«Оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдерге ата-аналардың көзқарасы»

Раздел Другое
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Н.Илялетдинов атындағы №169 орта мектебі











«Оқытудағы жаңа

әдіс-тәсілдерге

ата-аналардың көзқарасы»



Физика және

информатика

пән мұғалімі: Құлмырзаева М.К.



2015-2016 оқу жылы

Күні: 07.12.2015 ж.

Тақырыбы: «Оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдерге ата-аналардың көзқарасы»

Мақсаты: Сындарлы оқыту теориясын ана-аналарға таныстыру, ата - ана мен бала арасындағы сенімді сыйластықты, бір - біріне деген сезімді нығайту, бала тәрбиесінің алғашқы алтын қазығы туған ұясы, өз отбасындағы ата - ана тәрбиесі, өнегесі және баланың бас ұстазы ата - ана екенін түсіндіру.

Күтілетін нәтиже: Жаңа әдіс*тәсілдермен танысады, ата - ана мен бала арасындағы сенімді сыйластық әрекетінің мақсаты айқындалады, баланың бас ұстазы ата - ана екенін түсінеді, бір - біріне деген сезім нығаяды.

Негізгі идеялар: Бала тәрбиесінің алғашқы алтын қазығы - туған ұясы.
Тренингтің жүру барысы:

Құрметті ата-аналар . Бүгінгі біздің отырысымыз ерекше болады деген үмітпен тренингті бастаймыз. Тренингіміздің ерекшелігі сол, оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдерге ата-аналардың көзқарасын өзгерту мақсатында «Бала тәрбиесі баршаға ортақ» атты тренинг сабағымызға қошкелдіңіздер, тәрбие процесіндегі қиындықтарды біз боп, сізбоп пікірлесе отырып, ойымызды түйіндеп, өмір жолында пайдалану.

  1. Сіздерді ортаға шақырып , стикерлерді таңдап алып, жазылған сөздермен өздеріңізді таныстыра және байланыстыра отырып айту.


  1. «Біз баламызды танимыз ба?» атты ойынын мұғалім сұрақ қою арқылы ойналады.
    1. Балаңыздың туған күні қашан?
    2. Сынып жетекшісінің аты - жөні кім?
    3. Балаңыздың парталас көршісі кім?
    4. Балаңыз бірінші сыныпқа қай жылы барды?
    5. Балаңыздың сүйікті асы не?
    6. Балаңыз спорттың қай түрін жақсы көреді?
    7. Балаңыз қандай түсті жақсы көреді?
    8. Балаңыздың аяқ киім өлшемі қандай?
    9. Балаңызды еркелетіп қандай сөз айтасыз?
    10. Балаңыз сізді ренжіткенде ең алдымен аузыңызға қандай сөз түседі?

11. .Ең жақсы көретін пәні

12.Ең жақын досының аты

13.Жақсы көретін мерекесі

14. Балаңызды жақсы танимын деп айта аласыз ба?

15. Балаңыз сізді ренжіткен кездері болды ма?

16.Балаңыз бүгін сабақтан қандай баға алды?

«Ұл тәрбиелей отырып, жер иесін тәрбиелейміз, қыз тәрбиелей отырып, ұлтты тәрбиелейміз». Отбасындағы тәрбие әрбір мүшенің өзін - өзін сақтау, ұрпақты жалғастыру, өзін - өзі сыйлау қажеттігінен туындайды. Отбасында адамның жеке басының қасиеті қалыптасады.

Отбасы - адамбаласының алтын діңгегі. Өйткені адам ең алғаш шыр етіп дүниеге келген сәтінен бастап, осында ер жетіп, отбасының тәрбиесін алады. Сондықтан да отбасы - адамзаттың аса қажетті, әріқасиетті алтын бесігі.

3.Интертақтадан «Теледидар тәмлісі» атты бейнетаспаны көрейік.

Сіздер балаларыңыздың не болғысы келетінін білесіздер ме? Сұрағына жауап алу үшін топтар арасында талдау жүргізіп көрсек.

І топ: Бала ролі

ІІ топ: Ата-ана ролі

ІІІ топ: Мұғалім ролі.

4. Балаға білім, тәрбие беруде басты тұлға ұстаз болса, оны жалғастырып демеуші ата - ана. (Ата -ана баласын тәрбиелеуде өзіндік қағидаларына сүйене отырып тәрбиелейді , сіздердің қағидаларыңыз.)

Ақылды ата-ананың 5 қағидасы

Баланы тек жақсы көру аз, оны сыйлап , оның бойындағы жеке тұлғаны ардақтаңыз. «Тәрбиенің» ұзақ процесс екенін естен шығармаңыз, оның нәтижесін аяқ астынан күтпеңіз. Егер бала сіздің ойыңыздан шықпаса, қапаланбаңыз,ашуға бой алдырмаңыз. Жағдайды оң өзгерту үшін тағы не істеуге болатынын,қарастырыңыз.

