Торжественная линейка ко дню назависимости

Раздел Другое
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

1 жүргізуші:

Армандарды жақындатып тым алыс,
Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс.
Егемендік - ел бақыты, ертеңі,
О, халайық! Құтты болсын қуаныш!

Азат өлкем күндей күлген шығыстан,
Асыл елім жан - жүректі ұғысқан.
Ата бабам аңсап өткен бақытым,
Айналайын, Қазақстан - Гүлстан!
2-жүргізуші:

Есть на свете немало богатых , загадочных стран.

А для нас центр мира в бескрайних степях Казахстана

На просторах твоих , как по замыслу мудрый природы

Все пропитано чистым и радостным духом свободы.

1 - жүргізуші: Бүгінгі Қазақстан Республикасының тәуелсіздік күніне арналған, сондай-ақ, жас азаматтарды еліміздің нағыз патриоттары, ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарымызды қастерлейтін рухани дүниесі кең тұлғаны қалыптастыруды көздейтін «Бірыңғай «Жас Ұлан», «Жас қыран» балалар мен жасөспірімдер ұйымы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің қатарына мектеп оқушыларын қабылдау рәсіміне арналған салтанатты жиынымызды ашық деп жариялаймыз!

2-жүргізуші: Тәуелсіздік - ең басты құндылығымыз. Тәуелсіздікке қантөгіссіз, бейбіт түрде қол жеткізгеннен кейін ғана елімізді әлемнің өркениетті мемлекеттерінің қатарына қоса алдық. 24 жыл ішінде тәуелсіз Қазақ елін қалыптастырып, нарықтың қиын өткелектерінен аман өткізіп келеміз. Осы кезеңде Қазақстанды дүние дидарындағы ең мықты мемлекеттер танитындай, сыйлайтындай деңгейге жеткізген тұңғыш Нұрсұлтан Назарбаевтай көреген саясаткердің ерен еңбегін дәл бүгін және әрқашанда айтып өтеміз.
Тәуелсіздік күні еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше мереке деп білеміз, себебі, осынау жүрекжарды қуанышқа толы күнді ата - бабаларымыз ғасырлар бойы армандап, күтумен өтті.

Мектеп оқушыларының әдеби монтажы

2-жүргізуші:

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған және Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы қатарына оқушыларды қабылдау салтанатты мерекелік жиынға қош келдіңіздер!

1-жүргізуші:
Қазақстан күннен-күнге өркендеп, гүлденуде. Біз, осындай елде туғанымызға бақыттымыз.

2-жүргізуші:
Түсініп терең, өмірдің мәнін,
Жалынды жастар, сендерсің сәнім
Беретін бойға күш-қуат,жігер
Шырқалсын шаттық әнұран әнім!


ҚР ГИМНІ орындалады


1-жүргізуші:
«Жасұлан» ұйымының әрбір мүшесі:
Өзін тұрмыста, қоғамдық өмірде сыпайы, қарапайым мінезде ұстайды.
Ата-анасын шынайы сыйлап, олардың өнегелі қасиеттерін бойға сіңіріп, өсиеттерін орындауды перзенттік парыз деп түсінеді. Туған елін шексіз сүйеді.

2-жүргізуші:
«Жасұлан» ұйымының әрбір мүшесі:

Қазақстан Республикасының туының түсіндей галстук тағу керек және Республикамыздың мемлекеттік нышандарын құрметтеп, мемлекеттік әнұранды жатқа айту керек.

1-жүргізуші:
«Жасұлан» ұйымының әрбір мүшесі:
Қазақ тілін еркін меңгеріп елдің тарихын, мәдениетін, әдебиетін, өнерін, салт-дәстүрін жақсы білу, дамыта түсу сақтау үшін ынталы еңбектенетін болады.

2-жүргізуші:
Жасұлан ұйымының мүшесі - Отанына адал.

