• Преподавателю
  • Другое
  • Тұлғаны жан-жақты дамытуды қалыптастырудағы жараталыстық-ғылыми пән бірлестігінің ролі

Тұлғаны жан-жақты дамытуды қалыптастырудағы жараталыстық-ғылыми пән бірлестігінің ролі

Раздел Другое
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Танбаева Н.С.


Семей көп салалы колледжі


Тұлғаны жан-жақты дамытуды қалыптастырудағы жараталыстық-ғылыми пән бірлестігінің ролі

Еліміздің білім беру жүйесінде әлемдік деңгейге жету үшін жасалып жатқан талпыныстар жағдайында әр түрлі әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, терең білімді, ізденімпаз, барлық іс-әрекетінде шығармашылық бағыт ұстанатын, сол тұрғыда өз болмысын таныта алатын жеке тұлғаны қалыптастыру маңызды міндет болып отыр.

Жаратылыстану -табиғатты жан-жақты, әрі біртұтас зерттейтін жаратылыстану ғылымдарының жиынтығы. Оның құрамына физика, химия, биология, география және психология енеді. Табиғат туралы ғылымдар, комплексті болғандықтан, ол натур-философиядан туындаған еді., жаратылыстану тек нақты деректер мен білімді тәжрибеге сүйене отырып тексереді және мұны өзінің негізгі принципі деп санайды. Ірі ғылымдар тобын құрайтын және бағалы жетістіктері бар қоғамдық ғылымдармен салыстырсақ жаратылыстану ғылымы объективтік эталоны болып саналады.

Қазіргі жаратылыстану пәндері пәні студенттерге әлемнің ғылыми-жаратылыстық бейнесін түсіндіріп, табиғатты танып білудегі ғылыми көзқарастарды қалыптастыруға және алған білімдерін өздерінің болашақ мамандықтарына пайдалана білуге көмектеседі. Қазіргі кезде ғылымның дамуында интеграция мен дифференциация негізгі бағыт болып саналады. Бұл процестер жаратылыстану және гуманитарлық ғылымдар бірлігінде айқын байқалынды.Сондықтан бұл пәнді оқып үйрену арқылы студенттер фундаментальді және қолданбалы ғылымдардың арасындағы терең байланыстылықты ұғынады.

Табиғаттағы негізгі заңдарды, құбылыстарды және процестерді зерттеу адамзат пен қоғамды танып-білуімен ұштасып келеді. Жаратылыстану, гуманитарлық, математика мен техникалық ғылымдарының жетістіктерін бір-бірімен байланыстырып қараған кезде дүниенің біртұтас ғылыми бейнесі қалыптасады. Болашақ маман жаратылыстану мен гуманитарлық мәдениеттердің жетістіктерімен қаруланып, білімді, әрі ғылыми сенімді адам болып қалыптасуы тиіс. Болашақ ұрпақ табиғаттың фундаменталь заңдарын, сан қырлы құбылыстар мен процестерін және Әлемнің құрлысын, даму заңдылықтарын зерделеп, дүние мен өмірдің мәнін дұрыс түсінулері қажет. Физика, химия, биология және де басқа ғылымдардың жетістіктерін түсініп, қазіргі кездегі ғылымдардағы бағыттар мен салалары туралы хабардар болуы керек. Мега -макро- және -микродүниелер күрделілігін түсініп, олардағы құпия құбылыстарды ашуға бағытталған зерделеуге қажет материалдық жаңа технологияның негізінде жасалынған құрал-жабдықтардың қаншалықты қаржыны, еңбекті, жігерді және білімді қажет еткендігін бағалай біледі.

Пәннің негізгі міндеттері - жаралыстану пәндері: әлемнің біртұтастығы; табиғаттың даму заңдарының барлық материя түрлеріне орындалатындығы; жаратылыстану ғылымның адамзаттың материалдық және рухани мәдениеттеріне әсері; ғылыми-жаратылыстану мен гуманитарлық мәдениеттердің бірлігі мен байланысы; дүниенің физикалық, химиялық, биологиялық концепцияларын және оның қазіргі кезеңдегі ғылыми бейнесі; биосфера, неосфера және адам; эволюциялардың концепциялары мен тіршіліктің пайда болуы және ерекшелігі; экологиялық апаттарды болдырмау жолдары, табиғатты сақтау; адам табиғи-биоәлеуметтік қайталанбайтын жәке тұлға; адам табиғаттың эволюциясынытық нәтижесінде пайда болған саналы, ақыл-ойлы жан; жердегі тіршілік тағдыры; ғылымның болашақтағы даму бағыты мәселелерін қарастырады.

