Баяндама тақырыбы: «Мамандық»

Мамандық - әрбір адамның болашағы, сондай-ақ шаруашылық көзі болып табылатын сүйікті іс. Кез келген адам өз мамандығына құрметпен қарайды емес пе. Мамандық таңдау үлкен жауапкершілікті қажет етеді. Әлемде 40 мыңға жуық әртүрлі мамандық бар, статистердің зерттеуі бойынша жыл сайын 25 млн. адам өзінің жұмыс орнын ауыстырып, оның 12 пайызы қайтадан өз орнына қайтып оралатын көрінеді.  Сонымен бірге, әр мамандықтың ерекшеліктері де бар. Ізгі мамандықтардың бірі - мұғалімдік дер едік. Ұстаз баланы оқытып-тәрбиелеп, елін көркейтер азамат етсе, адам жанының арашасы саналатын ақ халатты абзал жандар - дәрігер мамандығының ерекшелігі, олар ауырған жанның тәнін ғана емес, ішкі жан-дүниесін де емдейді емес пе. Болашақта үлкен мамандық иесі болатынын армандамайтын бала болмайды. Біз мектеп өмірінің соңғы жылында мектеп партасында отырмыз. Күні ертең мектеп бітіріп, жан-жаққа тарап, біреуіміз жоғары оқу орнына түсіп, енді біріміз еңбекке араласамыз. Сол кезде біздің ойымызда «Қоғамға, адамдарға пайдасын тигізетін мамандықты қалай таңдауға болады?» Деген сұрақ болады. Менің таңдаған мамандығым - дәрігер болу. Бұл мамандықтың ерекшелігі, қазіргі кезде Қазақстанның гүлденген, бүкіл әлемнің назарын өзіне аударған сәтінде дамыған елдермен қарым-қатынасты одан әрі нығайта түсуде өз үлесімді қосу. Дәрігердің ең басты мақсаты - екі елдің саяси-экономикалық, әлеуметтік, мәдени өмірлерін танытып, жақсы қарым-қатынас орнату. Мамандық иесі болу үшін алдымен білім мен қабілет қажет. Өйткені, білім арқылы адамның қабілеттілігі артса, ал қабілеттілік білікті маман болуыңа өз үлесін тигізеді. Ел сеніміне кіретін құрметті мамандық иесі болу үшін білім алуға барлық күш-жігерімізді жұмсап, жұмыстанайық дегім келеді. Егеменді еліміздің ертеңі - болашақ маман иелері болу өз қолымызда екені даусыз. Мамандық таңдау деген өзің айналысқың келетін жұмысты таңдау ғана емес, өзің араласқың келетін ортаны да таңдау. Қазақ «Адам екі түрлі жағдайда қателеспеу керек: бірі - жар таңдағанда, екіншісі - мамандық таңдағанда» деп бекер айтпаса керек.  «Мамандық» сөзі латын сөзінен шыққан, «жұрт алдында сөйлеу, жариялау» дегенге саяды. Есте жоқ ескі заманда мамандықтың қазіргідей түр-түрі болмады. Әр адам барлық жұмыспен өзі ғана айналысатын. Дегенмен, әйелдер мен ерлерге деп бөлінетін жұмыстар болған. Ерлер аң аулап, үй тұрғызып, қару-жарақ жасаса, әйелдер жеуге жарамды өсімдіктерді жинап, тамақ пісірген, киім-кешек тігіп, бала тәрбиелеген.
Раздел Другое
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:











Баяндама



Тақырыбы: «Мамандық»







Аты-жөні: Тажикеева Гулжан Абетовна



Лауазымы: Біліктілігі жоғары деңгейдегі

бірінші санатты тәрбиеші.



Жұмыс орны: ПДТ балаларға арналған

мектеп- интернат (КММ)

























Қарағанды қаласы



© 2010-2022