Ашық сабақ М. Ауезов Көксерек 7 - сынып

7 –сыныпта  қазақ әдебиетінен   М.Әуезовтің  «Көксерек» әңгімесі бойынша ашық сабақ болды. Сабақтың мақсаты:Шығарманың мазмұнына сүйеніп, оқушылардың білімдерін жүйелеуге, жинақтауға мәтінді жан – жақты талдауға үйрету. Мұхтар Әуезовтің шығармашылығын   талдай отырып, мәтіндегі негізгі ойды  түсінуге тырысады. Шығарманы талдау арқылы өз ойын  қорғайды, нақты сөйлей білуін дамытады, сөздік қорын молайтады. Жазушының аң мен адам арасындағытартысын суреттеуі арқылы тіршілік үшін күрестің өте күрд...
Раздел Другое
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ашық сабақ М. Ауезов Көксерек 7 - сыныпАшық сабақ М. Ауезов Көксерек 7 - сыныпАшық сабақ М. Ауезов Көксерек 7 - сыныпАшық сабақ М. Ауезов Көксерек 7 - сыныпАшық сабақ М. Ауезов Көксерек 7 - сыныпАшық сабақ М. Ауезов Көксерек 7 - сыныпАшық сабақ М. Ауезов Көксерек 7 - сыныпАшық сабақ М. Ауезов Көксерек 7 - сыныпАшық сабақ М. Ауезов Көксерек 7 - сыныпАшық сабақ М. Ауезов Көксерек 7 - сыныпАшық сабақ М. Ауезов Көксерек 7 - сыныпАшық сабақ М. Ауезов Көксерек 7 - сыныпАшық сабақ М. Ауезов Көксерек 7 - сыныпАшық сабақ М. Ауезов Көксерек 7 - сыныпАшық сабақ М. Ауезов Көксерек 7 - сыныпАшық сабақ М. Ауезов Көксерек 7 - сыныпАшық сабақ М. Ауезов Көксерек 7 - сыныпАшық сабақ М. Ауезов Көксерек 7 - сыныпАшық сабақ М. Ауезов Көксерек 7 - сыныпАшық сабақ М. Ауезов Көксерек 7 - сыныпАшық сабақ М. Ауезов Көксерек 7 - сыныпСыныбы: 7

Пән аты: қазақ әдебиеті

Сабақтың тақырыбы: М.Әуезов «Көксерек» әңгімесі.

Сабақтың мақсаты:Шығарманың мазмұнына сүйеніп, оқушылардың білімдерін жүйелеуге, жинақтауға мәтінді жан - жақты талдауға үйрету.

Сабақтың міндеттері:

  1. Мұхтар Әуезовтің шығармашылығын миға шабуыл

талдай отырып, мәтіндегі негізгі ойды

түсінуге тырысады.

  1. Шығарманы талдау арқылы өз ойын ішке - сыртқа, Венн

қорғайды, нақты сөйлей білуін дамытады, диаграммасы, (углы)

сөздік қорын молайтады. Жазушының бұрыш стратегиясы,

аң мен адам арасындағытартысын

суреттеуі арқылы тіршілік үшін

күрестің өте күрделі де қиын әрекет

екенін дәлелдейді.

  1. Оқушылар адамгершілікке, табиғатты,

қоршаған ортаны аялауға, оның

заңдылығын бұзуға жол бермеуге

табиғатты суюге,оны қорғауға ізгілікке

үйренеді.

Жаңа сабақта пайдаланатын стратегиялар:миға шабуыл, ішке - сыртқа стратегиясы, Венн диаграммасы, (углы) бұрыш стратегиясы.

Сабақтың типі: қайталау.

Сабақтың әдісі:оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту. Сабақтың көрнекілігі: слайдтар, тақта, портрет, суреттер. Пән аралық байланыс: Биология, құқық. Оқыту түрлері: ұжымдық оқыту элементтері

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі а.амандасу ә.түгендеу

ІІ. Шығармаға талдау жасау

  • Балалар, біз сендермен өткен сабағымызда М.Әуезовтің «Көксерек» әңгімесінің мазмұнымен танысқан болатынбыз.

Бүгінгі сабағымызда:


  1. Әңгімедегі негізгі ойды ашатын оқиғалар қайсы?

