Сабақ жоспары Күз (4-сынып)

Раздел Другое
Класс 4 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«А.С.Иванов атындағы Выдриха «Жалпы білім беретін

орта мектеп бала-бақша кешені» КММ













Сабақ жоспары

Тақырыбы: «Күз»





Сабақтың тақырыбы: Күз

Сабақ мақсат:

Білімділік: Күз мезгілінде табиғатта болатын өзгерістер туралы және күз мезгілінің астық, жеміс-жидек, көкөністерді жинау мезгілі екенін күздегі ауылшаруашылық еңбек түрлері жөніндегі білім беру.

Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту, сөздік қорларын молайту, танымдық белсенділіктерін арттыру, өздіктерінен жұмыс істеп қорытынды жасауға машықтандыру.

Тәрбиелік: Байқағыштыққа, еңбек сүйгіштікке, қоршаған ортаға қамқор болуға, табиғатты сүюге баулу.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: Сұрақ-жауап, түсіндіру, салыстыру, бақылау.

Пәнаралық байланыс: Ана тілі, математика, өмірмен байланыстыру.

I. Сабақ барысы

1.Ұйымдастыру

1.Оқушылармен сәлемдесу.

2. Оқушылар тізімін түгендеп алу.

3.Оқушылардың назарын сабаққа аударту.

II.Жаңа сабақ

Табиғат күлімсіреп күнімен,

Ән айтар бұлбұл сайрап түнімен.

Көркіне көз тоймайды табиғаттың,

Сұлулықты сүйе біл шыныменен.

«Күн көзін бұлт баспасын» ойынын ойнату арқылы өткен тақырыптарды қайталатып өтеміз.

Ойын шарты: берілген сұрақтарға жауап беру арқылы экраннан күлімдеген күн көзін шығару.

Сұрақтары:

1.Бір жылда неше жыл мезгілі бар?

2. Бір жылда неше күн бар?

3. Бір жылда неше ай бар?

4. Бір айда неше күн бар?

5. Күздің айдармасы қандай?

6. Суретте жыл мезгілдің қай кезі бейнеленген? (күз)

Ендеше бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Күз».

Сабақтың мақсатын хабарлау.

  1. Мынау жылдың қай мезгілі?

  2. Күз айларын ата?

  3. Күз айларында қандай мерекелер бар?

  4. Күз айларында табиғатта қандай өзгерістер болады.

  5. Күзде нелер пісіп жетіледі?

  6. Адамдар күз мезгілінде қандай жұмыстар атқарады?

Ал енді тақтада жазылған жаңа сөйлемдерді сөздіктеріңе жазып алыңдар.

Қысқа-короткий

астау-начать

кейін-после

ерте-рано

егін даласы-посевное поле

жинау-собирать

1-тапсырма

Ал енді тақырыбымызды тапсырмалармен.......

Диалог: оқу және аудару.

Ауа райы

-Күзде ауа райы қандай болады?

-Күзде ауа райы суық болады?

-Күзде күн қандай болады?

-Күзде күн қысқа болады?

-Күзде не жауады?

-Қыркүйек, қазан, айларында суық жаңбыр жауады.

-Ал қараша айында ше?

-Қараша айында қар жауады.

Сергіту сәті:

Қоюланып қара бұлт,

Жауды жаңбыр себелеп.

Жапырақтарды жайылып,

Бұға қалды көбелек.

2-тапсырма

Суреттер бойынша сөйлемдер құрау.

Жапырақ сарғаяды.

Күн, бұлтты болады.

Жаңбыр жауады.

Құстар жылы жаққа ұшады.

Жемістер, көкөністер күзде піседі.

V. Бағалау: Оқушылар бір-бірлерін бағалайды.

VI.Үйге тапсырма: Күз туралы мәтін мақал-мәтел тауып жазу.

© 2010-2022