«Еңлік - Кебек» пьесасы 11 сынып

Раздел Другое
Класс 11 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«№ 28 Құсмұрын орта мектебі» ММ

Қостанай облысы Әулиекөл ауданы

Сұлтанова Сәбира Шаймерденқызы

Сынып: 11

Пәні: Қазақ әдебиеті

Тақырыбы: «Еңлік - Кебек» пьесасы

Пәнаралық байланыс : Қазақ әдебиеті мен өзін-өзі тану пәні

Құндылық: Қиянат жасамау

Қасиеттер: Барлық дін мен мәдениетті құрметтеу; Оймен, сөзбен, не болмаса іспен тірі жанға зиян келтірмеу; жақсы азамат болу;

Сабақтың мақсаты: Еңлік- Кебек пьесасы туралы оқушылардың түсінігін молайту. Тақырыбы мен идеясын ашу, ой жинақтау. Пьеса желісі бойынша қиянат жасамау құндылығын ашу.

Сабақтың міндеттері:

  • Барлық дін мен мәдениетті құрметтеу, Оймен, сөзбен, не болмаса іспен тірі жанға зиян келтірмеу, қиянат жасамау, әлеуметтік әділеттілік орнату, жақсы азамат болу.

  • Ұжымдасып еңбек етуге, мәдениетті сөйлеуге баулу.

  • Рухани-адамгершілік қасиеттерді тәрбиелеу.

Ресурстар:(материалдары, көздері)

Интерактивті тақта, плакаттар, маркерлер

Сабақтың барысы: Тыныштық сәті (су түбіне саяхат)

Денелеріңізді түзу ұстаңыз. Көздеріңізді жабыңыздар. Терең тыныс алып елестетіңіздер. Біз сіздермен теңіз түбіңе саяхатқа барамыз. Ақырындап орындарыңан тұрып, кабинеттен шығап, далаға шығамыз. Қараңыздар алдарыңызда теңіз. Елестетіңіз, сіз теңіз жағалауымен келе жатырсыз. Жалаңаяқ жүрып, құмның жылуын сезіп келе жатырсыз. Теңізге қараңыздар, сіздер бір қара нүкте көріп тұрсыздар. Ол жақындаған кезде сіз ол қара нүктенің дельфин екенін көрдіңіз. Ол сізді теңіз түбіне саяхатқа апаруға келді. Дельфин ең адал жануар. Сіз ақырындап дельфиннің үстіне отырып, қатты ұстап алыңыз. Сізді дельфин ақырындап теңіздің түбіне жүзіп алып келе жатыр. Жан жағынызға қараңыз, әр түрлі балықтар. Оң жақтарыңызға қарасаңыздар қып - қызыл балдырлар, сол жақтарыңызға қараңыздар сары, көк түсті балықтар. Сізді дельфин ақырындап осы балықтардың арасымен жүзіп алып келе жатыр. Қараңызшы алдыңызда сегізаяқ. Өзі сондай үлкен. Теңіз түбі қандай ғажап десеңізші. Теңіздің түбіндегі тыныштықты сезіндіңізбе? Осы тыныштықта бір сәт отыра тұрыңыз. Енді артқа қайтуға дайындалыңыз. Дельфин сізді теңіздің бетіне алып келе жатыр. Теңіз бетіне шыққанда беттерңізге самал желдің үрлеп тұрғанын сезіндіңіздер. Дельфин сізді теңіз жағалауына алып келді. Сіз аырындап дельфиннен түсіп, оған өз ризашылықтарыңызды білдіріңіздер. Оны сипаңыздар. Жылы құммен ақырындап артқа жүріңіздер. Мектептің есігінен кіріп, өз кабинетімізге ораламыз. Өз орындарына отырыныздар.

Сыртқы интеграция:

Мұғалімнің сөзі: (презентация)

Мұхтар Әуезовтың әйгілі «Еңлік-Кебек» пьесасындағы Еңлік пен Кебектің жасырынған Үй тасы «Еңлік-Кебек» - 1917 жылы мамыр айында, жайлауда Абайдың жары Әйгерім үйінде алғаш қойылған қазақ елі тарихындағы бірінші пьеса.

1917 жылы мамыр айында Ойқұдық жайлауында Абайдың аяулы жары Әйгерімнің сегіз қанат үйінде «Еңлік-Кебек» пьесасы қойылған.

Дәйексөз: «Туған халқына мәңгілік мұра болғандай ғасырлық туынды сыйлау тек қадау - қадау ұлылардың үлесіне тиген.Солардың бірі - Мұхтар Әуезов. »
З.Қабдолов

Үй тапсырмасын сұрау (постер арқылы) екі топ плакаттарға образдарды сипаттап, қорғайды.
I топ. Еңліктің образы
II топ. Кебектің образы

Пьесадан көрініс (бейнефильм)

Ситуациялық жағдай:

  • І топ - Еңліктің туыстарының іс-әрекетін қалай бағалайсындар

  • ІІ топ - Қазіргі заманауи көз-қарастарын ( осы әрекетті қалай шешер едіңдер)

Постер арқылы қорғайды.

Ескерту:

Ішкі интеграция:

І топ

көтерген мәселесі не деп ойлайсыз?

1. Махаббат

2. Тарих

3. Әлеуметтік өмір шындығы

4.Өз ойым

ІІ топ

Екеуінің өліміне кім ( не) кінәлі?

1. Кеңгірбай

2. Заман

3. Салт- дәстүр

4.Өз ойым

Сабақтың қорытынды сәті:

  1. «Еңлік-Кебек» пьесасы қашан жарық көрді?
    2.М.Әуезовтің «Еңлік-Кебек» пьесасында қандай мәселелер көтерілген?
    3. Автор шешімімен келісесіз бе?
    Егер сен автор орнында болсаң шығарманы қалай аяқтар едің?

Өзін-өзі тану пәні арқылы сабақ барысында пьеса желісінде бес құндылық байқалама?

Пьесаның ақиқаты, өмірде болған шындық аңыз екі жастың шынайы махаббаты. Екі жастың қиындыққа мойымай бір-бірін сүйіп, махаббат үшін күресуі. Оқушылардың ой-пікірі бойынша пьесаның соңын қиянат жасамай, ешкімге зиян келтірмей, әлеуметтік әділеттік орта орнату.

«Еңліктің туыстары қос ғашықты дала заңы бойынша жазалауы дұрыс па?» тақырыбына диспут.

І топ - «дұрыс» деп есептейді

ІІ топ «дұрыс емес» деп есептейді

Үй тапсырмасы:
« Ғашықтың тілі - тілсіз тіл » тақырыбында эссе жазу.





© 2010-2022