Құрамында жалқы есімдер бар жұмбақтар

Раздел Другое
Класс -
Тип Статьи
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Құрамында жалқы есімдер бар жұмбақтар



  1. Ақтауға бір бәйтерек қарсы біткен,

Басына бір адамзат мекен еткен.

Әділдігі елге бар, өзіне жоқ,

Ақырында өз басына өзі жеткен.

(Шам).

  1. Әкеміз - Ормамбет хан, біз - немере,

Ойласаң ойға түсер әрбір неме.

Адамға тілсіз, жайсыз сөйлеседі.

Қолы жоқ, аяғы жоқ, ол немене.

(Хат)

  1. Базардан келген көк лөк,

Көк лөктің көзі көк.

Үстіндегі Жәнібек,

Жәнібектің жаны жоқ.

(Тасбақа)

  1. Дүбір-дүбір төртеу,

Есенгелді екеу.

Жағалбайлы жалғыз,

Оның таңы қарбыз.

(Төртеу - түйенің аяғы, екеу - екі құлағы, жалғыз - құйрығы.)

  1. Егеубайдың екі ұлы

Ерегесіп келеді.

Төлебайдың төрт ұлы

Төбелесіп келеді.

Жағалбайдың жалғызы

Жағаласып келеді.

(Түйенің екі өркеші, төрт аяғы, құйрығы.)

  1. Жиылар әрбір жерге жұлдыз болып,

Екіден бір бұтаққа қатар қонып.

Қасында Шолпан жұлдыз тағы да бар,

Соларға қарап тұрар басшы болып.

Солардың билігімен пайдаланып,

Жетіліп келіп тұрар ақыл толып.

(Балалар, мұғалім)

  1. Қара күшігім қаңқ етті,

Даусы Бұқарға кетті.

(Мылтықтың даусы)

  1. Қарабай аттан жығылды,

Халық соған жиылды.

(Түкірікке жиылған шыбындар)

  1. Қаратаудың басында

Қанша йдеген құс отыр.

Қанатына мұз қатып,

Қайырыла алмай ол отыр.

(Түндіктің бауы)

  1. Қатар-қатар тас қойдым,

Жиреншемді бос қойдым

(Тіл)

  1. Қырдан қырайман көрдім,

Судан Сүлеймен көрдім,

Қайырылып тұрған тас көрдім,

Тұзсыз піскен ас көрдім.

(Диірмен, балық, қауын.)

  1. Қырымды бір құдық бар суы батпан,

Сол суы шілде күні мұз боп қатқан.

Сіресіп буырдай боп қатқан мұздың,

Бетіне бетегесі шығып жатқан.

(Айран.)

  1. Меккеде бір ағаш бар түбі жуан,

Он екі ұлы, алпыс қызы бірге туған.

(Адамның он екі мүшесі, алпыс тамыры.)

  1. Мұрны ұзын, аузы көрдей қара кемпір,

Төркіні Бұқар жақта, өзі жесір.

Бір күні қашып бұл кетер-ау деп,

Сыртынан бес кісіні қойдық кепіл.

(Құман)

  1. Мың қойым суға кетті,

Байжан ақсақал қуа кетті.

(Шал, ұстара.)

  1. Тақырда Аймағанбет өліп жатыр,

Қасында есек жемі толып жатыр.

(Ай мен жұлдыз.)

  1. Төлебайдың баласы төбелесіп келеді,

Егізбайдың өгей ұлы ерегесіп келеді.

Екеуі қарауыл қарайды,

Біреуі шөпшек тереді.

(Түйенің аяғы, өркеші, аузы.)

  1. Үлкен ой,

Үлкен ойдың ішінде - кіші ой,

Кіші ойдың ішінде - Балуан би.

(Үлкен ой - ерін, кіші ой - тіс, би - тіл.)

  1. Шешесі мәсісін кигенше,

Қызы Мәскеуге барып қалды. (Түтін.)


© 2010-2022