Коучинг на тему Талантты және дарынды балаларды оқыту ерекшелігі

Тараз қаласының №53 орта мектебінің екінші деңгей мұғаліміЕсмаханова Ақмарал Қанатбекқызы.Коучингтің тақырыбы: Талантты және дарынды балаларды оқыту ерекшелігі.Коучингтің мақсаты: Мұғалімдерге талантты және дарынды оқушыларды оқытудың ерекшеліктерін түсіндіре отырып, олардың мүмкіндіктеріне қолдау көрсетудің маңызын ұғындыру. № Уақыт Кезеңдері Коучтың іс-әрекеті Мұғалімнің іс-әрекеті Күтілетін нәтиже 1 2 мин Ұйымдастыру кезеңіСергіту сәті Мұғалімдерді топқа бөлу Шенбер құр...
Раздел Другое
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тараз қаласының №53 орта мектебінің екінші деңгей мұғалімі

Есмаханова Ақмарал Қанатбекқызы.

Коучингтің тақырыбы: Талантты және дарынды балаларды оқыту ерекшелігі.

Коучингтің мақсаты: Мұғалімдерге талантты және дарынды оқушыларды оқытудың ерекшеліктерін түсіндіре

отырып, олардың мүмкіндіктеріне қолдау көрсетудің маңызын ұғындыру.

Уақыт

Кезеңдері

Коучтың іс-әрекеті

Мұғалімнің іс-әрекеті

Күтілетін нәтиже

1

2 мин

Ұйымдастыру кезеңі

Сергіту сәті

Мұғалімдерді топқа бөлу

Шенбер құрып өзін-өзі таныстырады келесі мұғалімге тілек айтады

«Молекула» ойыны арқылы топқа бөлінеді.

Ұйымшылдыққа

Жылдамдыққа, белсенділігін арттыруға үйренеді

2

10мин

Ой қозғау

«Еркеш», «Алпамыс», «Жансая Абдумалик» бейнеролигін көрсету

Осы бейнеролик туралы не айтасыздар?

Мұғалімдер талдайды, ойларын айтады, ойларын бөліседі.

Дарынды балалар туралы видеороликтен бірнеше ақпараттар алады

3

3мин

Презентация

- Дарынды және талантты бала қандай бала?

- Дарындылық қай кезде қалыптасады деп ойлайсыз немесе ол туылған кезден пайда бола ма?

- Дарын мен таланттың арасында қаншалықты айырмашылық бар немесе қаншалықты жақын?

-Дарынды және талантты балаларды оқытуда мұғалім қандай қолдау көрсетеді?

Слайд бойынша талқылау

Сыни тұрғыдан ойлана отырып, жауап береді

4

10 мин

Тапсырма №1

Топтық жұмыс

І топ: «Талантты және дарынды балаларды анықтаудың жолдары»

ІІ топ: «Талантты және дарынды балалардың мінез-құлқындағы ерекшеліктер »

ІІІ топ: «Талантты және дарынды оқушыны анықтауда мұғалімге қойылатын талаптар»

Әр топ постерге жазады , қорғайды.

Дарынды және талантты балалар туралы қажетті деректер жинақтады

5

2 мин

№ 1 тапсырманы бағалау

Смайликтермен бағалау

Әр топтың жасаған постерлерін топ болып бағалайды.

Бағалау түрлерін үйренеді.

6

5мин

Презентация

«Дарынды және талантты балаларды оқыту»

Дарынды және талантты балаларды оқыту ерекшеліктерімен таныстыру

Слайд бойынша талқылау

Дарынды және талантты балалар туралы қажетті деректер жинақтады

7

3мин

№ 2 тапсырма

1-топ «Қарама-қарсы бағытта шауып бара жатқан екі атты құрастыру»

Қарама-қарсы бағытта шауып бара жатқан екі атты адамды құрастыру.

Шығармашылықтарын дамытады.

8

5мин

№2 тапсырманы бағалау

«1 сурет 5 сөз» арқылы бір-бірін бағалайды.

Бағалау түрлерін үйренеді.

9

3мин

Тренинг «Мен кіммін?»

Музыка әуенімен тренинг жүргізу

10

2 мин

Рефлексия

«Конверттер»

Коучинг туралы өз ойларын білдіреді


© 2010-2022