Қазақ әдебиеті М. Жұмабаев Сүйемін

Раздел Другое
Класс 7 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

М.ЖҰМАБАЕВ «СҮЙЕМІН» ӨЛЕҢІ

(СЫН ТҰРҒЫСЫНАН ОЙЛАУ)

Жумина Самал Орынбасарқызы-

бірінші санатты қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Қаракөл жалпы орта білім беретін мектеп-балабақшасы

Қаратөбе ауданы

Батыс Қазақстан облысы


Пәні: қазақ әдебиеті

Сыныбы: 7-сынып

Сабақтың тақырыбы: М.Жұмабаев «Сүйемін» өлеңі

Сабақ мақсаты: Мағжанның ақындық ерекшелігіне тоқталу, «Сүйемін»өлеңінің тақырыбы мен мазмұнын ашу,мәнерлеп оқуға ,өлең құрылысына талдай білуге үйрету.

Міндеттері: білімділік - Мағжанның өмірі мен «Сүйемін» өлеңінің байланысын ашу; дамытушылық- тіл байлығының артуына ықпал жасау,шығармашылық жұмыстар арқылы ойлау қабілетін дамыту,білімді жүйелеу,пікір ,түйінді ой айтуға жетелеу,жол ашу; тәрбиелік -анасын,халқын,туған жерін, Отанын қадірлеуге,сүюге тәрбиелеу. Түрі : жаңа білімді меңгерту.Әдіс- тәсілдері : сұрақ жауап,баяндау,СТО стратегиялары.Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, тарих. Көрнекілік: Ж.Жабаев,М.Жұмабаев суреттері,шығармалары, «Бәйге» сұрақтары,интерактивті тақта.

Сабақтың барысы.

I.Ұйымдастыру кезеңі : Оқушылармен амандасу,түгелдеу.

II Үй тапсырмасын сұрау.Үй тапсырмасы Ж.Жабаев «Атаның әлдиі»өлеңін жаттау,халқымыздың әлди өлеңдерін, бесік жырларын ізденіп тауып келіп,сыныпқа мәнерлеп оқып беру.

/Ж.Жабаевтың «Атаның әлдиі»өлеңін жатқа мәнерлеп оқу,өтілген тақырыптардан қосымша сұрақтар интерактивті тақта арқылы таңдалады/

III «Бәйге» сұрақтары

Бағалау: жатқа мәнерлеп оқуға,ізденіс жұмыстарына :50 балл -өте жақсы, 30- балл жақсы, 20 -балл қанағаттанарлық,қосымша сұрақтар оқушының өз еркімен интерактивті тақтадан таңдалады 100 -120 жоғары балл -үздік. 70-90 балл-. жақсы «Бәйге» сұрақтары:

10

20

30

40

50

10

20

30

40

50

10

20

30

40

50

10

20

30

40

50

10

20

30

40

50

10- лиро эпостық жырлар мен шешендік сөздер

20- шығарманың атын ,авторын табу

30 -Бұл кім? Кейіпкерді атау.

40 - берілген үзіндіні жалғастыр

50 -әдебиет теориясынан сұрақтар

10 -«Әдебиет» қандай сөз?

10 -«Қозы Көрпеш Баян сұлу»жырының басты кейіпкерлері.

10- Лиро -эпостық жырдың түрін ата.

10 -«Риторика» қандай өнер?

10- шешендік сөздің түрлерін ата.

20- Таңертең саятына қарап тұрса ,

Қолтыққа буаз марал кірген екен.

Маралды екеуінің де көзі көрді,

Ырымдап әрбір түрлі ой жіберді. / «Қозы Көрпеш- Баян сұлу»жыры/

20-Тауды екіге жарасың

Тастың қашап арасын .

Кесіп өтіп кезеңді

Аягөз,қайда барасың?! /Д.Бабатайұлы «Аягөз, қайда барасың?!»

20- Арыстаным, көп болды - ау

Саған да менің арманым!

Кермиығым, кербезім!

Керіскідей шандозым. /Махамбет «Тарланым»/

20- Біреуі - көк, біреуі - жер тағысы,

Адам үшін батысып қызыл қанға.

