Воспитательный урок для начальных классов Денсаулық

Раздел Другое
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тәрбие сағаты

Тәрбие сағаттың тақырыбы: Денсаулық -зор байлық

Тәрбие сағаттың мақсаты: Балалардың адамдардың қазіргі ауыр экологиялық жағдайда денсаулығын сақтап қана қоймай, санасы мен рухын жетілдіру үлкенді , кішіні сыйлауға, ізеттілікке, инабаттылыққа , шын пейілмен қарияларға сәлемдесуге, кемтар адамдарға қамқор болуға тәрбиелеу.

Дамытушылық мақсаты: Топ алдында еркін сөйлеуге , дауыс ырғағын дұрыс сақтауға , шешендікке тәрбиелеу.

Көрнекілік: слаид, альбомдар , денсаулық туралы кітапшалар.

Тәрбие сағаттың барысы:

1-Жүргізуші: Құрметті қонақтар!

Мемлекет басшының жарлығымен дамыған елу елдің қатарына ену мақсатында

оқушыларды, салауатты өмір салты бағытымен жас ұрпақты тәрбиелеуге оқушыларымыздың дайындаған «Денсаулық -зор байлық» деген сынып сағатын бастаймыз.

Баяндама «Тазалық-денсаулық кепілі»

Адамның денсаулығы , еңбекке қабілетті болуы көбінесе үйдің таза болуына байланысты.

Гигиенаның міндеттері -ағзаның қалыпты дамуы, адамның дене және рухани күштерінің толық ашылуы , адамдар дың жоғары өнімді еңбегі мен жақсы тұрмыс жағдайларын қамтамасыз ету.

Денсаулық -адамның дене және рухани қасиеттерінің жиынтығы,бұл қасиеттер адамның ұзақ өмір сүруімен қоғам игілігі үшін еңбек етуіне әсер етеді. Ауырмаудың ең оңай жолы аурудың алдын алу. Денсаулықты күту. Ол үшін тағамдарды дұрыс пайдалану , таза жүру , денені шынықтыру , таза ауада серуендеу қажет.

Міне, мұның бәрі денсаулыққа пайдалы. Құрметті ағайын денсаулықты қадағалау сіз бен біздің қолымызда. Індетке қарсы бірлесе күресейік!

2. Сауықтыру.

1-оқушы: Сауықтыру сөзінің түбірін табайық . Сау. Бұл ұғым нені білдіреді?

2-оқушы: Адамның дені сау ауырмайды деген сөз.

1-оқушы: Ал енді мына мысалдарға көңіл аударайық: Астында шетелдік машина, бірақ қатты ауырады. Ол адам бақытты ма?

2-оқушы: Жоқ.

1-оқушы: Миллион доллар ақшасы бар , бірақ ауырады. Ол бақытты ма?

2-оқушы: Жоқ.

1-оқушы: Себебі не?

2-оқушы: Себебі , оның денсаулығы жоқ.

1-оқушы: 3-үйі бар . Бірақ ауырады-ол адам ше?

2-оқушы: Жоқ.

1-оқушы: Сонда дүниедегі ең басты бақыт не екен?

2-оқушы: Денсаулық.

3. Қандай мақал білеміз?

1. Адам ішіп -жеу үшін ғана өмір сүрмейді.

2.Қуатымды сақтаймын десең -қарныңа ие бол.

3. Ішімдік адамды есірік қылады, ас-тағам қарын тойдырады.

4. Тірі адам ауырмай тұрмайды. Ауырғанның бәрі өле бермейді.

5. Тоя жеген тамақта у бар.

1-оқушы: Суық судың несі айып?

Шынығайық халайық.

Кеңестері айтылған

Денсаулыққа лайық.

2-оқушы: Бұрын біздер ауырсақ,

Дәрігер қарар жанын сап.

Дәріханаға барамыз,

Дәрі сатып аламыз.

3-оқушы: Тойып ішсең қеншама,

Ауырасың соншама.