1. Балаңыздан ең-ең күшті адам жасап шығаруға тырыспаңыз. Адам бәрін бірдей жақсы білуі мүмкін емес. Тіпті ақылды, ересек адамдардың да қолынан бұл келе қоймайды. Ешуақытта балаңызды басқалармен салыстырмаңыз. «Алмас 4 жаста,ол кітап оқи алады,ал сен ?» деу , немесе «мен сенің жасыңда турникке 20 рет тартылатынмын ,ал сен босбелбеу болып өстің» деу дұрыс емес. Оның есесіне сіздің балаңыз қағаздан керемет дүниелер жасайды, компьютердің құлағында ойнайды. Оның басқалардан да артық жасайтын істері көп. Сондықтан басқалардың не істей алатыны үшін ұрыспай,оның қолынан келетін істері үшін мақтаңыз.

2. Балаңызды басқа балалармен, олардың көзінше салыстырмаңыз. Басқа балалардың жетістіктерін ақпарат ретінде ғана қабылдаңыз.Сізді басқа елдің президентінің алған ордендері ұялтып, өкіндірмейді емес па? Егер балаңыздың көзінше " ананың баласы пианинода керемет ойнайды" деген мақтау естіп,жауапқа ештеңемен мақтана алмасаңыз - бәрібір бірдеңе айтыңыз.

3. Ешуақытта бопсаламаңыз! Сөздігіңізден «мен сен үшін тырысып жатырмын ,ал сен болсаң....» «Мен сені өсірдім,бақтым-қақтым.....» деген сөздерді мүлдем алып тастаңыз! Өйткені , бұл- құрметті ата-аналар, Қылмыстық Кодекс тілімен айтқанда бопсалау деп аталады. Ұялту тәсілінің ең сорлысы. Және де ең нәтижесіз түрі. Өйткені бұндай бопсалауға балалардың 99 пайызы , «онда мені дүниеге әкелмеуің керек еді » деп жауап береді.

4. Куәгерлерден аулақ болуға тырысыңыз. Егер сізді ұялтатындай жағдай бола қалғанда ( қарт кісіге дөрекілік көрсетіп, дүкенде шу шығарса) оны ың-шыңсыз ,ол жерден алып кетіңіз.Балаңызбен әңгімені куәгерсіз жүргізген дұрыс болар. Одан кейін балаға неліктен олай жасауға болмайтынын айтып,түсіндіріңіз. Сол жерде баланы ұялтуға болады. Ең бастысы бәрінің да шегі болатынын ұмытпау.

5. Балаға өз махаббатыңызды ашудың тәсілдері. Аналық рольді шебер орындауға асықпаңыз.Баламен қарым-қатынаста эмоцияларға шектеу жоқ, бірақ бір жағдайда ғана: ол сіздің махаббатыңызға күмәнданбауы керек.Бала сізді ашуландырған,қапаландырған оның өзі емес, оның жасаған қылығы екенін сезіну керек.Сіздің балаңыз жаман болуы мүмкін емес, өйткені ол әлі бала , және де ол- сіздің балаңыз.

«Сіз қандай ата-анасыз?

1. Сіздің балаңыз мектептен кейін, үйге біресе көзін көгертіп, біресе шалбарын жыртып келеді.

А) Сіз не болғанын сұрап, шалбарын тігіп, компресс қоясыз

Ә) Балаңызға көмектесесіз, кішкене ұрсасыз, бір күні осы қылықтары үшін бірдеңеге ұрынатынын айтасыз

Б) Оған ешқандай көңіл аудармайсыз. Бәрін өзі істесін.

2. Балаңыздың достары бар. Бірақ олардың тәртібі нашар, тыңдамайды.

А) Сіз ол балалардың ата-аналарымен сөйлесесіз

Ә) Балаларды үйге шақырып, оларға әсер етуге тырысасыз

Б) Балаңызға достарының кемшіліктерін айтасыз, олардың үлгі бола алмайтынын түсіндіресіз.

3. Балаңыз ойнағанды ұнатады, бірақ жеңілгенді ұнатпайды.

А) Еш әрекет етпейсіз, балаңыз жеңіліске үйренсін

Ә) Ол жеңілісін мойындап үйренгенше енді онымен ойнаудан бас тартасыз

Б) Жеңілісін мойындауға үйрететін жағдайды әдейі туғызасыз

4. Сіздің балаңыз тәулігіне 24 сағат ойнауға бар. Кешкілікте мүлде ұйқысы келмейді.