Жаралыстылыстық-ғылыми пәндер - ғылымның дүниені тану процесінің формасы екендігі және оның салалары, әдістері, таным ерекшеліктері қарастырылады. Жаратылыстану ғылымның даму кезеңдері мен екі мәдениеттің адамзаттың материалдық және рухани байлықтарын арттырудағы әсерлері, дүниенің қазіргі замандағы ғылыми-жаратылыстану бейнесін оқытады. Адамның табиғат тудырған саналы жан екендігі айқындалады, оның дамуына ортаның, еңбектің әсері сипаттанынып, жердегі тірі мен өлі табиғатты сақтауда жауапкершілік туралы сөз болады. Ғылымдағы техникалық жаңалықтар жаңа технологиялар мен құрал-жабдықтар талданады. Пәннің соңғы тақырыптарында ғылымның болашағы даму бағыттары белгіленеді. Осы ретпен пәнді баяндау арқылы студенттерге Әлемнің біртұтастығы, табиғаттың фундаменталь заңдары, материя бірлігі және олардың даму заңдылықтарының ортақтығы туралы көзқарас қалыптастырылады.

Жаралыстылыстық-ғылыми пәндерін білу үшін экология және мектеп бағдарламасындағы физика, химия, биология, география пәндерінен алған білімдері қажет.

Жаралыстылыстық-ғылыми пәндерін оқып меңгерген болашақ мамандар мынадай жағдайларды түсінулері қажет: адам қаншалықты саналы болғанмен ол табиғаттың бөлінбес бір бөлігі; табиғаттағы барлық объектілер бір-біріне байланысты ұйымдасқан, күрделі құрылымдар болып табылады.

Оқушылардың дүниетанымымен кеңейту, шығармашылық қызметке баулу, ізденушілік қасиеттерін жетілдіруде сыныптан тыс жұмыстарды жүргізудің маңызы зор. Үйірме жұмыстарын, тренингтерді, кештерді, олимпиадаға дайындық, конференция, КВН, дәстүрлі емес сабақ түрлерін жүргізуді ұйымдастыру жұмыстарын өзін-өзі басқару әдісі бойынша жүргізеді.

Табиғи - жаратылыстық бағыттағы пәндер табиғат құбылыстарының шын себептерін ашады. Оқушылар түрлі фактілер жинайды, өмірді бақылайды. Заттың бір күйден екіншіге өтуі, молекула түрлерінде, атап айтсақ антипол, айна, микро, макро және мегамер дүниесінде өтіп жатқан өзгерістер ғылыми дүниетанымды қалыптастырады. Оқушылар өмірдің дамуындағы сабақтастықты, қартаю, өлу себептерін, жаңа өсімдіктер мен ағзалардың пайда болуын оқиды. Жоғары жүйке қызметінің заңдылықтарын оқып үйренудің, ғылым мен техниканық адам өміріндегі рөлін түсінудің зор маңызы бар.

Ауызша есептеуге үйретуде оқушылардың білімі мен дағдысын тексеру кезінде арифметикалық диктант ретінде қолданылуы ескеру қажет. Математиканы оқыту сабақ және сабақтан тыс жүргізілетін жұмыстар формасында жүзеге асырылады. Сабақта балалардың математикаға деген ынтасын арттыруға, Олардың өз бетінше жұмыс істей білу дағдысын тәрбиелеуге ерекше назар аударылады.

Мысалы, биологиядан сыныптан тыс жүргізілетін жұмыстар, оқушылардың өз қалауы мен еркі, мұғалімнің жетекшілігімен, олардың танымдық қызықшылығын белсендіріп, анықтау және шығармашылық мүмкіндіктерін дамыту барысында жүргізілетін іс-шаралар мен оқытудың бір формасы болып табылады.

Сыныптан тыс орындалатын жұмыстар арқылы, мұғалімнің шығармашылық мүмкіншіліктерімен бірге оқушылардың танымдық белсенділіктері анықталып, тәрбиелеу жұмыстары да жүзеге асады. Сыныптан тыс өткізілетін жұмыстардың барлық түрлері бір-бірімен тығыз байланысты. Оқушылардың жануарлармен, өсімдіктермен жұмыс жасауға қызығушылығы сабақ үстінде туындайды. Өте қызығатын оқушылар мұғалімнің тапсырмасынан бөлек, өз еріктерімен өте күрделі жұмыстарды да орындайды.