Асқазанды бүлдірсең,

Жазылмас қанша күн жүрсең.

4-оқушы: Ал, халайық, халайық,

Табиғатқа қарайық..

Жер ,су, ауа тазарса,

Пайдалы екен бұл аса.

4. «Дені саудың -жаны сау» демекші, атақты дәрігерлермен танысу .Халық қаһарманы Мұхтар Алиевтің өмірімен танысу.

5.Көрініс. « Жалқаудың арманы»

1-оқушы: Анау бала қолын қара

Кір қожалақ қап -қара

Тырнақ өскен, шашы көптен

Алынбапты ау масқара

Кітап сия, беті сия

Салақ екен оңбаған

Мұндай бала

Тазалықты білмеген.

Жалқаудың сөзі:

Мұғалім сабақ сұрамаса

Үйде інім жылымаса

Сиыр суды іше салса,

Тамақ алға келіп пісе салса,

Отынды апам жара салса,

Нанға көкем бара салса?

Сонда қамсыз жатар едім,

Тәтті ұйқыға батар едім.

Жалқау ұйқыға кетіп армандайды.

Соңында кейін бәрін түсінп жақсы оқушы болады.

6. «Тазалық - саулықтың негізі»

1.Жылы мезгілде таза суға көбірек шомыл.

2.Ала көлеңкеде , ымыртта кітап оқуға болмайды, көзге зиян келтіреді.

3.Тамақты асығып ішуге болмайды. Асығып ішкен тамақ ас болмайды.

4. Әр жексенбіде сағат 12-ден бастап табиғатта дем ал. Бұл сенің тәніңнің мейрамы. Осыдан кейін ұнаған тағамыңды жей аласың.

7.Жарнама: «Витаминдердің пайдасы»

1. Сәбіз-бұл А витаминіне жатады. Көздің жақсы көруі, сүйектер мен теріні жақсартады.

2. Лимон, апельсин -бұл С витаминіне жатады. Суықтап қалғанннан сақтайды.

3. Жұмыртқа-Д витаминіне жатады. Қанды жақсы жүргізеді.

4. Бұл көк шөп- К витаминіне жатады. Қанды жақсы жүргізеді.

8. Би «Ән шашу»

9. «Аурулардан сақтану жолдары»

Бүгін бізге қонаққа келген дәрігерлер аурулардан сақтану жолдарын таныстырады.

(Дәрігер киімдерін киген қыздар шығып , салынған суреттер қаттамаларды пайдалана отырып түсіндіреді)

  1. «Сары ауру»

  2. «Өкпе ауруы»

  3. «Иод жетіспеушілігі»

  4. « Құтыру ауруы»

  5. « Тұмау ауруы»

10. «Тістің зардабы» Көррініс.

(Тіс дәрігеріне тісі ауырған бала жылап кіреді. Тіс дәрігері көріп, баланың тісін жұлып, қалай күту керектігі туралы кеңес береді)

11. «Өсімдіктер сыр шертеді»

Туған еліміздің дәрілік өсімдіктері мен экологиясы.

1-оқушы: (Жолжелкеннің суретін ұстап) Мен жолжелкенмін, көп жылдық өсімдікпін. Жол жиегінде өсемін. Емдік мақсатта жапырағымды , тамырымды қолданады.

2-оқушы: (Қолында ошағанның суреті) Мен ошағанмын. Бойым 1 метр. Бұтақтарым көп. Мені арам шөп дейді: менің сөлім өкпе демікпесін емдейді.

3-оқушы: (Қолында жантақтың суреті) Мен жантақпын. Құмда өсемін. Мамыр, тамыз айларында гүлдеймін. Менің тұмбам жөтелді басады. Басқа ауруларды жазамын.

4. (Қолында адыраспаны бар) Адыраспанның емдік қасиеті. Адыраспан -Орта Азия мен Қазақстанда өседі. Адыраспан шөбінен жасалған дәріні ішумен бірге қайнатындысын ваннаға құйып булауға болады.Бұл шөптің қышыма , қотыр , теміреткінің барлық түріне емдік қасиеті зор.

