Көсемшенің түрленуі сабақ жоспары

Раздел Другое
Класс 7 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Мерзімі: сынып: 7

Тақырыбы: Көсемшенің түрленуі. АК №

Мақсаты:

а) Көсемшенің түрленуін, жұрнақтарынәр түлі тапсырмалар орындату арқылы меңгерту; Морфологиялық талдауға машықтандыру.

ә)Оқушылардың ой-өрісін,сана-сезімін,белсенді ойлау дағдыларын жандандырып, білімін дамыту,сауаттылыққа баулу,сабаққа ынталандыру;

б) Сабақ барысында оқушыларды сауатты,көркем жазуға дағдыландыру;АК-ны қолдану арқылы зерттеушілікке тәрбиелеу.

с\ түрі: жаңа сабақ

с\ әдісі: түсіндіру, талдау, салыстыру, зерттеу.

с\ жұмысы: топпен, өздік, жеке оқушымен.

с\ технолог:Ж.Қараевтың дең. оқыту СТО стратегиялары.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі

Шаттық шеңберін құру. «Жүректен- жүрекке» психологиялық тренинг өткізу.

2.Үй тапсырмасын тексеру

  • 178-жаттығу. Есімшелерді тауып, қандай қызметте және тұлғада жұмсалғанын көрсетіңдер.

  • Тақырып бойынша ережені қайталау.

3.Жаңа сабаққа дайындық кезеңі

Келеді«Ойлан тап»

Есімшелерді , көсемшелерді ажырат

баратынынынн

сөйлеп

айтқалы

Көрген

барады

жүрмек

сөйлеген

Түсінер

Оқып

Іздейтін

4.Тақырыпты меңгерту

1\ «Миға шабуыл»

  • Қазақ тілінде жалғаудың неше түрі бар?

  • Есімшенің жұрнақтарын атаңдар?

  • Көсемшенің жұрнақтарын атаңдар?

Көсемшенің түрленуі.

Көсемше де есімше сияқты екі түрлі мәнде,екі түрлі қызметте жұмсалады. Көсемше де жіктеліп немесе күрделі етістіктің негізгі етістік сыңары болып,нақты қимылды білдіріп, етістік қызметінде қолданылса,енді бірде қимылдың амалын білдіріп, үстеу қызметінде қолданылады.

Көсемше мына жұрнақтар арқылы жасалады.

1) -а,-е,-й: айта, бере, ойлай;

2) -ып,-іп,-п; айтып, беріп, ойлап;

3) -ғалы,-гелі,-қалы,-келі түрі жіктелмейді.

Көсемше жіктеледі.

2\ тапсырма

1-топ: барады сөзін жіктейді

2-топ: сөйле сөзін жіктейді

3-топ: көріп сөзін жіктейді

5.Оқулықпен жұмыс.

182-жаттығу . Көсемшенің жасалу жолын және қай жақта жіктелгенін ажыратып айтыңдар.

Жеке оқушымен жұмыс

Тақтамен жұмыс

1-2 сөйлемге морфологиялық талдау жасату.

Қожанасыр мен бір бай патша сарайына барыпты. Патша қызметшілері қонақтарға тамақта алтын табаққа салып, алтын қасық қойыпты.

Өздік жұмыс

Аймақтық компонент бойынша жұмыс

  • 1-деңгей. Берілген сөйлемдерді көшіріп жазыңдар. Көсемшелердің астын сызыңдар.

Осымен жүріп жаз ортасы ауған кезде Көксерек зіңгіттей көк шолақ қасқыр болып шықты. Енді қара ала төбет те талай алмайды. Жота жүні үрпиіп, көздері жасылданып, бар тістерін көрсете аузын ақсита ашып жіберіп, тап бергенде талай бұралқы төбет қашатын болды.

  • 2-деңгей. Көксерек сөзіне фонетикалық сатылай кешенді талдау жасаңдар.

  • Үлгі:

  • 1.дыбыс- әріп-

  • 2.буын, түрі.

  • 3.үндестік заңы

  • 4.дауысты дыбыс-

  • Жуан- жіңішке- ашық- қысаң- еріндік- езулік-

  • 5.дауыссыз дыбыс -

  • Қатаң- ұяң- үнді-

  • 6.Тасымал

  • 7.Екпін

3-деңгей: Қасқырға байланысты 1-2 мақал-мәтел немесе нақыл сөз тауып жаз. «Қасқыр» туралы зерттеушілік үлгідегі мәтін құрастыр.

Сабақты бекіту

Оқушылардың түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

  1. Көсемшенің қандай ерекшелігі бар?

  2. Есімше мен көсемшенің ұқсастығы мен айырмашылығы қандай?

  3. Көсемшенің жіктелуіндегі ерекшелік неде?

Үйге тапсырма

185-жаттығу. Көсемшелерді теріп жазып, олардың қалай жұмсалғанын айтыңдар.

Тақырып бойынша ережені жаттау.

Сабақты бағалау



© 2010-2022