Жастар арасында патриотизмді қалыптастыру бүгінгі күннің басты мәселесі

Раздел Другое
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Жастар арасында патриотизмді қалыптастыру бүгінгі күннің басты мәселесі

Бүгінгі таңда қоғам мен мемлекеттің білім беру жүйсенің алдына қойып отырған міндеттерінің бірі - жеткіншектерді Қазақстандық патриотизммен Қазақстанды мекендейтін халықтардың ұлтаралық ынтымақтастығы рухында тәрбиелеу болып табылады. Бұл талаптың өзектілігі қазіргі әлемді сақтаудың басты жолдарының бірі - жеткіншектерге патриоттық тәрбие беруде халықтың мәдени мұрасын пайдаланудың маңызы зор. Жастардың санасында патриотизмді дамытудың басты шарты бір жұдырық болып бірігіп бірлік пен татулықты сақтау. Мысалы алатын болсақ құм, кесек, суды кез келген бала қалаған формаға келтіре алады. Ал егер де осыларды цементпен араластырса оны бала түгіл ересек адам да бұза алмайды. Осылардың барлығын біріктіріп тұрған әрине цемент. Ал біздің жастарымызды біріктіретін ол патриотизм. Ертеңгі елдің болашағы жастарды патриоттыққа тәрбиелеу бүгінгі күннің басты мәселесі болып отыр. Ендеше осы тәрбиені отбасыдан, содан соң мектептен бастауы керек. Жаңа технология заманы дейміз. Ол әрине дұрыс жаңа технологияны меңгеру керек, білім алу керек дейміз , алайда тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы демекші ең алдымен тәрбие беру басты міндет болып табылады. Әр бір өсіп келе жатқан Қазақстанның болашақ жастарының санасына азат еліміздің тәуелсіздігі қандай жолмен келгендігі, сол азаттықтың жолында бабаларымыздың қаны төгілгендігі, олар үшін бүгінгі азаттық таңының қаншалықты қымбат екендігін сіңіру қажет. Кез келген біздің еліміздің балаларының санасында «мен осы елдің азаматымын, осы елдің ертеңімін, елімнің ертеңі менің қолымда» деген ойлар қалыптасса нағыз патриот, ұлттық рухы биік, отанға деген сүйіспеншілігі жоғары жастар деуге болса еліміздің болашағы жарқын болары сөзсіз.

Өмірлік орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімі: Кеулімжай М.Қ



© 2010-2022