн, құрметті әріптестер! Көңіл-күйлеріңіз қалай?Жақсы жұмыс жасауға, жақсы көңіл күй керек.Нұсқау: шеңбер құрып,әрбір қатысушы өз есімін атап, оған бастапқы әріптен басталатын бір сын есім қосады. Жаңылыспай, ұмытпай бәрін ретімен атау керек.Қалай ойлайсыздар, мұндай жаттығуларды сабақта қолданылған дұрыс па? Неге?



Мұғалімдер орнынан тұрып шеңбер құрай-ды. Өз есімдерін атап тұрып, оған бір сын есімін қосады. Бір-бірінің есімдерін /эпитеттерін/ қайталап шығады.

«Көктем» слайды

Шағын топқа бөлу

5 минут

-Бүгін қандай жағымды,жылы сөздер естідіңіздер? Мұғалімдердің

айтқан сөздері немесе тіркестерді тақтаға жазады.

Үш сөзді

(тіркестерді)

кезектесіп айтып, қатысушылар үш топқа бөлінеді.

Сынып тақтасы, бор.

Миға шабуыл

10 мин.

Нұсқау:

Интерактивті тақтадан «Команда құру жайлы» (Мультик про мотивацию в команде) бейнежазбаны көріп, өз пікірлеріңізді тұжырымдап айтып өтсеңіздер.

Бейнежазбаны

мұқият көреді, ойланады, өз ойларын, пікірлерін айтады.

Интерактивті

тақта, бейнежазба

Танысты-

рылым

10 мин.

«Lesson Study» әдісі туралы жалпы түсінік береді.(Лессон Стади жайлы слайдты тамашалайды)

Мұғалімдер мұқият тыңдап, слайдтар арқылы

түсінік алады

Интерактивті тақта, слайдтар

Топтық жұмыс

5 мин.

-Lesson Study әдісі дегеніміз бұл-.....

-Lesson Study Қазақстанда.....

- Lesson Study -ге қатысушылардың іс-әрекеті....

- Lesson Study нәтижесі қандай?....

Сұрақтарға әрбір қатысушы өз ойын айтады.

1.МАН

I деңгей (46-49бет)

2. Lesson Study: нұсқаулық (Пит Дадли)

плакаттар, маркерлер.

Өзара бағалау

20минут

Топтық жұмыс

1 топ- Lesson Study қалай өткізіледі? Қандай мақсатпен?

2 топ- Ол қалай жоспарланады? Зерттеу үшін оқушылар қалай таңдалады?

3-топ - Lesson Study жүргізген соң ол қалай талқыланады?

Топта талқылап, постер жасайды.Топтан бір адам қорғайды.

Плакат, стикерлер, маркерлер, түрлі-түсті қағаздар.

Сергіту сәті

2 минут

Сергіту тренингі

Билеу.

Интерактивті тақта,слайдт

Топтық жұмыс

15 мин.

«Ыстық орындық» әдісі

Қатысушылар сұрақтар береді.

Плакаттар, маркерлер, стикерлер

Бағалау

5 минут

-Бір топ бір топқа баға беру. «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі

Топтар бір-біріне баға берді.

Түрлі-түсті

стикерлер

Кері байланыс

10 мин.

«Өз жағыңды таңда» әдісімен пікірталас жүргізеді

1 топ: «Lesson Study» әдісін қолдануға болады.

2 топ: «Lesson Study» әдісі керегі жоқ.

3 топ: Екі топтың дәлелдерін тыңдап, біреуіне қосылады, қорытынды жасайды.

МАН, үлестірме материалдар

Рефлексия

5 мин.

Сабақтан алған әсерін «Екі жұлдыз, бір тілек» стратегиясын қолданады.

Стикер арқылы сабақтағы әсерін білдіреді

Стикерлер


Орындаған : А. Сейдалиева





© 2010-2022