«Ай мен Айша» романының көркемдік ерекшеліктері

Раздел Другое
Класс 8 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сынып: 8 «Б»

Сабақтың тақырыбы: «Ай мен Айша» романының көркемдік ерекшеліктері

Сабақтың мақсаты: жазушының сөз қолданысы мен көркемдік ерекшелігіне талдау жасау арқылы, оқушылардың дүниетанымын кеңейту, логикалық ойлауын қалыптастыру; тапқырлық, шешендік, ойшылдық, адамгершілік сияқты халқымыздың асыл қасиеттерін бойына сіңіру

Сабақ типі: білімді бекіту сабағы

Сабақ түрі: дәстүрден тыс, сайыс сабақ

Сабақ әдісі: талдау, іздендіру, сұрақ-жауап, рөльде ойнау

Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру

а) амандасу; оқушы назарын сабаққа аудару

ә) топқа бөлу; сабақ мақсатын айқындау

ІІ. Өткен материалды бекіту

«Ай мен Айша» романының мазмұнын айту

Тест

1. Заман соққан жел. Біз - қаңбақ. Троптың қандай түріне жатады?

А) теңеу

B) эпитет

C) метафора

D) символ

2. «Ай мен Айшаны» жазғанда жазушының жасы нешеде болды?

А) 30-40 аралығы

B) 40-50 аралығы

C) 50-60 аралығы

D) 60-70 аралығы

3. Ш.Мұртазаның туған жері?

А) Мыңбұлақ

B) Көксай

C) Ақсай

D) Әулиеата

4. Барсханның алдына жан салмайтын ойыны?

A) доп ойнау

B) тығылыспақ

C) демалмас

D) жүзу

5. Кетпе деп кәріқыз, ошаған, тікен, алабота, қарасора, тобылғы, аяққа шырмауық оралды. Табиғат ана көз жасын төкті. Троптың қай түріне жатады?

А) теңеу

B) кейіптеу

C) метафора

D) эпитет

«Кейіпкер болып, ойнап көр» (жазушының адам характерін сомдау шеберлігі)

Шарты: Қалаулары бойынша ұнаған кейіпкер, нанымды кейіпкер, шебер жасалған кейіпкер рөлінде ойнау, жеке де топпен де.

«Ойлы болсаң, озып көр»

Шарты: Екі топ романның мазмұнына байланысты сұрақтар әзірлейді, бір-біріне қояды.

Қорытындылау.

Бағалау.

Үйге тапсырма: Қалаған тақырыптардың біріне ойтолғау жазу, тақырабын өзі ойластыруына болады.

«Қайран біздің аналар», «Шерхан - шебер суреткер», «Көк бөрінің тұқымы», «Рухты елдің белін ешкім сындыра алмайды»



© 2010-2022