1-жүргізуші:
Жасұлан ұйымының мүшесі - Отанының тәуелсіздігі мен бостандығы үшін күресуші

2-жүргізуші:
Жасұлан ұйымының мүшесі - батырларымыздың атын құрметтеп, оның мәңгі қорғаушысы болуға дайындалады.

1-жүргізуші:
Жасұлан ұйымының мүшесі - оқуда, еңбекте және спортта өжет те қайсар.

2-жүргізуші:
Білімді -көкіректе нұр деп түсін
Жігерлі, жалынды отты жыр деп түсін.
Аталған мақсат, талап, ережені,
Орындауға бәріңде міндеттісің!

1-жүргізуші:

Бүгін «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымына 20, ал

«Жас қыран» қатарына 23 оқушы қабылданады.

2-жүргізуші:
«Біз ...» Оқушылар: «Жас Ұлан»


1-жүргізуші:
- Ұранымыз Оқушылар: «Қазақстан - Нұрсұлтан - Жас Ұлан» - 3 рет.

2-жүргізуші:
Егеменді еліміздің тірегі
Мектептің болашағы жігері
Достықпен татулық тілегі
«Жас Ұлан» ұйымының біз түлегі- дей отырып, «Жас қыран» мүшелеріне «Жас Ұлан» ұйымының белсенділері, ал құрметті қонақтар, ата-аналар, сіздерді «Жас Ұлан» ұйымына қабылданатын оқушыларға туымыз түстес көгілдір галстук табыстау рәсіміне шақырамыз.
(Әуен ойнайды, галстук тағылады)


1-жүргізуші:
Бүгінгі жиынның ең жауапты сәті, ант тапсыру рәсімін «Жас Ұлан» ұйымының белсенді мүшесі 11 «а»- сынып оқушысы Саматов Яхияға беріледі.
Саматов Яхия: Анттың мәтіні:
Мен, ____________________, Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан»

балалар мен жасөспірімдер ұйымының қатарында жүре отырып,
Өз Отаным - Қазақстан Республикасының патриоты болуға;
Мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, дәріптеуге;
Туған елім, жерім, Отанымды мақтаныш етуге;
Ата-анамды қадірлеуге;
Үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге;
Білімге табандылықпен ұмтылуға;
Салауатты өмір салтын ұстануға;
Табиғатты аялауға;
«Жас Ұлан» Ережесін бұлжытпай сақтауға және оны өз достарымнан талап етуге салтанатты түрде ант етемін.
Хормен: АНТ ЕТЕМІН, АНТ ЕТЕМІН, АНТ ЕТЕМІН!

«Жас Ұлан» әнұраны орындалады.

2-жүргізуші: Құттықтау сөз мектеп директоры Тулеушов Талғат Нугмановичке беріледі.

(директор сөзі)
1- жүргізуші:
Ризамын деп осындай жастық шаққа,
Не жетер «Жас Ұлан» деген лайық атқа.
Келеміз егеменді ел төріне өрлеп,
Ашылып алдымыздан алтын қақпа.

1-жүргізуші:

Азаттық, теңдік әлемі,

Шаттыққа елді бөледі.

Тағдыры тарих өрелі

Көк тудың желбірегені!

Ән: «Қазақ елі осындай»

2-жүргізуші:
Ту тігілді халқымның бүгін бағына
Жас өрендер желбіретіп нық ұста
Ғасырларға жалғастырып елдікті
Дақ түсірме ата баба рухына
Үлгі бізге аталардың ерлігі
Ұлағаты өнегесі еңбегі
Тәуелсіздік туын ұстап жоғары
Бүгінгі ұрпақ болар елдің ертеңі дей келе бүгінгі тәуелсіздігіміздің 24 жылдығына арналған «Бірыңғай «Жас Ұлан», «Жас қыран» балалар мен жасөспірімдер ұйымы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің қатарына мектеп оқушыларын қабылдау рәсіміне арналған салтанатты жиынымызды жабық деп жариялаймыз!

1-2- жүргізуші: Келесі кездескенше, қош сау болыңыздар!!!


© 2010-2022