Атамекен - алтын бесік

Раздел Другое
Класс 7 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Пәні: Өзін-өзі тану

Сабақтың тақырыбы: Атамекен - алтын бесік

Мақсаты: Атамекеннің адамның өсіп - дамуындағы, өміріндегі рөлі туралы түсініктер беру.

Міндеттері:

- Атамекенді қадірлей білуге, Атамекенге қызмет ету, адам өмірінде Атамекеннің алатын орны туралы мағлұмат беру;

- Оқушылардың өз Атамекені, туған жері туралы мәліметтер мен тарихы туралы білімдерін кеңейту;

- Өз Атамекеніне, туған жеріне деген сүйіспеншілігін, мақтаныш сезімдерін арттыру.

Көрнекіліктер: интерактивті тақта (слайд, «Атамекен» әні, Бейнебаян «Өз елім» әні. )

Шаттық шеңбері:

Қ. Мырза Әлінің сөзіне жазылған Е. Хасанғалиевтің «Атамекен» әнін орындаймыз.

(Балалар орнынан тұрып, «Атамекен» әнін орындайды.)

Атамекен

Сөзі: Қ. Мырза Әлі

Әні: Е. Хасанғалив

Жасыл жайлау - түкті кілем, көк кілем.

Көк кілемде көп ойнаймын, көп күлем.

Маңдайымнан сипап өткен самалды

Қазағымның алақаны деп білем.

Қайырмасы:

Қайда жүрсең, атамекен

Көкейіңде жатады екен.

Күннің өзі ұясына

Қимай оны батады екен.

Жасыл жайлау - түкті кілем, көк кілем.

Көк кілемде көп ойнаймын, көп күлем.

Күннің нұрын, айдың аппақ сәулесін

Қазағымның махаббаты деп білем.

Қайырмасы:

Жасыл жайлау - түкті кілем, көк кілем.

Көк кілемде көп ойнаймын, көп күлем.

Асқар тауын аспаныммен астасқан

Қазағымның мәртебесі деп білем.

Қайырмасы

Ұйымдастыру:

Мұғалім сөзі:

Ендеше, біздер бір - бірімізге күлімсіреп, сәлемдесіп, Сабағымызды бастамас бұрын топқа бөлініп алайық.

Топқа бөлу Мақал - мәтел арқылы.

1 Отанын сүйген: отқа жанбайды, суға батпайды.

2 Отан - елдің анасы
Ел - ердің анасы.

3 Отан үшін күрес,

Ерге тиген үлес.

4 Туған жер - тұғырың,

Туған ел - қыдырың.

І топ Атамекен

ІІ топ Туған жер

ІІІ топ Отан

ІV топ Атажұрт

Үй тапсырмасы: Балалар үй жұмысына «Менің азаматтық ұстанымым» атты тақырыпқа эссе жазуға берілген болатын.

Мұғалім сөзі:

- Балалар, біз жаңа Атамекен туралы әнді орындадық я?! Сонымен бүгінгі біздің өтетін тақырыбымыз - Атамекен алтын бесік. Атажұрт, атамекен, туған жер - өте кең ұғым. Ол халқымыздың атам заманнан бері мекендеп, сусын ішіп, өмір сүріп, өсіп - өніп келе жатқан кең жазира жері. Бұларға жеке - жеке тоқталатын болсақ, атажұрт - этникалық ұжымның, яғни ру, тайпа, елдің байырғы ата - бабадан ұрпақтарына мирас болып қалған ежелден өсіп - өнген, өрбіген, ел болып қалыптасқан тарихи мекені. Ал, атамекен ұғымы бізге араб тілінен келген екен."Ата" - көне түркі дәуірлерінде әрі қолбасы, әрі елбасы болған кісілер есіміне жанама қосылатын атау болса, мекен сөзі араб тілінде «мәкан» - орын, жай деген мағынаны білдірген. Бұл дегеніміз - туған жер, өңір, өлке. Түркі қауымына ортақ «ата» сөзімен қосылып, әуелде «атақоныс» ұғымында қолданылған. Кейін келе мәні кеңейіп, «ата - бабалар ғұмыр кешкен, олардың өз ұрпақтарына мәңгілікке қалдырған иелігі, ең қымбат мұрасы» деген ұғымды білдіреді. Отан ұғымдарының баламасына айналған Атамекен еліміздің, мемлекеттілігіміздің негізі. Туған жер дегеніміз - әр адамның шыр етіп дүние есігін ашып, өмірге келген жері.