Қар - аппақ, бүркіт- қара , түлкі- қызыл,

Ұқсайды хасса сұлу шомылғанға.../А.Құнанбаев «Қансонарда бүркітші шығады аңға»/

20-Сонда бұл мұрнын көкке көтереді,

Адамсып, маңызданып, жөтеледі:

«Жер жыртып күні бойы , шаршап келем,

Мазалап ,сұрап саған не керегі?» /А.Байтұрсынов «Екі шыбын»/

30-Сұңқардың форымындай мойыны бар,

Көзіне гауһар отын жақтағандай.

Өзіне ашылып біреу сөйлемесе,

Аузынан ешкім ләззат татпағандай. / Баян сұлу/

30-Дүниеде не өлмейді?

Жақсының аты өлмейді,

Ғалымның хаты өлмейді. / Жиренше шешен/

30- Біз қазақ мал баққан елміз,бірақ ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз.Елімізден құт- береке қашпасын деп,жеріміздің шетін жау баспасын деп,найзаға үкі таққан елміз,ешбір дұшпанға басындырмаған елміз,басымыздан сөз асырмаған елміз.Досымызды сақтай білген елміз,дәмі тұзын ақтай білген елміз. /Қазыбек би/

30- Ән салса , ол өзін -өзі ұмытады, әннің әуеніне төңкеріледі, оның дауысы көмейінен шықпайды , жүрегінен шығады . /Әмірқан /

30- «Ойбай, апа - ай! Ат беретін кісі мендей бола ма? Бүгінгі күн менікі болған жоқ па!- деді» /Күнікей/

40-«Әз Жәнібектің алпыс биі болған еді.Бір жолы хан билеріне «Дүниеде не өлмейді?»- деп сұрақ қойғанда , алпыс би бір ауыздан былай депті: »Жалғастыр.

40-Қараңғы түнде тау қалғып,

Ұйқыға кетер балбырап. Жалғастыр.Авторларын ата .

40- Қараңғы қазақ көгіне

Өрмелеп шығып күн болам. Жалғастыр.Кімнің өлеңі?

40-Әр адамның ішкі сыры,

Берік қойма сақталған.

Сол қойманың бір түкпірін... Жалғастыр.Кімнің өлеңі?

40- Ал ,Қуаныш ,Қуаныш

Сені етейін жұбаныш,

Алғадайым өлгелі

Боп кетіп ем жылағыш... Жалғастыр.Кімнің өлеңі?

50-Көркем әдебиеттегі жинақталған адам образы қалай аталады? /Типтік образ/

50-Белгілі бір өлшеммен,үйлесімді ырғақпен ұйқасып келетін поэзиялық жанр түрі ?/Өлең/

50- «Сұр бұлт , түсі суық қаптайды аспан,

Күз болып дымқыл тұман жерді басқан» /Эпитет/

50-«Құландай ащы дауыстым!

Құлжадай айбар мүйіздім!

Қырмызыдай ажарлым!

Хиуадай базарлым!» /Теңеу/

50-«Қар- аппақ,бүркіт- қара, түлкі -қызыл,

Ұқсайды қаса сұлу шомылғанға.

Қара шашын көтеріп екі шынтақ,

О да бүлк бүлк етпей ме сипағанда,

Аппақ ет,қып- қызыл бет, жап- жалаңаш,

Қара шаш қызыл жүзді жасырғанда» / Шендестіру,антитеза/

III.Жаңа сабақ:

Арыстандай айбатты,

Жолбарыстай қайратты,

Қырандай күшті қанатты

Мен жастарға сенемін! - деген құдіретті өлең жолдарын жастарға кім арнап еді? Есімізге түсірейікші?Яғни ,ақын болашақтың бәрі жастардың қолында екенін айтып бізге күш, қуат, рух береді.Мағжан Жұмабаев кім? «Топтастыру»стратегиясы.М.Жұмабаев: елін сүйген патриот ақын, «Бес арыстың» бірі, дәулетті отбасынан шыққан, төрт жасынан хат таныған,сыршыл ақын,мұғалім т.б М.Жұмабаев туралы бұрыннан білетін мәліметтерді жаңа біліммен толықтыру.