Пәнге қызығушылығы жоғары сынып оқушыларды мұғалім үйірме жұмыстарына біріктіреді. Үйірме жұмысының немесе топқа біріктірілген оқушылардың жұмысын мұғалім сабақ кезінде ғана емес, көпшілік іс-шараларда да пайдаланып, көпшілікке танымал етеді. Мысалы, кештерде, конференцияларда, көрмелерде т.б. іс-шараларда.

Сыныптан тыс өткізілетін жұмыстардың барлық түрлерінің принципі - тәрбиелеп оқыту, жүйелі түрде дамыту.

Тұлғаны жан-жақты дамытуда биологиядан орындалатын сыныптан тыс жұмыстардың ішінде, негізгі орынды алатын «Жас эколог» үйірмесі.

Жас эколог үйірмесінің негізгі мақсаты - оқушылардың пәнге қызығушылығын арттырып, білім деңгейлерін көтеру, ғылыми көзқарастарын қалыптастыру және бақылау, зерттеу, эксперимент жұмыстарын орындау икем-дағдыларын қалыптастыру.

Жас эколог үйірмесінің жұмысы жүйелі түрде, нақты құрылған жоспармен жүргізіледі. Оқушылар саны тұрақты, өз еріктерімен қатысады.
Үйірмеде орындалатын жұмыстарды сабақ кезінде пайдалануға болады. Үйірме жұмыстарын дайындауда оқушылар еңбек етуге, этикалық тәрбиеге дайындалады. Ұжымдық еңбек етуге үйренеді.

Үйірмедегі әрбір оқушының жеке жұмысын, ұжымдық, көпшілік жұмыстармен сәйкестендіру, оқушылардың көпшілік сезімін дамытады. Орта буын оқушылардың психологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, үйірме жұмысының алуан түрлі болуын, оқушылардың қызғушылығын дамытып, шығармашылықтарын көтеретіндей болуын көздеу керек.

Жан-жақты дамыған тұлғаның қоғамдағы құбылыстарға көзқарасы, басқа адамдармен қарым-қатынасы, еңбекке ынтасы оның қоғамдағы орнын анықтауға септігін тигізеді. Олардың физикалық, психологиялық, дүниетанымдық қабылеттері жаратылыстық ғылыми пәндер бірлестігі барысында дамып, қалыптасады.

Сабақтан тыс жұмыс түрлері оқушылардың білімдерін дамыта түседі, пәнге деген қызығушылықтарын оятады. Сабақ барысында онша белсенділік танытпаған оқушы, үйірме жұмыстарына белсене қатысып, басқа қырынан көрінуіне мүмкіндік береді.

Табиғатта жасалатын таным-жорықтар мен топсеруендер, ғылыми конференциялар мен кештер, оқушылардың жасаған жұмыстарының көрмесі. Журналдар, қабырға газеттерін шығару. Жаратылыстану апталығы.

Тірі табиғат мүйісінде орындалатын жұмыстар.
Оқу-тәжірибие учаскесінде орындалатын жұмыстар. Сыныптан тыс оқу. Ғылыми зерттеу жұмыстарында оқушылар ерекше қызығушылық танытады, тіпті өздеріне ұнаған жұмыспен айналысуға ниет білдіреді.

Мұндай іс-шаралар оқушылардың жан-жақты ашыла түсуіне, дүниетанымын кеңейтуге, оқушылардың пәнге қызығушылығын арттырып, білім деңгейлерін көтеру, ғылыми көзқарастарын қалыптастыру және бақылау, зерттеу, эксперимент жұмыстарын орындау икем-дағдыларын қалыптастыруға септігін тигізері сөзсіз. Сонымен қатар халқымыздың әдет-ғұрпымен танысады, ой-өрісі, рухани адамгершілігі қалыптасады, бір-біріне мейірімді, ізетті ризашылықпен қарайтын, өмір сүруге құштарлығы мол жеке тұлғаны тәрбиелейміз. Әр оқушының бойында білім, ой, рухани байлық қалыптасады. Қоғамның әрбір азаматы өзін-өзі көпшілік алдында жақсы, ұнамды жағынан көрсете білуге ұмтылып, оны жақсылыққа, әдептілікке, адамгершілік асыл қасиеттеріне баулу екенін білсе - ісіміздің жемісті болғаны. Ұрпақ тәрбиесіндегі басты мәселе - жан-жақты дамыған тұлғаны тәрбиелеу.

Әдебиеттер:

Идлис Г. М. Современное естествознание. М., 1997

Горелав Л.А. Концепция современного естествознания М., 1997

Алматов Ж.К., Сартбаев Т.С., Рамазанова С.А. Кәзіргі жаратылыстану концепциясы. Шымкент. 1999ж.



© 2010-2022