Мұғалім - болашаққа білім нәрін себушісі

Раздел Другое
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Эссе

Мұғалім - болашақтың білім нәрін себушісі

Ұстаз - оқушы алдында мәртебесі қашан да биік жан. Тәрбиенің қайнар көзі әрине білімде. Білімді өскелең ұрпаққа тәрбие беруде ұстаз рөлі ерекше. Жас ұрпаққа жаңаша білім беру жолында түбегейлі өзгерістер жүріп жатыр. Жеке тұлға, яғни дарынды шығармашыл тұлға қалыптастыру білім мен тәрбие берудегі мемлекеттік істің ең маңыздысы. Мақсатты білім беру - тұлға дамуын жүзеге асыратын мәселе. Адамзат баласының өз ұрпағын, оқыту мен тәрбиелеудегі ең тиімді ізденістерін, тәжірибиелерін жалғастырып, тың жолдар іздеу, педагогиканың озық үлгілерін жаңашылдықпен дамыту жалғаса бермек.

Оқытудың жаңаша әдіс-тәсілдерін сабақта кең қолдану бүгінгі күннің талабы болып отыр. Ол үшін менің педагогикалық ұстаным мықты болу керек. Мен өзімнің педагогикалық еңбегімнің әр күнін, әр сағатын сапалы білім беруді, саналы тәрбиеге баулуды мақсат етіп қойдым.

Қазақ халқы қашан да бала тәрбиесіне үлкен мән берген. Үлкенге құрмет көрсетіп, кішіге қамқор болу, қайырымдылық, мейірімділік, рақымшыл болу, ата-ана қартайса оны бағып-қағу тәрбие негізі. Қазақ халқының қанына сіңген әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрін өскелең ұрпақтың бойына сіңіру ұстаздар қауымы мен ата-ананың міндеті. Соған байланысты тәрбие сағаттарының тақырыбы өмірдің өзекті мәселелерін қозғайтын тақырыптарға негіздеймін. Ұстаздық еткен өмірімде ұлттық сана сезімді қалыптастыруда «Ардақтайық қазақтың ата салтын!», «Мал өсірсең, қой өсір, өнімі оның көл көсір» атты ашық тәрбие сағаты, мамандық таңдауда жол жоба көрсетуде «Кім боламын?» атты ашық тәрбие сағатын,«Бесікке салу рәсімі» және «Құрметейік қарттарды» сынды сыныптан тыс шараларын, отбасылық «Толағай»сайысын, мектеп психологы Галиулина Анар Тәженқызымен «Эмоция», «Түстер әлемі» тақырыптарында тренинг-сабақтарын және «Бақытты балалық шақ» суреткөрмесін, полициця қызметкері Мухаметалин Берік Қалиұлымен тағылымды кездесулер өткіздім.

Сынып жетекшісі ретінде тәрбие арқылы баланың түрлі іс-әрекеттерін тиімді етіп, оның дамуына қажетті материалдарды іріктеп аламын, айналадағы табиғи және әлеуметтік ортаға көзқарасын дамытуға тырысамын. Тәрбие жұмыстарының сара жолдарын табу нәтижесінде баланың ой-өрісі кеңейеді, эстетикалық сезімі мен талғамы артып, адамгершілік сапасы артады.

Мұғалім - болашақтың білім нәрін себушісі. Бүгінгі қоғамда мұғалім беделін көтеру басты мақсаттардың бірі болып отыр. Қазіргі кейбір ата-ана көзқарасымен қарасақ, мұғалім ақша жинаушы, сабағын дұрыс оқытпайтын, баласы тентек болып бір нәрсе бүлдірсе де соған мұғалімді кіналайтын болып алдық. Осындай жат қылықтарды мектеп өмірінен аластау үшін мұғалімнің ерен еңбегі мен төзімділігі, сауаттылығы, еңбексүйгіштігі, мықты ұстанымы керек. Сонда ғана біз мұғалім беделін көтере аламыз деген ойдамын.

Шәріпов Қайрат Кәрімұлы - қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі.

© 2010-2022