А) Ұйқының қандай маңызды екенін түсіндіресіз

Ә) Нешеде жатам десе де рұқсат бересіз, бірақ таңертең уақытында тұрғызасыз

Б) Төсегіне белгіленген уақытта жатқызып, жалғыз қалдырасыз

5. Балаларға арналған телебағдарламаларды азсынып, балаңыз күні бойы теледидар көруге дайын.

А) Балаларға арналған бағдарлама бітісімен ұйқыға жатқызып, ол ұйықтағаннан кейін ғана теледидарды қосасыз.

Ә) Оған нені көруге болатынын, және нені көруге болмайтынын түсіндіресіз

Б) Балаңыз үшін кейбірін тыңдайсыз

6. Балаңыз үлкендердің сөзіне көп араласады.

А) Бұл қылықтың жағымсыз екенін түсіндіресіз

Ә) Тыңдамағаны үшін жазалайсыз

7. Сіздің балаңыздың жасы әлі кіші болса да өзінше ғашық болады.

А) Бәрін сол қалпында қалдырасыз

Ә) Балалық махаббатқа жол бермейсіз

Б) «Махаббаттың» не екенін, қарым-қатынастың қандай болу керек екенін түсіндіресіз.

8. Басқа балалар сіздің балаңызды ұрады, келемеждейді

А) Есесін қайтаруға үйретесіз

Ә) Сол балалардың ата-аналарымен сөйлесесіз

Б) Балаңызды сол балалармен араластырмау үшін бәрін жасайсыз

9. Балаңыз қатал, аяушылықты білмейді, басқа балаларға қол жұмсайды

А) Өзіне де дәл сондай жағдай туғызасыз (аяушылық білдірмейсіз)

Ә) Осы кезге дейінгіден көбірек көңіл бөлесіз балаңызға

Б) Зорлық, зомбылықтар көрсететін фильмдерді көруге тыйым саласыз

Жинаған баллды ата -аналар өздері санайды

№ а Ә б

1 3 0 5

2 2 5 0

3 0 3 5

4 3 5 0

5 0 2 3

6 5 0 3

7 3 0 5

8 5 3 0

9 0 5 3

нәтижесін мұғалім хабарлайды:

0 - 18 Сіз балаңызды өзіңіз сүріп жатқан өмірге дайындап, соған ыңғайлап тәрбиелеп жатырсыз. Сіз оның басқа заманның адамы екенін ескермейсіз. Балаңыздың заманында ең бастысы - адамдардың өз-өзіне сенімділігі, шығармашалығы, өкінішке орай сіз ол қасиеттерді көрмейсіз де, дамытпайсыз да. Сіз өмірдің өзгеріп, алға жылжып бара жатқанын көрмейсіз. Сізде ескі көзқарас қалыптасқан.

19 - 35 Сіз балаңыздың келешекте қалай өмір сүретіні туралы әлі де аз ойланасыз. Бірақ та сіз заман талабына сай болу үшін жарасып бағасыз. Тәрбиеде ескі әдіс-тәсілдерді қолданбауға тырысасыз. Кездескен қиындықтарды балаңызға өз бетімен шешуге үйретіп жүрсіз. Оған жеткілікті түрде бостандық бергенсіз, өзіңіз бағындыруға тырыспайсыз. Бірақ әлі де өзіндік өмірге дайындық аз. Сіз балаңыздың өз бетімен ойлауын дамытуды қолға алыңыз, сонда балаңызда әр нәрсеге, жағдайға деген өз көзқарасы қалыптасады.

36 - 50 Сіз балаңыздың мейірімділік пен әділеттілігі басымырақ,ақыл, ойды, ашық мінезді, жеке пікірді бағалап, өзімшілдікті сөгетін әлемде өмір сүретініне сенесіз.

Толғаныс

«Жанұя типтері»

1. Әмірлі (авторитарлық)

2. Демократиялық (егемендік)

3. Бетімен жіберушілік

4. Рақымшыл жанұя

Сіздің жанұя, жанұя типтерінің қайсысына жатады? (іштей ойланып, сіздің жанұяңыз сіз таңдаған типте болғаны сізді қанағаттандыра ма?... Өзгерткіңіз келмей ме? Қалай өзгертер едіңіз? Кімнің көмегі керек?) Ұсынысыңыз, қосар пікіріңіз болса, рефлексия парағына жазып қалдыруға болады.

Рефлексия парағы

Қай типті таңдадыңыз? Өзгерткіңіз келе ме? Кімнің көмегі қажет?

1 Иә 1) Отбасы мүшелері

2) Психологттың

3) Мұғалімнің, тағы кім?

2 Жоқ

«Оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдерге ата-аналардың көзқарасы»«Оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдерге ата-аналардың көзқарасы»«Оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдерге ата-аналардың көзқарасы»

© 2010-2022