Ашық сабақ: Салық органдары, олардың жүйесі мен қызметі

Раздел Другое
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ашық сабақ: Салық органдары, олардың жүйесі мен қызметіАшық сабақ: Салық органдары, олардың жүйесі мен қызметіАшық сабақ: Салық органдары, олардың жүйесі мен қызметіПән атауы: Қаржы және салық құқығы

Тобы: 7/14.21

Сабақтың тақырыбы: Салық органдары, олардың жүйесі мен қызметі

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік: Салық органдары құрылымы мен олардың атқаратын қызметтері жөнінде, сондай-ақ салық қызметі органдарының құқықтары мен міндеттерін терең ұғындырып, жетік меңгерту;

  2. Тәрбиелілік: Студенттерді құқықтық сауаттылыққа, топпен жұмыс істей білуге, өз пікірлерін ашық айта алуға, жауаптылыққа, шапшаңдыққа, алғырлыққа, өз-өздерін бағалай білуге тәрбиелеу;

  3. Дамытушылық: ҚР Салық кодексі мен салық және салық салу оқулығына сүйене отырып, студенттердің ойлау қабілеттіліктері мен сөз шығармашылық жүйесін дамыту. Сондай-ақ ҚР Салық кодексімен жұмыс істей білу қабілеттіліктерін қалыптастыру.

Сабақтың түрі: жаңа білім мен дағдыны қалыптастыру

Сабақтың әдіс-тәсілдері: баяндау, түсіндіру, сұрақ-жауап алмасу, талқылау, студенттерді деңгейлеп тексеру

Сабақтың көрнекілігі: ҚР Конституциясы, ҚР Салық кодексі, Салық және салық салу оқулығы, слайд, видео, буклет, сұрақтар жасырылған карточкалар, тест тапсырмалары, әртүрлі ойындар, интерактивті тақта, күнделікті сабақ барысынан көрініс көрсетілген фотолар жабыстырылған плакат, баллдық жүйемен бөлінген плакат

Сабақтың жүру барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі:

Студенттермен сәлемдесу және сабаққа қатысын түгендеу, бөлменің тазалығын тексеру, студенттердің назарын сабаққа аудару, сабақты бастау



  1. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:

    1. Топқа үй тапсырмасы ретінде берілген видеоролик арқылы міндетті төлемдер (салық, алым, төлемақы, мемлекеттік баж) ұғымын түсіндіру кезіндегі студенттердің әртүрлі рөлдік негізге енуін қарап, пысықтау

    2. Мысалдар келтіру негізінде өткен тақырыпты қорытындылау

1.Қоршаған ортаны ластағаны үшін төленетін төлем? (төлемақы)

2.Жер үсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төленетін төлем? (төлемақы)

3.Орманды пайдаланғаны үшін төленетін төлем? (төлемақы)

4.Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін төленетін төлем? (төлемақы)

5.Автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағымен жүргені үшін төленетін төлем? (алым)

6.Жекеленген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін төленетін төлем? (алым)

7.Нотариаттық іс-әрекеттер жасағаны үшін алынатын төлем? (мемлекеттік баж)

8.Азаматтық хал актілерін тіркегені үшін алынатын төлем? (мемлекеттік баж)

9.ҚР азаматтығын алу, қалпына келтіру және тоқтату туралы алынатын төлем? (мемлекеттік баж)

10.Жеке басты куәландыратын құжаттарды бергені үшін алынатын төлем? (мемлекеттік баж)

  1. Өткен тақырыптар бойынша тест тапсырмалары арқылы деңгейлеп тексеру

І-НҰСҚА

1.Ақша айналымы ұғымын көрсетіңіз:

А) ақшаның айналымдағы козғалысы, яғни айналым және төлем құралы ретінде қызмет етуі

Б) мемлекеттің халықаралық есеп айырысу мәмілелері

В) валюталық құндылықтармен байланысты мәміле

Г) нормативтік-құқықтық негізі бар, мақсатты, салыстырмалы әрекет ететін қаржы ресурстары

2.Валюталық реттеу түсінігін анықтаңыз:

А) нормативтік-құқықтық негізі бар, мақсатты, салыстырмалы әрекет ететін қаржы ресурстары

Б) мемлекеттің халықаралық есеп айырысу және валюталық құндылықтармен байланысты мәміле жасасу тәртібін реттеуге бағытталған қызмет

В) ақшаның айналымдағы козғалысы, яғни айналым және төлем құралы ретінде қызмет етуі

Г) дұрыс жауап көзделмеген

3.Бюджетті әзірлеу, жоспарлау, бекіту, қарау, атқару, нақтылау, бақылау жөніндегі бюджет заңдылығымен регламенттелінген қызмет дегеніміз:

А) бюджеттік келісім

Б) бюджеттік жүйе

В) бюджеттік процесс

Г) бюджеттік құрылым

4.Кіріс дегеніміз:

А) орталықтандырылған ресурстарды жалпы мемлекеттік қажеттіліктерге сәйкес бөлу

Б) мемлекетті қажетті ақша қаражаттарымен қамтамасыз ету

В) мемлекет пен қоғамдық өндірістің басқа қатысушылары арасында пайда болатын экономикалық қатынас

Г) бюджет элементтері мен құқықтарының жиынтығы

5.Венчурлық кәсіпорын дегеніміз:

А) ғылыми-зерттеулермен, жаңалықтар ашумен және енгізуімен шарт негізінде айналысатын шағын кәсіпорын

Б) заңды тұлға құқығы бар, бірақ жарғылық қоры басқа кәсіпорынның қолында болатын кәсіпорын

В) меншік нысандары алуан түрлі кәсіпорын

Г) жеке және заңды тұлғаларға негізгі қызмет түрі ретінде көлік қызметін көрсететін заңды тұлға

