Қыс ғажайыптары ашық сабақ

Балаларға қарапайым тәжірибелер жасауға, бақылауға үйрету. Судың қасиеттерімен таныстыру. Жылы жерде тұрып қар еріп, суға айналатыны жайлы білімдерін  бекіту. Дем алу жаттығуларымен жаттықтыру. Балалардың ұстап сезу сезімдерін дамыту. Өз бетінше жұмыс жасауға, бір- бірімен толерантты қарым - қатынаста болуды тәрбиелеу.Балаларға қарапайым тәжірибелер жасауға, бақылауға үйрету. Судың қасиеттерімен таныстыру. Жылы жерде тұрып қар еріп, суға айналатыны жайлы білімдерін  бекіту. Дем алу жаттығуларыме...
Раздел Другое
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ашық ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің технологиялық картасы

Білім беру саласы: «Қатынас», «Таным», «Шығармашылық», «Әлеуметтік орта»

Кіші сала: «Тіл дамыту», «Қоршаған ортамен таныстыру», «Сурет салу», «Экология»

Тақырыбы: «Қыс ғажайыптары».

Мақсаты: Балаларға қарапайым тәжірибелер жасауға, бақылауға үйрету. Судың қасиеттерімен таныстыру. Жылы жерде тұрып қар еріп, суға айналатыны жайлы білімдерін бекіту. Дем алу жаттығуларымен жаттықтыру. Балалардың ұстап сезу сезімдерін дамыту. Өз бетінше жұмыс жасауға, бір- бірімен толерантты қарым - қатынаста болуды тәрбиелеу.

Кезеңдер

Тәрбиешінің іс- әрекеті

Балаалрдың іс- әрекеті

1.







2.



















































































































3.



Таңғы шеңбер. Амандасу.

-Балалар сендерге үйге қонақтар келгенде сендер не істейсіңдер?

-Бізге де қонақтар келіп тұр. Қане алдымен қонақтарымызбен амандасып алайық.

-Балалар кімнің көңілі қандай қане көрсетіңдерші. Егер жақсы болса- қолдарынды алға созыңдар, менің алақаныма. Ал кімнің көңіл- күйі жоқ- жай ғана қолдарыңды түсіріңдер. Балалар .... көңіл- күйі жоқ екен. Оның көңілін қалай көтерсек екен айтыңдаршы?

-Мүмкін біз ойындар ойнасақ көңілдері көтерілер қалай ойлайсыңдар?

-Балалар әйнекке қараңдаршы, не көріп тұрсыңдар?

Оны қайдан білдіңдер?

-Қыс бізге көптеген ғажайыптар дайындап қойды, соның біреуі мынау шелектің ішінде. Шелектің ішінде не бар деп ойлайсыңдар? Қане ұстап көріңдерші шелекті оның сырты қандай?

-Қане қарды қолдарына алып көріңдер.Рас қар ма балалар? Олар еріп жатыр ма? Неліктен?

-Қане үрлеп көрейікші қарды.

Дем алу жаттығуы «Қарды үрле»

Зерттеу жұмысы «Қар неге айналады?»

-Балалар қар қандай? Қане оны жылытайықшы.

-Қане алақандарымызды ашайық. Балалар қараңдаршы қарымыз неге айналып кетті? Неліктен?

-Сонда қандай қортындыға келуге болады?

-Жарайсыңдар балалар! Қарымызды қайтадан шелекке салайық.Балалар айтыңдаршы, алақанымыз қардан кейін қандай болды?

Енді қолдарымызды орамалмен сүртейік.

Зерттеу жұмысы «Қандай тамшы?»

-Қарымыз суға айналып кетті. Ал су тамшылардан тұрады ал қандай тамшылардан тұратындарын мен қазір сендерге көрсетемін.

Менде сиқырлы пипетка бар. Мен қазір сендердің қолдарына түрлі- түсті қақпақ беремін. Сол қақпақтарына бір тамшы судан себемін.

-Енді сендердің әрқайсыларыңда өз тамшыларын бар. Тамшыларыңа мұқият қарап айтыңдаршы ол қандай?

-Қане тамшымызбен ойнайықшы. Қақпамызда домалатайық. Қараңдаршы менің тамшым қалай домалайды. Қане оны үрлеп көрейікші. Егер қатты үрсек не болады?

-Міне балалар біз сендермен тамшымен таныстық. Осындай көп кішкентай тамшылардан су пайда болады.