-Мағжан Бекенұлы Жұмабаев қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы Булаев ауданында Сасықкөл деген көлдің жағасында әулетті жанұяда дүниеге келген.Ақынның әкесі Бекен -Қазан төңкерісіне дейінгі кезеңдегі ірі қазақ байларының бірі.Бекенде жеті ұл,екі қыз болған.Сол балаларының үшіншісі -Мағжан.Мағжан төрт жасында ауыл мұғалімінен хат танып, сауат ашады.Мағжанның оқуға зеректігін көрген әкесі оны 1905 жылы Қызылжар қаласындағы Шалақазақ медресесіне оқуға береді.

Бұл медресені Стамбул университетінде оқып дәріс алған , араб, парсы, түрік тілдерін еркін меңгерген жергілікті интеллегент Мұхаметжан Бегішев ашқан екен.Мағжан бұл медресені 1910 жылы 17 жасында жақсы үлгеріммен бітіріп шығады.Ол арабша, парсыша , түрікше тіл біліп , сол тілдердегі әдебиетпен таныса бастайды.Оның ақындық талантының ояна бастағаны да осы жылдар болса керек.Оқуға зерек баласының бетінен қақпайтын ата-анасы Мағжанның оқуын әрі қарай жалғастыруына қарсы болмай , оны Уфадағы Ғалия медресесіне дәріс алуға жібереді.

М.Жұмабаев Мәскеуде В.Я.Брюсов ашқан Жоғары әдеби -көркем институтта оқыды.В.Я.Брюсов оның талантына сүйсініп : «Оның поэтикалық таланты жоғары , табиғаттан дарыған.Оған қоса математикадан , музыкадан, бейнелеу өнерінен білімінің тереңдігі ғажап !»-деп таңырқаған. Мағжан да Абайға еліктеп , ұлы ақын дәстүрінде жыр жазды. «Жазғы таң», «Өнер-білім қайтсе табылар», «Қазағым», « Мен кім?», «Мен жастарға сенемін», «Сағындым» атты өлеңдері ақынның жан дүниесінен ,көңіл күйінен хабар береді.

М.Жұмабаев шығармашалағының бір саласы оның эпикалық туындыларын құрайды.Оның «Батыр Баян», «Қорқыт», «Толғау», «Жүсіп хан» атты поэмалары қазақ әдебиетінің алтын қорына айналды.

«Сүйемін» атты өлеңін ақын қартайған анасына ,күнделікті тұрмыстың жетегінде жүрген қарапайым жарына деген сезімін суреттеуден бастайды.Өлеңде әр адамға таныс,жанына жылы өмір суреті,туған елі мен жеріне деген ыстық сүйіспеншілік бар.

а) « Сүйемін» өлеңін мәнерлеп оқу.

ә)Өлең құрылысына талдау.

Күлдей күңгірт шашы бар а

Тоқсан бесте жасы бар, а

Көз дегенің сұп- сұр көр, ә

Тасбиық санап бүгіліп, б

Жерге қарап үңіліп, б

Көрше ауыр күрсінер, а

Менің бір қарт анам бар, а

Неге екенін білмеймін, в

Сол анамды сүйемін. в

(1 шумақ, 9 тармақ, 7 буын, аралас ұйқас)

Деңгейлік тапсырмалар:

1.Дәптерлеріңе кестені толтыр.

Ақын кімді, нені сүйген?

Қандай жолдар арнаған?



2.Өлеңнен қандай көркемдегіш сөз, сөз тіркестерін байқап тұрмыз?

Теңеулер: күлдей, жыландай, қырандай.Эпитет: күңгірт, сұп-сұр көр, жабайы жар,ұйқы басқан қабағы.

3.Жаныңа жақын адамдарға, туған жерлеріңе қандай жолдар арнар едің?

Үйге тапсырма: «Сүйемін»өлеңін жаттау.

Мұғалім: «Мағжан -мәдениеті зор ақын.Сондықтан бүгінгі күннің бар жазушысының ішінен келешекке бой ұрып , артқы күнге анық қалуға жарайтын сөз-Мағжанның сөзі деп білемін»-деген екен ұлы М.Әуезов, ендеше ұлымызды ұлықтай білейік!

Бағалау.

© 2010-2022