2 сынып қазақ тілі сабағы 2 сынып

Раздел Другое
Класс 2 класс
Тип Тесты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Денсаулық - саулық негізі

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік. Тапсырмаларды дұрыс орындау дағдысын қалыптастыру. Оқылым, тындалым,айтылым,жазылым әрекеттерін жүйелі қолдану.

2. Тәрбиелік. Тазалық туралы тәрбиелік маңызы зор әңгімелер жүргізу. Неліктен партада түзу отыру керектігін ұғындыру, әрі әрдайым талап ету. Оқушылардың эстетикалық талғамдарын ояту.

3. Дамытушылық. Бейнелеу өнері арқылы оқушылардың байланыстырып сөйлеу дағдыларын дамыту.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Модуль құрамын түсіндіру.

ІІІ. Сабақтың мақсатын, барысын айту.

ІҮ. Сөздік жұмысы.

1. Жаңа сөздермен таныстыру. Сөздерді мұғалім оқиды, оқушылар қайталайды.

2. Оқушылар жаңа сөздерді тізбектеп айтып шығады.

3. Әр түрлі әдістер арқылы жаңа сөздерді пысықтау.

а) Мұғалім сөздік бойынша сөздің орысшасын айтып, допты бір оқушыға лақтырады, оқушы допты қағып алып, сөздің қазақшасын айтып, допты мұғалімге қайтарады. Осылай барлық сөздермен жұмыс жасалады. Көп сөз меңгерген оқушы алғыр атанады.

ә) Тақтаға бір оқушы шығып, жаңа сөздерді қазақ тілінде жазып тұрады, ал сол сөздің аудармасы дұрыс тапқан оқушы тақтаға келіп, аудармасын жазады.

б) Жаңа сөздер деректі заттар болса, оларды мұғалім көрсетіп отырады, басқа оқушылар сол заттың атауын дәптерлеріне жазып отырады. Кейін оқушылар кезек- кезек тақта алдына шақырылып, сөздердің сауатты жазылуы тексеріледі.

Ү. Тапсырмалармен жұмыс.

1-тапсырма. Диалогті досыңмен оқы, орындат.

Тапсырма бойынша жұптық жұмыс орындау. Жұмысты іс-қимылдармен жалғастыру. «Оң және сол» сөздерінің мағынасын жеке түсіндіру.

2-тапсырма. Тапсырма бойынша дене мүшелерін көрсету. Әр оқушымен жеке-жеке жұмыс жасау. Тазалық - саулық кепілі. Чистота - залог здоровь

Әдептілік әліппесі мен салауатты өмір салтына берілген қанатты сөзбен тәрбиелік әңгіме өткізу.

3-тапсырма.

Оқылым, тыңдалым, айтылым әрекеттеріне берілген қанатты сөзбен тәрбиелік әңгіме өткізу.

Сергіту сәті

4-тапсырма. «Неше?» деген сұрақ бойынша жұмыс. Әр оқушымен жеке-жеке жұмыс жасау.

Үлгі: екі қол, он саусақ, екі аяқ

5-тапсырма. Үлгі бойынша берілген тапсырмамен жұмвс.Үндестік заңын еске түсіру.

ҮІ. Сабақты бекіту.

ҮІІ. Сабақты қорытындылау. Оқушылардың білімін бағалау.

ҮІІІ. Үй тапсырмасын беру.



© 2010-2022