6.Экономикалық-математикалық әдіс дегеніміз:

А) қаржылық көрсеткіштерді, олардың өсу және төмендеу динамикасын белгілеу

Б) жоспарлық қаржылық көрсеткіштер бекітілген нормалар мен нормативтер негізінде жүзеге асырылады

В) ұзақ периодқа болжаулар жасау үшін әртүрлі есептеу варианттары қолданылады

Г) шығындарды жабу үшін қолданылатын әдіс

7.Нормативтік әдіс - бұл:

А) қаржылық көрсеткіштерді, олардың өсу және төмендеу динамикасын белгілеу

Б) жоспарлық қаржылық көрсеткіштер бекітілген нормалар мен нормативтер негізінде жүзеге асырылады

В) ұзақ периодқа болжаулар жасау үшін әртүрлі есептеу варианттары қолданылады

Г) шығындарды жабу үшін қолданылатын әдіс

8.Қаржы министрлігі құрылымы бойынша департамент және комитет санын көрсетіңіз:

А)19 департамент, 6 комитет

Б)6 департамент, 10 комитет

В)10 департамент, 5 комитет

Г) 11 комитет, 6 департамент

9. «Персональды басқару» ұғымын қалай түсінесіз:

А)шаруашылықты жүргізу құқығы

Б)кадрларды, қызметкерлерді, жалпы мағынада алғанда адамдарды басқару

В)кәсіпкерлік құқықты қамтамасыз ету

Г)шығындарды жабу заңдылықтарын жүзеге асыру

10.Төлемақы төлеміне мысал келтіріңіз:

А)кәсіпкерлік қызметпен айналысу үшін рұқсат алу

Б)талапарыз бойынша сотқа жүгіну кезінде

В)мемлекеттік объектілерге төленетін төлем

Г)нотариаттық қызмет алғаны үшін төленетін төлем

ІІ-НҰСҚА

1.Қаржылық құқықтың реттеу әдістері:

А) бақылау, ұйымдастыру

Б) бір жақты өктем, қаржылық шартты

В) қаржылық шартты, қайта бөлу

Г) ұйымдастыру, басқару

2.ҚР Қаржы құқығының жүйесін анықтаңыз:

А) Жалпы және Ерекше

Б) Өндірістік және Негізгі

В) Ерекше және Негізгі

Г) Өндірістік және Ерекше

3.Ақша қорлары ұғымын көрсетіңіз:

А) орталықтандырылған негіздегі ақша қоры

Б) нормативтік-құқықтық негізі бар, мақсатты, салыстырмалы әрекет ететін қаржы ресурстары

В) төлемнің соңы, аяқталуы

Г) төлем төлеу жүйесі

4.Қаржы жүйесінің негізгі функцияларын белгілеңіз:

А) реттеу, жоспарлау, ұйымдастыру, ынталандыру, бақылау

Б) императивтік, диспозитивтік

В) талдау, есептеу, өңдеу, реттеу, қаржылық-шартты

Г) сақтау, өңдеу,қалыптастыру, шартты, мәжбүрлеу

5.Қаржылық жоспарлаудың мақсаты:

А) қаржыны басқару, реттеу, ұйымдастыру

Б) қаржы ресурстарын қалыптастыру, халық шаруашылығы мен аумақтар арасында қаржыларды таратудың тиімділігін бекіту және нақты бағытта пайдалануды анықтау

В) есептік мерзімге қаржылық көрсеткіштерді орындау, өндірістік мәліметтермен алмасу

Г) әлеуметтік және экономикалық даму жоспарларын қамту, көрсеткіштерді жоспарлау

6.Қаржылық жоспарлаудың әдістері:

А) шартты, мәжбүрлеу, реттеу

Б) реттеу, жоспарлау, баланстық

В)коэффициенттік, нормативтік, бағдарлама-мақсаттық, экономикалық-математикалық

Г) құқықтық, экономикалық, бақылау, басқару

7.Бір жақты өктем әдісін мысалмен көрсетіңіз:

А)салық жинау

Б)несие қатынастары

В)салық жинау және несиелік қатынастар

Г)дұрыс жауап көзделмеген

8.Қаржы құқығының жүйесі бойынша ерекше бөлімінде көзделеді:

А)қаржы құқығы ұғымы, қағидалары

Б)қаржылық бақылау, жоспарлау, басқару

В)қаржы құқығының субъектілері

Г)қаржы құқығының объектілері

9.Қаржылық-құқықтық қатынастар - бұл:

А)қылмыстық құқық бұзушылық аясындағы қатынастар

Б)басқару аясындағы құқық бұзушылық қатынастар

В)ақша қорларын қалыптастыру, бөлу, пайдалану аясындағы қатынастар

Г)еңбек шарты негізінде пайда болатын қатынастар

10.Алым -бұл:

А)мемлекет объектілерін пайдаланғаны үшін төленетін төлем

Б)белгілі бір қызметпен айналысу үшін рұқсат, лицензия, құқық алу үшін төленетін төлем

В)заңи мәні бар іс-әрекеттер жасағанда төленетін төлем

Г)нотариаттық кеңес алған кезде төленетін төлем

ІІІ-НҰСҚА

1.Қаржының екі концепциясын көрсетіңіз:

А) таратушылық, бақылау

Б) ұдайы өндірістік, қайта бөлу

В) таратушылық, ұдайы өндірістік

Г) бақылау, қайта бөлу

2.Қаржы құқығы дегеніміз:

А) екі тарап арасындағы қызметті реттейтін құқықтық-экономикалық негіз

Б) тек банк жүйесінің қызметін негіздейтін мәміле

В) жалпы экономикалық сипаттағы қатынастарға қызмет көрсететін қаржылық-құқықтық құрал

Г) тауар және ақша қатынастарын реттеп, қатысушылар арасындағы тең құқықтылықты қамтамасыз ететін құқық саласы