12. «Жаттығу жанның тынысы» Ойын.

1-оқушы: Мына мен тұра сала төсектен

Жаттығамын спортшы деп есепте.

Хормен: Бір, екі ,үш!

Бір, екі, үш!

Бұлшық етте , міне күш!

2-оқушы. Терезеңді аш, жасағанда жаттығу,

Қажет емес, қажет емес аптығу.

Хормен: Бір, екі, үш!

Бір, екі, үш!

Бұлшық етте, міне күш!

3-оқушы: Ептімін де елгезекпін кептерше.

Шалқайамын жерге желкем жеткенше.

Хормен: Бір,екі, үш.

Бір, екі,үш.

Бұлшық етте, міне күш!

4. Денем қызып, маңдайдан тер будақтап,

Аунақшимын, дөңгелеймін тұмақта.

Хормен : Бір, екі, үш!

Бір, екі, үш!

Бұлшық етте, міне күш!

13. «Тілін білсең, тамақта шипа» (Суреттерді пайдалану)

1-оқушы: (Қойдың суреті) Қойдың сүтінің жылу мен әл-ауқатты арттырады, денедегі желді басады.

2-оқушы: (Сиырдың суреті) Сиыр сүтінің несепауруларына пайдасы мол. Ойды ұшқырлайды.

3-оқушы:(Жылқы суреті) Жылқының сүті-іріңді тоқтатады,бүйрек пен белді желден тазартады

.4-оқушы:( Балықтың суреті)Балық еті-асқазан,жүрек ауруларына пайдалы,іріңді тиды ,көзге ем

5.оқушы.(Тауықтың суреті) Тауықтың еті жарақаттарға ем.

14. Ән «Сауысқан»әні

15. «Шипагер атай» Көрініс.

Орман іші суреттер . Шипагер атай ,қасында көмекшісі

Атай қараңыз мына бір сұмдықты,Маймаққа не болған, Кім оны қынжылтты

Шипагер: Маймағым не болды, жасымай айтшы өзің, неліктен көкпенбек ісінген бас-көзі?

Аю: Айтайын жасырмай шынымды

Сақтаңыз шыбыңдай жанымды

Жармасып бал тасыр машина -қадаққа

Домалап түстім де, тап болдым азапқа

Шипагер :Бір сәтке қарының толатын күн үшін,

Жол, жүру ереже тәртібін бұзыпсың

Аю : Шипагер ата, енді қайтып ұрлық та жасамаспын, жолда жүру ережесін де бұзпаспын

(Түлкі мен қоян дауласып, Қоян құлағын Түлкі шойнаңдай ақсап келе жатады.

Түлкі: Жүгіріп екеуміз ойнадық қуыспақ

Қоян: Ауладан шап беріп алмақшы қу ұстап

Түлкі:Ал қоян көшеге зып беріп жөнелді

Қоян:Машина астынана жүгіріп өткенде

Құлақты бір темір зақымдап кеткені.

Шипагер: Құлақ пен құйрықты жазатын дәрі бар,

Ереже бұзғанға қоятын екілік тағы бар.

Мыналарды мен тез ауруханаға жеткіземін

16. «Байқап жүр»

Түйдек-түйдек лекпен

Машиналар ағады.

Бағдаршам ретпен

Күні -түні жанады.

Көшені кесіп өтерде

Айдалаға қарама.

Жүрме текке есінеп

Өтер жермен тек қана

Өтер жолмен тек қана

Көшені сен кесіп өт!

17. «Үнді биі»

18.Бүгінгі күн мереке

Мереке әрі береке

Шыныққандар бізбенен

Арамызда ер екен

19. Жүргізуші: «Денсаулық -зор байлық»деген сынып сағаты аяқталды.Сіздерге зор денсаулық , бақыт, табыс тілейміз.



© 2010-2022