Әр адамзаттың бір ғана Отаны, яғни Атамекені болады. Алайда, қазіргі таңда кейбір адамдардың екі Отаны болады. Оған себеп, ғаламдану дәуіріне сәйкес басқа мемлекеттерде тұрып, сол елдің азаматтығын алып, өзінің екінші Отаны деп санайды.

Туған жер мен Атамекеннің айырмашылығына тоқталатын болсам: туған жер деп кіндік қаның тамған жерді айтамыз. Ал, атамекен - ата - бабамыздың білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен қорғап қалған қасиетті жері. Оның айдын шалқар көлдері мен мөлдір бастау қайнарлары, сарқырай аққан тасқынды өзендерінің, алып таулары мен жасыл желек жамыла сыңсыған орман - тоғайларының, кең - байтақ, ұлан - ғайыр даласының атаулары мың сан. Бұлардың бәрі - халық тарихы, қоғам өмірімен біте қайнасып, ғасырлардан ғасырларға ұласып, ұрпақтан ұрпаққа жетіп, кейінгі буындарға мирас болып отырған мәдени мұра, өшпес шежіре. Халықтың ұшқыр қиялы, саналы ой, данышпандық зердесі мен ұлттық мінез - құлық болмысының көрінісі. Сонымен атамекен - елдіктің, мемлекеттіліктің негізі.

- Балалар, енді «Әңгімелесейік, пікірлесейік» айдарына кезек берсек.

Әңгімелесу. Мозайка құру арқылы.

Атамекен, атақоныс, атажұрт несімен қымбат?

Ел баласы атану үшін адамға қандай қасиеттер керек деп ойлайсыңдар?

Өз Атамекенін сүйе білу адам өміріне қалай әсер етеді?

Атамекеннің адам үшін маңызы қандай?

Атамекен дегенде ойыңа бірінші не келеді?

Мәтінмен жұмыс

Оқушыларға оқулықтағы Ғ.Оралбаевтың «Бір шымшым топырақ» әңгімесін оқытып, Атамекенге деген сүйіспеншілік сезімдерін ояту.

Мәтін бойынша сұрақтар:

Өз ата-мекенің, туған жерің, Отаның туралы айтып беріңдер.

Сенің қандай еңбегіңді елің мақтан еткенін қалайсың?

Оқу ақпараты

Атамекен - туған халқымның, ұлтының мекен еткен, ата бабаңның қоныс тепкен жері. Туған жер - әр адамның дүние есігін ашып, өмірге келген жері.

Адам өмірге келіп, ес жиып, етек жия бастаған сәттен өз болашағына, өткеніне ден қоя бастайды. Адамның болашағы да, өткені де Атамекенім мен тығыз байланыста болады.Халқымыздың атамекенді ардақтау сезімі өте терең, олар үшін туған жерді қасиет тұту - қанға сіңген мінез, ежелгі дәстүр.Бұл таным біздің жанымызға ана сүтімен дарыған.

Атамекеннің көркеюі,гүлденуі, жаңарып, жаңғыруы сол жерде туып өскен азаматтарға, ұрпаққа байланысты болады.

Дәйексөз

«Туған жер - тұғырың, туған ел - қыдырың»

Тыныштық сәті: Сабақтағы жағымды күйге келу.

