Сабақтың тақырыбы: Сөз тіркесі білдіретін синтаксистік қатынастар

Раздел Другое
Класс 7 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

7-сынып Қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы:Сөз тіркесі білдіретін синтаксистік қатынастар

Мақсаты: Сөз тіркесі білдіретін синтаксистік қатынастар туралы толық білу,өзіндік ерекшеліктерін түсіну.

Қолданылатын әдіс: сұрақ-жауап,түсіндіру,талдау,ой қозғау.

Қолданылатын модульдер:Диалогтық оқыту,сыни тұрғыдан ойлауға үйрету,АКТ-ны қолдану,оқыту үшін бағалау оқуды бағалау.

Сабақтың көрнекілігі:интерактивті тақта,оқулық,бағалау парағы,нақылсөздер,стикер,плакат,маркер

Күтілетін нәтиже: Сөз тіркесі білдіретін синтаксистік қатынастар туралы толық білімдерін шыңдайды,сыни тұрғыдан ойлай алады,өз ойларын жеткізе алады,бір-бірін пікірін тыңдай алады.

Уақыты

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ресурстар:

осы іс-әрекет үшін маған қандай құралдар қажет?

2 мин

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастырамын.Сабақта өздерін сергек сезіну мақсатында сергіту сәтін өткіземін.

Оқушылар сергіту сәтін жасайды.

2мин

Қима суреттерді құрастыру арқылы топқа бөлемін.

Суреттерді құрастыру арқылы топқа бөлінеді.Бағалау парағы тартылады.

Қима суреттер

10 мин

I.Қызығушылық ояту сатысы.Үй тапсырмасы.

Біз-еліміздің ертеңіміз ой-толғауларын тексеремін.Жанаса байланысқан сөз тіркестерін ажыратады.

Оқушылар оқиды,талдайды ,дәлелдейді.Ой бөліседі,пікір алысады.(сұрақ-жауап)

10 мин

II.Мағынаны ажырату сатысы.Жаңа сабақ.

Интерактивті тақтада сұрақтар:

1.Сөйлем мүшелері дегеніміз?

2.Тұрлаулы,тұрлаусыз мүшелер?

3.Тұрлаусыз мүшелерді қатыстырып,сөз тіркесін жаса?

Әр топ сұрақтарға жауап береді.Сөз тіркестерін құрастырады,

ойларын

айтады,ереже шығарады.

Анықтауыштық,

толықтауыштық,

пысықтауыштық қандай сөзтіркесінің түрлерімен жұмсалатынын айтады,мысалдар келтіреді,ассоциация жасайды.

Сызба кестелер


6 мин





5 мин






5 мин



III.Ой толғаныс сатысы.

1.Ребус,жұмбақтар беріледі.

I-II топтарға ребус шешу беріледі.Жауабына сөйлем құрастырып,сөз тіркестерін ажыратып талдайды.

III-IV топтарға жұмбақтар беріледі.Шешуіне сөйлем құрастырып,сөз тіркестерін ажыратып,қатынас түрлерін жазу.

2.Ойланыңыз,ізденіңіз,

табыңыз.

Берілген тізбек бойынша сөз тіркестерін жасау.

Зат есім+зат есім

Сын есім+зат есім

Сан есім+зат есім

Есімдік +зат есім

Есімше+зат есім

Септеулі зат есім+етістік

Үстеу+етістік

Сын есім+етістік

3.I-III топ интерактивті тақтада берілген сөздерге лайықты сөздерді тіркеп жазу. Бір шымшым,бір жайым,бір шөкім,бір қайнатым,бір салым,бір асым,бір жұтым, бір ұрттам,бір ауыз,бір атым.

Керекті сөздер:айран,су,

өлең,бұлт,шай,насыбай,ет,

қамыр,тұз.

4.II топ.оқулықпен жұмыс.270-жаттығуды орындау.Абай өлеңдерінен берілген үзінділерді оқып,мазмұнын ашады.Сөз тіркестерін ажыратып,қатынас түрлерін белгілейді.

5.IV топ.Cемантикалық кесте құрастыру.Анықтауыштық

Толықтауыштық,

Пысқтауыштық қатынасқа.

Оқушылар ой қозғай отырып,берілген тапсырманы топпен орындап,қорғайды.



Әр топ шапшаңдық таныта отырып,

ынтымақтастықта сөз тіркестерін жасайды.


Топ мүшелері ақылдаса,ойлана отырып,белсенділікпен орындайды,қателері болса,басқа топ дұрыстайды.

Мәнерлеп оқиды,мазмұнын ашады,ойларын дәлелдейді,талдай

ды.


Ұйымшылдықпен жұмыс жасайды,уақытты бақылап отырады.

Ноутбукті пайдаланады,жұмыстарын интерактивті

тақтада көрсетеді басқа топ орындайды

Ребус,

Жұмбақтар




Дәптер






Оқулық дәптер.



Ноутбук,

Интерак-

тивті тақта

1 мин

2 мин


2 мин

Үй жұмысын беру:ереже оқу.273-жаттығу 174 бет

Сабақты қорытындылау:INSERT

V-білемін

(-)-мен үшін түсініксіз

(+)-мен үшін жаңа ақпарат

(?)-мені таң қалдырды.

Бағалаймын:

Мадақтау сөздермен ынталандырамын.

Жиынтық бағаны қоямын.


Әр топқа парақшалар таратылады.Оқушылар толтырады.

Әр топтың басшысы өз бағасын қойып маған тапсырады.



Бағалау парағы



© 2010-2022