3.Коэффициенттік әдіс - бұл:

А) қаржылық көрсеткіштерді, олардың өсу және төмендеу динамикасын белгілеу

Б) жоспарлық қаржылық көрсеткіштер бекітілген нормалар мен нормативтер негізінде жүзеге асырылады

В) ұзақ периодқа болжаулар жасау үшін қолданылады

Г) әртүрлі есептеу варианттары қолданылады

4.Қаржылық бақылау әдістері:

А) нормативтік, математикалық, экономикалық

Б) императивтік, шартты, диспозитивті

В) ревизия, тексеру, камералық бақылау, мониторинг

Г) басқару, реттеу, бақылау, талқылау

5.Салық дегеніміз:

А) белгілі бір мерзімде және белгілі бір көлемде алынатын, заң бойынша қарастырылған міндетті төлемдер

Б) белгілі бір құқық беретін баламалы төлем

В) заңдық мәні бар іс-әрекеттер жасағанда немесе құжаттарды бергенде төленетін төлем

Г) дұрыс жауап көзделмеген

6.Салық экономикалық мәні бойынша:

А) міндетті төлем

Б) ақша сомасы

В) ақшаның қозғалысы

Г) ақшалай қатынастар

7.Салықтың атқаратын қызметтері:

А) қайта бөлу, бақылау, қазыналық, ынталандыру, шектеу, реттеу

Б) императивтік, диспозитивтік, шартты, мәжбүрлеу

В) жоспарлау, басқару, шартты, императивтік

Г) коэффициенттік, математикалық, экономикалық, баланстық

8.ҚР ұлттық валютасы:

А)теңге

Б)рубль

В)доллар

Г)сом

9.ҚР Қаржы министрін көрсетіңіз:

А)Иманғали Тасмағанбетов

Б)Бақтығожа Ізмұханбетұлы

В)Бақыт Тұрлыханұлы

Г)Кәрім Мәсімов

10.Қаржы жүйесінің объектісі:

А)жинақтар, табыстар, ақша қоры

Б)жеке тұлғаның денсаулығы

В)қызметкердің әлеуметтік жағдайы

Г)жеке тұлғаның өмірі



  1. Жаңа сабақты түсіндіру кезеңі: Слайдта көзделген негіздер бойынша жаңа тақырыпты ауызша баяндау, түсіндіру арқылы, сондай-ақ ішінара білім алушылардың пікірлерін айқындау барысында сұрақ-жауап алмасу арқылы жаңа сабақты түсіндіру. Алдымен жаңа тақырып жөнінде студенттердің пікірлерін тыңдау.

Ашық сабақ: Салық органдары, олардың жүйесі мен қызметіАшық сабақ: Салық органдары, олардың жүйесі мен қызметіАшық сабақ: Салық органдары, олардың жүйесі мен қызметі

Ашық сабақ: Салық органдары, олардың жүйесі мен қызметіАшық сабақ: Салық органдары, олардың жүйесі мен қызметіАшық сабақ: Салық органдары, олардың жүйесі мен қызметі

Ашық сабақ: Салық органдары, олардың жүйесі мен қызметіАшық сабақ: Салық органдары, олардың жүйесі мен қызметіАшық сабақ: Салық органдары, олардың жүйесі мен қызметі

Ашық сабақ: Салық органдары, олардың жүйесі мен қызметіАшық сабақ: Салық органдары, олардың жүйесі мен қызметіАшық сабақ: Салық органдары, олардың жүйесі мен қызметі

Ашық сабақ: Салық органдары, олардың жүйесі мен қызметі

Жоспары:

1.Салық органдары және құрылымы

2.Салық қызметі органдарының құқықтары мен міндеттері

1.Салық қызметі органдарына салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің толық түсуі жөніндегі, міндетті зейнетақы жарналарының толық және дер кезінде аударылуын қамтамасыз ету жөніндегі, сондай-ақ салық төлеушілердің салық міндеттемелерін орындауына салық бақылауын жүзеге асыру жөніндегі міндеттер жүктеледі.

Салық органдарына:

Облыстар бойынша салық комитеттері.

Астана және Алматы қалалары бойынша салық комитеттері.

Ауданаралық салық комитеттері.

Қалалар бойынша салық комитеттері.

Қаладағы аудандар бойынша салық комитеттері жатады.

Салық органдары жоғары дәрежелі салық қызметі органына төменнен жоғары қарай тікелей бағынады. Салық органдарының жұмысына жалпы басшылықты Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі жүзеге асырады.

Қала бойынша салық комитетінің құрылымын қарастырайық:

1.Басшылық.

2.Ұйымдастыру-бақылау және кадрлармен жұмыс жүргізу бөлімі.

3.Құқықтық қамтамасыз ету бөлімі.

4.Ірі салық төлеушілермен жұмыс жүргізу бөлімі.

5.Орта және шағын кәсіпкерлікпен айналысатын салық төлеушілермен жұмыс жүргізу бөлімі.

6.Ірі салық төлеушілерді тексеру бөлімі.

7.Шағын және орта кәсіпкерлікті тексеру бөлімі.

8.Мобильдік топтардың салықтық бақылау жұмысын ұйымдастыру бөлімі.

9.Талдау, есеп және ақпараттық технология бөлімі.

10.Өндіріп алу бөлімі.

11.Өндірістік емес төлемдерге әкімшілік ету бөлімі.

12.Акциздік салыққа әкімшілік ету бөлімі.

13.Жеке тұлғалар тарапынан төленетін салыққа әкімшілік ету бөлімі.

14.Салық төлеушілерді тіркеу бөлімі.

15.Әкімшілік-шаруашылықпен қамтамасыз ету бөлімі.

