1 сынып Аңдар

Раздел Другое
Класс 1 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Аңдар

Сабақтың мақсаты:

Аң атауларын қайталау, бас, көз, құлақ, тұмсық, құйрық, аяқ сөздерін аңдармен байланыстыра қолдануға үйрету, төл дыбыстарды (ң, һ) салыстырмалы түрде қайталау.

Күтілетін нәтиже:

Пәндік: аңдарды атай алу, тақырып бойынша белсенді сөздік қорды меңгеру, тол дыбыстарды дұрыс дыбыстау.

Тұлғалық: жан-жануарлар мен аңдарға деген мейірімділікке ұмтылу.

Жүйелік-әрекеттік: сабақ барысында меңгерген белсенді сөздік қор мен қарапайым үлгі құрылымдарды өзіне таныс өмірлік жағдаяттарда орынды қолдана алу.

Сабақ барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Оқушылардың көңілін сабаққа аударуды ұйымдастыру.

II. Өткен сабақ пен жаңа сабақты сабақтастыру

III. Жаңа сабақ

1-тапсырмадағы сурет бойынша аң атаулары қайталанады. Оқушылар бірінші сыныпта өткен аң атауларын еске түсіреді.

Піл, аю, қоян, қасқыр, тиін, арыстан, керік.

2-тапсырмадағы пілдің суреті бойынша бас, көз, құлақ, тұмсық, құйрық, аяқ сөздерінің мағынасы түсіндіріледі.

3-тапсырмадағы сөз тіркестерін сәйкестендіріп оқу арқылы бас, көз, құлақ, тұмсық, құйрық, аяқ аң атаулары-мен байланыстырыла қолдануға дағдыланады. Мысалы: арыстанның басы, қоянның құлағы, тиіннің көзі, түлкінің құйрығы, аюдың тұмсығы, пілдің аяғы.

арыстанның - басы

қоянның -құлағы

тиіннің - аяғы

түлкіннің - көзі

аюдың - тұмсығы

пілдің - құйрығы

«Есте сақта!» айдарымен берілген кесте бойынша қ-ғ дыбыс алмасуына назар аударылады.

құлақ құйрық тұмсық аяқ

Оның құлағы Оның құйрығы Оның тұмсығы Оның аяғы

4-тапсырмадағы сұрақтарға жауап беру үшін оқушылар жапырақтардың арасына жасырылған аңдарды табуы керек. Мысалы: «Бұл ненің басы?» деген сұраққа оқушылар «Арыстанның басы» деп жауап береді.

«Бұл ненің құлағы?» «Қоянның құлағы »

«Бұл ненің көзі?» «Тиіннің көзі»

«Бұл ненің тұмсығы?» «Пілдің тұмсығы»

«Бұл ненің аяғы?» «Аюдың аяғы»

«Бұл ненің құйрығы?» «Түлкінің құйрығы»

5-тапсырмадағы сөйлемдерді оқу арқылы аң атаулары қайталанады. Олардың үлкен, кішкентай және ұзын сөздері белсенді қолданысқа енгізіледі.

Мынау-тиін. Тиін- кішкентай аң. Тиіннің құйрығы ұзын.

Мынау-қоян. Қоян-кішкентай аң. Қоянның құлағы ұзын.

Мынау-піл. Піл-үлкен аң. Пілдің тұмсығы ұзын.

Жазу дәптеріндегі тапсырмаларды орындау арқылы оқушылар оқулықтағы лексика-грамматикалық тапсырмаларды бекіте түседі.

IV. Жаңа сабақты қорытындылау

Мұғалім оқушылар арасында жағымды психологиялық жағдай қалыптастыра отырып, сабақты аяқтайды.

Үй жұмысы: 6-тапсырмада оқушылар н, ң, һ дыбыстарын және осы дыбыстар кездесетін сөздерді қайталайды, есте сақтайды. Әріптердің айналасында орналасқан суреттерді атау арқылы осы дыбыстар кездесетін сөздермен сөздік қорларын арттыра түседі.





© 2010-2022