-Жарайсыңдар балалар шаршап қалған шығарсыңдар, қане бір сергіп алайық

Сергіту сәті: «Аяқпенен топ- топ»

-Жарайсыңдар балалар! Қане енді стақандар тұрған үстелге жақындайық. Балалар қараңдаршы мында бос стақандар тұр. Мен қазір бір стақанға мына ыдыстан су құямын.(Таза су құяды) Қараңдаршы стақандағы су қандай?

-Ал біз ондай суды қайдан аламыз?

-Бұл сумен не істеуге болады?

-Ал енді мен екінші ыдыстың суын құяйын. Бұл ыдыстың суы қандай екен?

-Кір су қайда болады?

-Су ішкім келіп кетті ғой. Қайсы суды ішуге болады? Неліктен?

-Балалар қазір біз сендермен сиқыршы боламыз. Қазір біз үстіне мақта дискасы қойылған стақанға суды құямыз. Қане маған мұқият қараңдар мен сендерге көрсетемін. Содан кейін өздерің істеп көресіңдер.

Тәжірибе жасаймыз,

Таза суды табамыз.

Фильтордан кір өткізбейміз.

Суды бірге тазартамыз.

-Қараңдаршы не болды? Су тазарды ма?

-Жарайсыңдар! Қазір мен сендерге сиқырлы суреттер таратамын. Сендер сол суреттерді осы сумен бояп көресіңдер.

-Жарайсыңдар балалар! Қане қонақтарымызға көрсетіңдерші қандай тамаша суреттер. Ал кешке кепкесін ата- аналарыңа көрсетесіңдер.

-Балалар ал сендерге сумен ойнаған ұнады ма? Көңіл- күйлерін көтерілді ме?

-Қане енді келген қонақтармен қоштасайық.

Шеңберге тұрады.

-Қонақтармен амандасады.

Қонақтармен амандасады.

Қолдарын алға созу арқылы немесе түсіру арқылы өз көңілдерін білдіреді.

Өз жауаптарын айтады.

Балалар тәрбиешінің ұсынысымен келіседі.

-Қазір қыс мезгілі.

Өз жауаптарын айтады.

Қызыға қарап отырып, өз жауаптарын айтады.

Қарды қолдарына алады. Бұл расымен қар, ол еріп жатыр, өйткені алақан жылы.

Барлығы қарды үрлеп, жаттығуды орындайды.

-Қар суық. Алақандарын жауып, қарды жылытады.

-Қар суға айналып кетті. Жылы болғасын.

Жылы болса, қар ериді.

-Алақанымыз сулы болды.

Қолдарын орамалмен сүртеді.

Мұқият тыңдап отырады.

Тәрбиешіге түрлі- түсті қақпақтарын созады.

-Таза, кішкентай, сулы, әдемі.

Тамшыларын қақпақта домалатады.

Тамшыларын үреді.

-Қатты үрсек, тамшы жоғалып кетеді.



Сөздерін қайталап, қимылдарын жасайды.

Үстелге жақындайды.

Мұқият қарап отырады.

-Стақандағы су- таза, мөлдір.

-Ондай суды краннан, бөтелкеден аламыз.

-Тамақ пісіреге, компот қайнатуға, шай ішуге болады.

-Бұл су кір, лай.

-Шалшық суда, далада кір су болады.

Өз жауаптарын айтады.

Тәрбиешінің қимылдарын мұқият қарап, өздері тәжірибе жасап көреді.



-Иә, су тазарды.

Тәрбиеші берген суреттерді бояйды.

Қонақтарға суреттерін көрсетеді.

Барлығы қуанып шаплақтайды.

Қонақтармен қоштасады.

Күтілетін нәтиже:

Ұғынады: Өз бетінше жұмыс жасауды.

Түсінеді: Судың қасиеттерін.

Қолданады: Қарапайым тәжірибелер жасауды, бақылауды.





МКҚК «Балауса» балалар бақшасы













Ашық ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің технологиялық картасы



Тақырыбы:

«Қыс ғажайыптары»





«Жұлдыз» ІІ кіші топ











Тәрбиеші: Ә. Б. Хасенова



2014- 2015 о.ж



Ашық ұйымдастырылған оқу іс- әрекеті

Тақырыбы: «Қыс ғажайыптары»



Қыс ғажайыптары ашық сабақ Қыс ғажайыптары ашық сабақ



Қыс ғажайыптары ашық сабақ Қыс ғажайыптары ашық сабақ



Қыс ғажайыптары ашық сабақ











































Қыс ғажайыптары ашық сабақ Қыс ғажайыптары ашық сабақ





Қыс ғажайыптары ашық сабақ Қыс ғажайыптары ашық сабақ





Қыс ғажайыптары ашық сабақ





© 2010-2022