Салық комитетінің құрылымы салық төлеушілердің санына байланысты, сондықтан жекелеген әкімшілік-аумақтық бірліктерде бөлімдер саны, бөлімдердің атауы мен қызметінің бағыты келтірілген құрылымнан өзгеше болуы мүмкін, бөлімдер аз болуы мүмкін, бірақ мынадай бөлімдер міндетті түрде болуы тиіс:

Салық төлеушілермен жұмыс жүргізу бөлімі.

Тексеру бөлімі.

Өндіріп алу бөлімі.

Талдау, есеп және ақпараттық технология бөлімі.

Салық комитетінің келтірілген құрылымындағы бөлімдер жұмысының негізгі мазмұнын қарастырайық.

Ұйымдастыру-бақылау және кадрлармен жұмыс бөлімі салық комитетінің жұмысына жалпы басқаруды жүзеге асырады, салық комитетінің құрылымдық бөлімшелерінің қызметін талдайды, салық комитетінің жұмысын жетілдіру мақсатындағы ұсыныстарды зерттеу жұмыстарын ұйымдастырады, салық комитетінің қызметкерлері жіберген салық салу талаптарын бұзушылық фактілері бойынша белгіленген тәртіпте қызметтік тексеру жүргізеді және салық комитетінің жұмыскерлерінің жеке іс қағаздарын жүргізеді және толықтырады, салық органдарында жұмыс істеуге үміткер кандидаттардың арнайы тексеруге қажетті құжаттарының дайындығына жауап береді, сондай-ақ салық комитетінің кадрларымен басқа да жұмыстар жүргізеді.

Құқықтық қамтамасыз ету бөлімі - құқықтық мәселелер қаралғанда белгіленген тәртіп бойынша сотта, құқық қорғау органдарында және басқа да органдарда комитеттің мүддесін білдіреді. Бұйрық, нұсқаулық, қаулы, өкім және басқа құқықтық сипаттағы құжаттар жобасының белгіленген талаптарға сәйкестігін тексереді, талап қою жұмысын ұйымдастырады және жүргізеді. Сонымен қатар, комитетте құқықтық оқуларды ұйымдастыру бойынша іс-шараларды белгілейді және оның жүзеге асуына қатысады, құқықтық қызмет туралы ақпаратты талдайды, оперативті кеңес отырысында қарастырылуға тиісті мәселелерді енгізеді, айқындалған кемшіліктерді жою үшін шаралар қабылдайды және құқықтық қызметті жетілдіреді.

Салық төлеушілермен жұмыс жүргізу бөлімі - салық төлеушілердің декларациясын, есеп айырысуын, есебін, тіркеу бөлімінен түсетін ақпаратты қабылдауды жүзеге асырады.

Салық есептілігінің негізінде салық төлеушілердің жеке шоттарындағы салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің сомасын есептейді; Әрбір салық төлеушіге қатысты құқықтық іс жүргізеді; Салық төлеушімен хат жазысуды жүргізеді; Ұсынылған салық есептілігі бойынша камералдық және тақырыптық тексеру жүргізеді; Салық төлеушілердің табысын айқындау мақсатында хронометраж жүргізеді; Салық төлеушілерге әкімшілік шараларын қолдану үшін материалдар дайындайды.

Тексеру бөлімі - салық заңдарының сақталуы мен орындалуына бақылау жүргізеді. Салықтарды төлеу мен есептеуге байланысты мәселелерді тікелей ұйымдар мен кәсіпорындарда зерттеп, жарлық бойынша тексереді. Құжаттардың жиынтық тексеруін, тақырыптық тексеруді, қарама-қарсы тексеруді жүргізеді, тексеру қорытындысын құқық қорғау органдарына жібереді, уақытылы ақпарат, бақылау тапсырмаларын жасайды және жинақтайды, тексеру актісі бойынша белгіленген берешек сомасы туралы материалдарды 10 жұмыс күні өткеннен кейін өндіріп алу бөліміне тапсырады. Бөлім қызметіне комитеттің негізгі сұрақтар жоспарындағы іс-шараларының орындалуын, жарлық бойынша тексеру, аумақтық салық комитетінің сұрау салуы бойынша тексеру жүргізу, салықтардан жалтаруды әшкерелеу және тыю, декларацияны ұсынудан бас тартатын салық төлеушілерді тексеру барысында әшкерелеу жұмысын жүргізу және оларға сәйкес шаралар қолдану жатады.

Талдау, есеп және ақпараттық технология бөлімі - салық заңдарын сақтауға бақылау жасайды, белгіленген тәртіпте іс жүргізуді қамтамасыз етеді, 10%-ының жинақтаушы зейнетақы қорына аударылуын қадағалайды, патент бойынша түсетін соманың есебін жүргізеді, бюджетке түсетін төлемдердің сомасына талдау жасайды.

Өндіріп алу бөлімі - алым-салық қалдықтарының өсуі мен төмендеу себептеріне талдау жасайды, барлық салық төлеушілерге хабар жібереді, мүлік тізімін жасайды, салық берешегін мәжбүрлі өндіріп алуға қабылданатын шараларды жүзеге асырады, құжаттарды дайындап, құқықтық қызмет органдарына тапсырады.

Өндірістік емес төлемдерге әкімшілік ету бөлімі - өндірістік емес төлемдерді толық өндіру және уақытылы аудару мәселесі бойынша аумақтық уәкілетті органдардың тексеруін жүргізеді.

Салық төлеушілерді тіркеу бөлімі - СТН иеленуді жүргізу, заңды және жеке тұлғаларды есепке, тіркеуге және қайта тіркеуге қою, есепке тұрмаған салық төлеушілерді айқындау, чек кітапшаларын тіркеу, азаматтарды жеке кәсіпкерлер ретінде тіркеу, КБМ (кассалық-бақылау машиналары) жұмысына бақылау жасау, патент негізінде кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке тұлғалардан түсетін алымдар мен салықтарға бақылау жасау, кәсіпкерлердің табысы туралы анықтама беру міндеттерін атқарады, салық төлеушілердің декларациясын қабылдайды, комитет бойынша кіріс және шығыс құжаттарын қабылдайды және оларды тіркейді.