  2. Жауыздық, өшпенділік Көксеректің табиғат жаратқан болмысы ма, әлде...

  3. Көксерек жауыздық іс-әрекет жасағанына кінәлі ме?


деген сұрақтар төңірегінде әңгіме қозғаймыз.

Алдымен шығарманы есте жаңғырту үшін өткен сабақта жасаған тірек-сызбаға оралайық.

Тағылар ұрпақ қамында

Көксеректің ажалы Адамдар тағылығы

«Көксерек» әңгімесі

Бітіспес өшпенділік Тұтқын Көксерек

Қараадырдағы Ұяластарымен

мазасыздық табысу

-Міне, шығарманың жалпы мазмұнына да шолу жасап болдық. Енді сендердің шығарманы қаншалықты меңгеріп, түсінгендеріңді байқау үшін келесі іс-әрекетімізге көшеміз. Балалар!

  1. Мұхтар Әуезов қай жылы дүниеге келді?

  2. Биыл жазушы Мұхтар Омарханұлы Әуезовтың туғанына неше жыл?

  3. М.О.Әуезовтің туған жері қай жер?

  4. Мұхтар жастайынан кімнің қолында өсті?

  5. Қандай шығармаларын білесіңдер?

  6. Мұхтар Әуезовтың ең көлемді шығармасы қалай аталады?

ҚАСҚЫР

АДАМДала тағылары мен адамдар іс - әрекеті қандай?



Адам - сөйлейді, еңбектенеді, ойлайды, оқиды, түсінеді, қоректенеді, сезім мүшелері дамыған.

Қасқыр - жыртқыш, дала санитары, бөрі, дала тағысы, қомағай, мейірімсіз.

Табиғатты қорғау заңы

Жер - біздің ортақ үйіміз. Оның бетіндегі тіршілік иелері - біздің бауырларымыз. Біз олар үшін жауаптымыз. Ол үшін: Ауаны ластамау керек, құбырлардан шығатын түтінге шектеу қою керек. Өлекселерді қаладан шығарып, лақтырып тастамай, жерге көму жөн. Өсімдіктерді жұлмау керек. Қайта олардың өсуіне жағдай жасау керек. Тал егу, гүл өсіруді көбейту. Құзғындар мен жыртқыш аңдарды өлтіре бермеу керек. Техниканы бір күнге тоқтатып алу жөн болады. Өзендер мен көлдерді, теңіздер мен мұхитты мұнай қалдықтарынан тазартып, балықтар мен жәндіктердің өмір сүруіне көмектесу керек. Қызыл кітапқа енген аң мен құсты, өсімдік пен жәндіктерге тимеу керек. Бұлақтардың көзін ашқан жөн. Табиғатты қорғауға жердің әр тұрғыны міндетті.

Балалар қалай ойлайсыңдар? Адам құқығы бұзылды ма? Қылмыс жасағандарды жазалаймыз ғой? (жазалаймыз).Осыған байланысты сот процессін өткізейік.

  1. Талқылаңыз

Құрмаштың өліміне Көксерек кінәлі ме?

Бұл мәселені талқылау үшін біз ортаға құқық қорғау қызметкерлерін шақырамыз. «Көксерек Құрмаштың өліміне кінәлі ме?» деген сұрақ сот процесінде талқыланады.

Көрініс. Ортаға сот, ақтаушы, Көксерек, даттаушы шығады.

Сот процесі аяқталғаннан кейін оқушылардың ойларын сұраймын.

Қорғаушыларға оқушылардың сұрақтары.

  • Сот залға кіріп шешімді оқиды.

Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексінің ерекше тармағы бойынша жазаланушы Көксерек айыпты деп танылсын. Сот процессі аяқталды.

  • Сот процесінің шешіміне сендер қалай қарайсыңдар? Келісесіңдер ме? Неге?

ІІІ. Қорытынды бөлім

Оқушылар екі топқа бөлініп Құрмаш пен Көксеректің іс әрекетін ортаға салады?

Соңынан өзім қорытындылап аяқтаймын.

Ү. Үйге тапсырма: «Адамның ең жақсы қасиеті - жақсылығы» деген тақырыпқа шағын әңгіме жазып келу.

ІҮ. Бағалау.


© 2010-2022