Балалар, ыңғайланып отырып алыңдар да, терең тыныс алыңдар.

Жер бетінде жанға жайлы бір жер бар деседі, оны көру әркімнің маңдайына жазылмаса керек. Ол жерде адамдар шат шадыман, бір - бірін ренжітпей аялап, мейіріммен қарайды екен.Адамдар сәл нәрсенің өзіне қуанып, кішкентай дүниеден жақсылық іздейді екен. Барща табиғатқа қамқорлықпен қарағандары соншалықты, айналада жайқалып қалың майса шөп өсіп, өзендері мөп - мөлдір, тап - таза болып ағып, көгілдір көлдерде балықтар шоршып жүзеді.

Адамдар мұң мен жауласу дегенді білмейді, күнкөріс қамымен де бір бірін ренжітпейді,бір - біріне бауырмал болып, өзара көмектеседі екен.Сол себепті ол жерде бәрі бақытты,бәрі тату, бәрі дос.Халықтар өзара соғыспайды, келісімге келіп, үйлесімді өмір сүреді.Ол аймақтың тыныштығы мен жайлылығы сондай бозторғайлар қой үстіне ұя салып, қой үстіне жұмыртқалайды.

Түйіндеме: Мұғалім сөзі:

- Балалар, біз Б. Момышұлын білеміз ғой?! Ол Отан үшін отқа түскен, қазақ халқының ұлы перзенті, қаһарман жауынгер, даңқты қолбасшы, Кеңес Одағының Батыры, әйгілі жазушы, XX ғасыр биігінде тұрған дара тұлға. Сіздерге Б. Момышұлының өсиеті беріліп отыр.

Отан сүйер ұлан бол!

Мен немере сүйіп отырған адаммын. Балаларды өте жақсы көремін. Сол балалардың, бүлдіршін балдырғандардың бақытты болашағы үшін сұрапыл соғыста ер азабын мейлінше көрген адаммын.

Менде адаммын жаралған сүйек, еттен,

Арым бар, намысым бар жер тербеткен

Қазақтың қарапайым бір ұлымын

Жанымды арым үшін құрбан еткен.

Балаларыма, немере, шөберелеріме айтар жалғыз тілегім: Елді сүйер ұлан болыңдар! Өз халқыңа лайықты азамат болып өсіңдер.

Б. Момышұлы

Оқушылардың Атамекенге деген сүйіспеншілік сезімдерін шығармашылық жолмен жеткізу тапсырылады. (топтық сурет салу арқылы, постер қорғау)

Шығармашылық жұмыс:

Оқулықтағы А.Г.Школьныйдың «Жайлаудағы кеш» суретіне қарап отырып әңгіме құрастыру.

Үй тапсырма:Атамекен өлеңін жаттау.

Атамекен

М. Айтқожина

Мекен ғой бұл, ел көшкен қия құздан

Қара тастан жас тамып, күй ағызған

Жақсыны да, жаманды көрген далада,

Кеңдігінен кеудеге сыя алғызған.

Мекен ғой бұл тұлпардың ізі қалған,

Көкжиектегі жүріпті жүзіп арман.

Домбырадан бір мезгіл күй толастап,

Арулардан нәзік ән үзіп алған.



Мекен ғой бұл сыңсыған қызды ұзатқан,

Жанбасына мұң батқан күзгі ұзақ таң.

Бір өзінің көркіне сұқтандырып,

Бұлақ - бұрым, кеудеден күз құлатқан.



Мекен ғой бұл қызыққа бір қанбаған,

Бұлт үкісі биікте бұлғаңдаған.

Дала бейне түс көріп жатқан батыр,

Қадалып келбетіне тұрған маған.





Жүректен - жүрекке:

Мұғалім сөзі: - Балалар, «Жүректен жүрекке» айдарына да келіппіз.

"Өз елім" әнін тыңдап, бейне баянына назар аударайық.

© 2010-2022