Конспект на тему Шежіре тілі

Раздел Другое
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Шежіре тілі (лекс,фраз)

Жазба дүниенің аса маңызды түрі - шежірелер болған. Шежірелер құрылысы, баяндау стилі, көлем жағынан әр түрлі болып келеді. Ата - бабалардың аттары хронологиялық тәртіппен тізген схема түрінде қысқа түрлері де, тарихи шығарма трінде келетін күрделі туындылар да болды. Схема түріндегі түпнұсқа сақталмаған, ал күрделі түрінен жалайыр руынан шыққан Қадырғали бидің шежіресі бар. Қадырғали бидің шежіресі «жамиғат ат - тауарих» атты шығармасы - қазақтың ескі жазба әдеби тілін танытатын бірден - бір құнды ескерткіш. Оның тіліне қарап

16ғ соң кезінде қазақ жазба дәстүрін сипаттауға болады.

Бұл шежіре құрылымы 3 бөліктен тұрады: мадақ сөз немесе арнау сөз; Шыңғыс ханның арғы-бергі шежіресі, Рашид ад диннен еркін аударма; «алла тағала жәрдем беріп» естіген білгеннен өзі теріп жазуы.

Қадырғали Жалайырдың «жамиғат ат - тауарих» лексикасы мен фразеологиясы

Қадырғали туындысы тілінің лексикалық негізін қыпшақ тобына жататын түркі сөздері құрайды. Мысалы: осы тұстағы өзге түркі ескерткіштердегі ау, ел болып келетін сөздер, мұнда аң(аңға чықты), қол, үй түрінде қыпшақша, оның ішінде қазақша тұлғада жұмсалған. Жеке сөздермен қатар тұрақты немесе лексикалық тіркес болып келетін сөдер қазақ тіліне тән қолданыстар кезедседі: қыз берді, ел болды, азабқа қалды, хуш келді.

Қадырғали шежіресінің қазақ тіліне жақындататын оны әдеби тілі деп танытатын - қ.т фразеологизмдері: аяқ асты болды, қыз айттырды, тілеуін тіледі.

Ескерткіш тілінің лексикалық қазынасына тән тағы бір сипат - сөздердің жарыспалылығы, яғни бір мағынадағы сөздің көне- жаңа, қыпшақтық - оғыздық, түркілік-арабтық, түркілік - парсылық, арабтық - парсылық түрлері ретінде бірінің орнына бірі қоданыла берген. Түркі-араб(парсы): белгілі/мәшһүр, мың/һазара, кіші/нафар.

Шежіреде араб - парсы сөздері көп: дерексіз ұғым атаулары: ет,қыл,бол деген сияқты көмекші етістіктермен тіркесіп қимыл атауын жасайды. Олар түркі тіліндегі эквивалент орнына қолд: түркінің талау сөзінің орнына ғарат қылу.

Жылнамада монғол - қытай сөздері де бар.Лауазым атаулары, қызмет иелерінің атаулары, сипаттама атаулар: нойан гүрген «күйеу бала), ноқай иыл - ит жылы.

Шежіре тілінде қытай сөздері көп емес - 5-10сөз. Жалқы есіммен қатар қолданылатын лауазым атаулары: фужин-түркіше хатун, индоевропа тілдерінен 2 сөз: көрәл - корольдық, улкрстан - христиандар.



© 2010-2022