2.Салық қызметі органдарының құқықтары:

1) Кодексте көзделген нормативтік құқықтық актілерді өз құзыреті шегінде әзірлеуге және бекітуге;
2) салықтық бақылауды жүзеге асыруға;
3) салық салу мәселелер бойынша халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыруға;
4) салық төлеуші (салық агенті, оператор) осындай бағдарламалық қамтамасыз етілімді және (немесе) ақпараттық жүйені пайдаланған жағдайда, банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын өзге де ұйымдардың өз клиенттерінің банктік шоттары туралы, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес банктік құпия болып табылатын мәліметтер қамтылған бағдарламалық қамтамасыз етілімі мен (немесе) ақпараттық жүйесінің деректерін көруге қол жеткізу құқығын қоспағанда, салық төлеушіден (салық агенті, оператордан) бастапқы есепке алу құжаттарының деректері, бухгалтерлік есеп тіркелімдері, салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер туралы ақпарат қамтылған бухгалтерлік және салық есептерін автоматтандыруға арналған бағдарламалық қамтамасыз етілімнің және (немесе) ақпараттық жүйенің деректерін көруге қол жеткізу құқығын беруді талап етуге;
5) салық төлеушіден (салық агентінен, оператордан) салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді есептеудің дұрыстығын және төлеудің (ұстаудың және аударудың) уақтылылығын, міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеудің, ұстау мен аударудың және әлеуметтік аударымдарды есептеу мен төлеудің толықтығы мен уақтылылығын растайтын құжаттарды, салық төлеуші (салық агенті) жасаған салықтық нысандар бойынша жазбаша түсіндірмелерді, сондай-ақ салық төлеушінің (салық агентінің, оператордың) қаржылық есептілігін, оның ішінде резидент - салық төлеушінің (салық агентінің, оператордың) Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде орналасқан еншілес ұйымдарының қаржылық есептілігін қоса алғанда, егер осындай тұлға үшін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде міндетті түрде аудит жүргізу белгіленген болса, аудиторлық есепті қоса бере отырып, шоғырландырылған қаржылық есептілігін беруін талап етуге;
6) салықтық тексеру барысында Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде айқындалған тәртіппен салық төлеушіден (салық агентінен, оператордан) әкімшілік құқық бұзушылықтар жасалғаны туралы айғақтайтын құжаттарды алып қоюды жүргізуге;
7) нұсқама негізінде объектінің тұрған жеріне қарамастан, салық салу объектісі және (немесе) салық салуға байланысты объект болып табылатын мүлікті зерттеп-тексеруге, салық төлеушінің (салық агентінің, оператордың) мүлкіне (тұрғын үй-жайлардан басқа) түгендеу жүргізуге;
8) банктерден және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардан осы Кодекстің 581-бабының 1) және 4) тармақшаларында табыс етілуі көзделген мәліметтерді алуға;
9) банктерден және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардан коммерциялық, банктік және заңмен қорғалатын өзге де құпия болып табылатын мәліметтерді жария етуге Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген талаптарды сақтай отырып, осы Кодекстің 581-бабының 12) тармақшасында аталған тұлғаларға қатысты банктік шоттардың бар-жоғы және нөмірлері туралы, осы шоттардағы ақша қалдығы және қозғалысы туралы мәліметтер алуға;
10) осы Кодексте белгіленген тәртіппен салық салу объектілерін және салық салуға байланысты объектілерді жанама әдіспен айқындауға;
11) салықтық тексерулерге мамандарды тартуға;
12) Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 49-бабы 2-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша мәмілелерді жарамсыз деп тану, заңды тұлғаны тарату туралы соттарға қуынымдар беруге, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де қуынымдар беруге құқылы.

Салық органдары Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде жүктелген міндеттерді іске асыруды осы Кодексте белгіленген тәртіппен электрондық тәсілмен жүзеге асыруға құқылы.
Салық органдарының Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтары бар.
Салық органдарының міндеттері:

1) салық төлеушінің (салық агентінің) құқықтарын сақтауға;
2)мемлекеттің мүдделерін қорғауға;
3) салық төлеушінің (оператордың) - салық міндеттемесін, салық агентінің (оператордың) салықтарды есептеу, ұстау және аудару жөніндегі міндетті осы Кодексте белгіленген тәртіппен орындауына салықтық бақылауды, сондай-ақ әлеуметтік аударымдарды есептеудің толықтығы мен төлеудің уақтылылығын, міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеудің, ұстау мен аударудың уақтылылығын бақылауды жүзеге асыруға;
4) салық төлеушілерді, салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді есепке алуды, есептелген, есепке жазылған және төленген салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, есептелген, ұсталған және аударылған міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, есептелген және төленген әлеуметтік аударымдарды есепке алуды жүргізуге;
5) өз құзыреті шегінде салық міндеттемесінің туындауы, орындалуы және тоқтатылуы жөнінде түсіндіруді жүзеге асыруға және түсініктемелер беруге;
6) салық төлеушіге (салық агентіне) қолданыстағы салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы, Қазақстан Республикасының салық заңнамасындағы өзгерістер туралы ақпарат беруге, салықтық нысандарды толтыру тәртібін түсіндіруге;
6-1) жыл сайын сауал салу бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасына жылдық жиынтық табысы «Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген критерийлерге сәйкес келетін дара кәсіпкердің, заңды тұлғаның атауы және кәсіпкерлік субъектілерінің сәйкестендiру нөмiрi туралы мәліметтерді ұсынуға;
7)салық төлеушіге (салық агентіне) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бекітілген мемлекеттік қызметтер көрсету стандарттарын, салықтық өтініштердің белгіленген нысандарының бланкілерін және (немесе) электрондық түрдегі салық есептіліктері мен салықтық өтініштерді табыс етуге қажетті бағдарламалық қамтамасыз етілімді тегін беруге;
8) нұсқама бойынша салықтық тексеруді жүргізуге;
9) өз құзыреті шегінде салықтың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер мен өсімпұлдардың артық төленген сомасын, есепке жатқызылған қосылған құнға салықтың есептелген салық сомасынан асып кетуін есепке жатқызуды және (немесе) қайтаруды, осы Кодексте белгіленген тәртіппен және мерзімде айыппұлды қайтаруды жүргізуге;
10)Кодекстің ережелеріне сәйкес салықтық құпияны сақтауға;
11)Кодексте көзделген мерзімде және жағдайларда салық міндеттемесінің, міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын ұстау мен аудару және әлеуметтік аударымдарды төлеу бойынша міндеттемелердің орындалуы жөнінде салық төлеушіге (салық агентіне, операторға) хабарлама және (немесе) осы Кодексте белгіленген жағдайларда оның көшірмесін беруге;
12) салық төлеушінің (салық агентінің, оператордың) салықтық өтініші бойынша осы Кодексте белгіленген тәртіппен және мерзімдерде Қазақстан Республикасындағы көздерден бейрезидент алған кірістердің және ұсталған (төленген) салықтардың сомалары туралы анықтама ұсынуға;
12-1) Кодексте белгіленген тәртіппен және мерзімдерде салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша берешектің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтер беруге;
13) Кодексте белгіленген тәртіппен салық есептілігін және салықтық өтініштерді қабылдауға;
14) салық төлеушіден (салық агентінен, оператордан) Қазақстан Республикасы салық заңнамасының анықталған бұзушылықтарын жоюды талап етуге және өз құзыреті шегінде осы талаптардың орындалуын бақылауға;
15) салық төлеушінің (салық агентінің) салықтық өтінішін алған кезден бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмей оның жеке шотынан салық міндеттемесінің, сондай-ақ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын аудару және әлеуметтік аударымдарды төлеу бойынша міндеттемелердің орындалуы бойынша бюджетпен есеп айырысу жай-күйі туралы үзінді көшірме беруге;
16) көрсетілген ақпарат үшін салық органына өтініш жасалған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде өз құзыреті шегінде салық төлеушіге (салық агентіне) салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, бюджетке төленуге жататын өсімпұлдар мен айыппұлдарды төлеу жөніндегі төлем құжатын толтыру үшін қажетті деректемелер туралы мәліметтер, сондай-ақ салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, бюджетке төленуге жататын өсімпұлдар мен айыппұлдарды, әлеуметтік аударымдарды төлеу және міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын аудару тәртібі туралы ақпарат беруге;
17) салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу фактісін растайтын құжаттардың немесе құжаттар көшірмелерінің бес жыл бойы сақталуын қамтамасыз етуге;
18) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органға салық органдарының ақпараттық жүйесіне қолжетімділігін беруге;
19) электрондық салық төлеушіге өзінің жеке шотын көру қолжетімділігін беруге;
20) салық төлеушінің талап етуі бойынша - салық міндеттемесінің, сондай-ақ міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар бойынша міндеттемелердің орындалуы жөніндегі, салық агентінің талап етуі бойынша салықты есептеу және аудару бойынша міндеттің орындалуы жөніндегі есеп-қисапты салыстыруды жүргізуге, жеке шотқа осы Кодексте көзделген тәртіппен түзетулер енгізуге;
21)Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бекітілген мемлекеттік қызметтер көрсету стандарттары мен регламенттеріне сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсетуге;
22) осы Кодексте белгіленген тәртіппен және жағдайларда уәкілетті органның интернет-ресурсында:
салық берешегі бар;
Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес әрекетсіз деп танылған;
соттың заңды күшіне енген үкімі немесе қаулысы негізінде жалған кәсіпорындар деп танылған;
тіркелуі заңды күшіне енген сот актісі негізінде жарамсыз деп танылған салық төлеуші (салық агенттері) туралы мәліметтерді орналастыруға;
23) мемлекеттің меншігіне айналған мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау, одан әрі пайдалану және өткізу тәртібінің сақталуын, оның Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тиісті уәкілетті мемлекеттік органға берілуінің толықтығы мен уақтылылығын, сондай-ақ ол өткізілген жағдайда бюджетке ақшаның түсуінің толықтығы мен уақтылылығын бақылауды жүзеге асыруға;
24) уәкілетті мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдардың салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді есептеу дұрыстығы, алу толықтығы және аудару уақтылылығы мәселелері жөніндегі қызметін бақылауды жүзеге асыруға;
25) салық міндеттемесінің орындалуын қамтамасыз ету тәсілдерін қолдануға және салық төлеушінің (салық агентінің, оператордың) салық берешегін осы Кодекске сәйкес мәжбүрлі тәртіппен өндіріп алуға;
26) салық төлеушінің (салық агентінің, оператордың) салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламаға шағымын және (немесе) салық қызметінің жоғары тұрған органының хабарламаға жасалған шағымды қарау нәтижелері бойынша шығарған шешіміне, сондай-ақ салық органдары лауазымды адамдарының іс-әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымын осы Кодексте белгіленген тәртіппен және мерзімдерде қарауға;
27)Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық
туралы кодексінде белгіленген тәртіппен әкімшілік жауапкершілікке тартуға міндетті.

Салықтық тексеру барысында қылмыстық құқық бұзушылық белгілерін көрсететін, салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуден қасақана жалтару, сондай-ақ әдейі, жалған банкроттық фактілері анықталған кезде, салық қызметі органдары Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес процестік шешімді қабылдау үшін тиісті құқық қорғау органдарына олардың тергеуіне жататын материалдарды жібереді.
Салық органдары Қазақстан Республикасының салық
заңнамасында көзделген өзге де міндеттерді орындайды.

ІV. Сабақты бекіту бөлімі:

1.«Таңғажайып әлем» ойыны. Бұл ойынға 4 қатысушы керек. Оның ішінде 3 студент қатысушы, ал 1 студент жүргізуші болады. Ойынның шарты бойынша «декларация» сөзі жасырын ілулі тұрады. Жүргізуші осы сөзді жуықтап, астарлап, әртүрлі мағынада жеткізуі қажет. Ал әр қатысушы кезек-кезек алдарында тұрған бағытты айналдырып, ол бағыт белгілі бір санға тоқтағанда (10,20,30,40,50 баллдық жүйемен өлшенген) өз әріпін айтуы тиіс. Осылайша ойын жалғасып, жасырылған сөз табылуы қажет. Жүргізуші сөзі: Салық декларациясы, Салық мағлұмдамасы - салық төлеушінің салық агентінің Салық кодексінде белгіленген тәртіпке сәйкес салық органдарына берілген жазбаша мәлімдемесі немесе электрондық құжаты. Онда салық салу объектілері мен салық салуға байланысты объектілер, сондай-ақ салық міндеттемелерін есептеу және салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді есептеу мен төлеуге байланысты басқа да деректер туралы мәліметтер болуға тиіс. Мағлұмдамада салық төлеуші табыстың, мүліктің, т.б. мөлшерін, қажетті салық шегерімдерін, жеңілдіктер мен шегермелерді көрсетеді және әрбір салық кезеңі аяқталған бойда өзінің тіркелген жеріндегі салық органдарына берілетін салық сомасын есептейді. Мағлұмдамадағы деректер саналы түрде бұрмаланған жағдайда заңи және экономикалық жауапқа тартылады.

2.Салық кодексі шеңберінде сұрақтар беріліп, сәйкесінше ҚР Салық кодексіне негіздеп, саралап нәтижесін бап бойынша қорытындылау.

№1 Сұрақ: Салықтық есепке алу саясат салық органында немесе басқа уәкілетті мемлекеттік органда бекітілуі немесе келісілуі тиіс пе?

Жауабы: «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» ҚР Кодексінің 56-бабы 4-тармағына сәйкес салық төлеуші, егер осы тармақта өзгеше белгіленбесе, салықтық есепке алу саясатын дербес әзірлейді және бекітеді.

Шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимін, шаруа және фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимдері қолданылатын қызмет бойынша уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша дербес әзірленген салықтық есепке алу саясатын бекітеді.

Салық кодексінің 60-бабы 2-тармағына сәйкес бірлескен қызмет жөніндегі салықтық есепке алу саясатын бірлескен қызмет туралы шартқа қатысушылар осы Кодексте белгіленген тәртіппен және негіздер бойынша әзірлейді және бекітеді.

Салықтық есепке алу саясатында жер қойнауын пайдаланушылар әзірлеген салықтық есепке алу саясатын есептемегенде құжаттық салықты тексеру жүргізілердің алдында салық қызметі органдарының лауазымды тұлғалары береді.

Салық кодексінің 310-бабы 3-тармағына сәйкес жер қойнауын пайдаланушылар салық саясатының бірінші бекітілген көшірмесін өздерінің орналасқан орындары бойынша жылдың келесі есептік кезеңінің 31 наурызынан кешіктірмей салық органына табыс етеді.

Демек, салықтық есепке алу саясатын мемлекеттік органдарда келісу немесе бекітудің қажеттігі жоқ.

№2 Сұрақ:Қашан және қандай жағдайларда салық төлеуші салық тіркелімдерін ұсынады?

Жауабы: Салық кодексі 77-бабы 6-тармағына сәйкес салық тіркелімдерінің құжаттамалық салықтық тексерулер жүргізу кезінде салық қызметі органдарының лауазымды адамдарына қағаз жеткізгіштерде және тексеруді жүзеге асыратын салық қызметі органдары лауазымды адамдарының талап етуі бойынша электрондық жеткізгіштерде ұсынылады.

Демек, салық тіркелімдерін салық төлеуші құжаттамалық салықтық тексеруді жүзеге асыратын салық қызметі органдары лауазымды адамдарының талап етуі бойынша ұсынылады.

№3 Сұрақ: Қонақүй бизнесімен айналысатын кәсіпорында құны 7500 теңге болатын пайдалану мерзімі 5 жыл ресторан залы бойынша тағамдар мен ішімдіктер тасымалдауға арналған қоларба бар. Арба мүлік салығы салынатын объекті болып табыла ма?

Жауабы:Салық кодексінің 396-бабына сәйкес заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлер үшін негізгі құрал-жабдықтар немесе жылжымайтын мүлікке инвестициялар болып табылатын, ҚР-ның аумағындағы ғимараттар, құрылыстар, тұрғын үй құрылысы, үй-жайлар, сондай-ақ жермен берік байланыстағы өзге де құрылыстар салық салу объектісі болып табылады.

Өндірістік және шаруашылық құрал-сайман «өзге де негізгі құралдар» сыныбына жатады.

Сондықтан да, 2009 жылдың 1 қаңтарынан бастап тағамдар мен ішімдіктер тасымалдауға арналған қоларба мүлік салығы салынатын объекті болып табылмайды.

3.Шашыраған әріптен сөз немесе сөз тіркестерін құрау. Қорытындысы бойынша салық қызметі органдарының бөлімдері шығады.

Р\с

Берілген әріптер

1

А

Ш

Ы

Б

Ы

Л

С

Қ

2

А

Ө

Д

Л

І

П

І

Р

Н

У

3

Е

С

К

Е

Т

У

Р

4

Е

Қ

Т

Ұ

У

Қ

А

Қ

М

Қ

Ы

Қ

Т

Ы

А

З

Ы

А

С

М

Т

5

У

Е

Т

К

І

Р

6

Б

Ұ

А

Й

Қ

Ы

Л

Ы

У

А

Д

У

Р

Т

А

Ы

М

С

7

Ж

К

Ж

А

Ұ

Ү

Д

М

Р

Ы

Р

Г

З

У

І

М

Н

Е

С

А

Р

Л

Берілген әріптер бойынша табылған сөз немесе сөз тіркестері

1

Б

А

С

Ш

Ы

Л

Ы

Қ

2

Ө

Н

Д

І

Р

І

П

А

Л

У

3

Т

Е

К

С

Е

Р

У

4

Қ

Ұ

Қ

Ы

Қ

Т

Ы

Қ

Қ

А

М

Т

А

М

А

С

Ы

З

Е

Т

У

5

Т

І

Р

К

Е

У

6

Ұ

Й

Ы

М

Д

А

С

Т

Ы

Р

У

Б

А

Қ

Ы

Л

А

У

7

К

А

Д

Р

Л

А

Р

М

Е

Н

Ж

Ұ

М

Ы

С

Ж

Ү

Р

Г

І

З У

4. «Эрудит» ойыны.

Қаржы және салық құқығы пәні бойынша «ЭРУДИТ» ойыны

С

Т

Ө

Л

Е

М

А

Қ

Ы

Р

Е

С

Ұ

Л

Т

А

Н

О

В

А

Л

Ы

Қ

А

Қ

А

Р

Ж

Ы

В

М

И

Н

И

С

Т

Р

Қ

Б

А

Қ

Ы

Л

А

У

Б

А

Ж

И

К

Б

Ю

Д

Ж

Е

Т

А

М

А

Қ

Ы

Ы

Ө

К

Т

Е

М

З

О

Ш

Е

К

Т

Е

У

З

О

Қ

О

Р

М

Т

Ө

Л

Е

М

И

Д

Ш

Ы

Ғ

Ы

С

К

Ы

Н

Р

Е

С

У

Р

С

Қ

Қ

С

Я

Е

Т

А

Б

Ы

С

І

Н

И

Т

Ұ

Р

Л

Ы

Б

А

Қ

Ы

Т

К

Т

Е

Ң

Г

Е

Р

А

Т

Б

Ө

Л

У

Х

П

Р

О

Ц

Е

С

С

Е

С

Е

П

І

Л

О

П

А

Й

Д

А

Л

А

Н

У

К

О

М

И

Т

Е

Т

С

Ы

Р

Ж

Б

К

О

Н

С

Т

И

Т

У

Ц

И

Я

Қ

Ұ

Қ

Ы

Қ

И

О

А

Ғ

А

Ұ

Д

Е

П

А

Р

Т

А

М

Е

Н

Т

О

Й

Н

С

Д

Е

К

Л

А

Р

А

Ц

И

Я

В

А

Л

Ю

Т

А

Т

Г

П

Қ

А

Л

Ы

П

Т

А

С

Т

Ы

Р

У

Б

Л

Ь

Б

Е

Н

А

Й

М

А

Н

Н

О

Р

М

А

Т

И

В

Т

І

К

Е

К

Д

Р

Қ

Ұ

Н

Б

Т

Ө

Л

Е

У

Ш

І

Ж

Е

К

Е

К

С

О

Л

А

Й

Н

А

Л

Ы

М

С

У

Б

Ъ

Е

К

Т

Т

І

Е

Л

А

Ж

Ү

Й

Е

И

Н

С

Т

И

Т

А

Л

Д

А

Ұ

Т

Р

Л

У

С

Т

А

В

К

А

Б

Е

Т

Ы

Н

Т

А

У

Л

У

У

А

Б

А

С

Қ

А

Р

М

А

К

У

Д

П

И

Л

Ц

Ғ

О

Р

Р

Е

С

Е

П

Т

Е

М

Е

С

Т

Ь

Л

Д

А

Ф

А

Л

Р

М

І

Н

Д

Е

Т

Т

Е

М

Е

Р

У

Р

П

Н

Д

Ы

Р

У

Ойынның шарты:

«Эрудит» ойынының жауабы:1)салық; 2)төлемақы; 3)бақылау; 4)қаржы; 5)алым; 6)ревизия; 7)баж; 8)мониторинг; 9)ақы; 10)өктем; 11)төлем; 12)ресурс; 13)тұрлыханұлы; 14)сұлтанов; 15)министр; 16)қазыналық; 17)бөлу; 18)пайдалану; 19)қалыптастыру; 20)жоспарлау; 21)бақыт; 22)конституция; 23)кодекс; 24)департамент; 25)комитет; 26)құқық; 27)найманбаев; 28)бюджет; 29)процесс; 30)декларация; 31)баға; 32)шектеу; 33)кіріс; 34)шығыс; 35)табыс; 36)есеп; 37)қор; 38)теңге; 39)валюта; 40)ой; 41)тексеру; 42)рубль; 43)бекіту; 44)нормативтік; 45)доллар; 46)айналым; 47)жүйе; 48)төлеуші; 49)жеке тұлға; 50)субъект; 51)институт; 52)ынталандыру; 53)құн; 54)басқарма; 55)ставка; 56)міндеттеме; 57)талдау

Сабақты қорытындылау бөлімі:

Үйге тапсырма: 1-топқа аталмыш тақырып бойынша слайд жұмыстары, 2-топқа реферат жұмыстары, 3-топқа буклет жұмыстары.

Бағалау:

«5» үздік

«4» жақсы

«3» қанағанаттарлық

Сабақ аяқталды. Сау болыңыздар!

© 2010-2022