Қазақ тілінен тілдер апталығына викторина

Раздел Другое
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тілдер апталығы

Викторина

Тақырыбы: Тілім- мақтанышым

Мақсаты:

Оқушылардың туған жеріне, мемлекеттік тілге деген құрмет сезімін қалыптастыру. Қазақ тілінің мәртебесін көтеруге, оқушылардың алған білімдерін тез ойлана қолданып, жүйелі түрде жауап қайтара білуге үйрету.

Барысы

Жүргізуші:

  • Қош келдіңіздер, құрметті қонақтар!

  • Құрметті оқушылар, сендер бізде қандай жаңалық болып жатқанын білесіңдер ме?

  • Дұрыс, қазір «Тілдер апталығы» өтіп жатыр. Қазақ тілі өте бай, көркем тілдердің бірі. Мемлекеттік тілдерді меңгеру- қазақстан азаматының парызы. Қазіргі қазақ тілі- дамыған тіл.

  • Сайыс төрт аялдамадан тұрады.

  • 1 аялдама- «Сәлем- сөздің басы»

  • 2 аялдама- Кім жылдам?

  • 3 аялдама- Тапқыр болсаң- тауып көр

  • 4 аялдама- Сиқырлы сөз

  • 5 аялдама- Кім қазақ тілін жақсы біледі?

1 аялдама

«Сәлем- сөздің басы»

Әр топ өзінің тобын, басшысын, топ мүшелеімен таныстырады. Бұл аялдамаға 5 минут беріледі. Жақсы орындаған топқа 2 жұлдызша таратылады.

2 аялдама

Кім жылдам?

Бұл аялдамада берілген әріптерден тез сөздер құру керек.

Тез орындаған топқа жұлдызша таратылады.

МӨСЛЕЙ

УҒАЖАЛ

ӨЗС

ЛІТ

ҚАБАС

3 аялдама

Тапқыр болсаң- тауып көр

Бұл аялдамада әр топ басшысына 5 сұрақтан қойылады.

1 топ басшысына:

  1. Мектеп қай көшеде орналасқан?

  2. Күз айларын ата.

  3. Неше рәміз бар?

  4. Қазақстан қандай мемлекет?

  5. Туда не орналасқан?

  1. топ басшысына:

  1. Аптаның бірінші күні қалай аталады?

  2. Көктемде не болады?

  3. Қандай азық- түліктерді білесің?

  4. Қазақ тілінде неше төл дыбыс бар?

  5. Қыста не болады?

4 аялдама

Сиқырлы сөз

Дауысты дыбыстарын табыңдар:

  1. К...з к...лд...

  2. К...н с... ...қ

  3. Ж...ңб...р ж...уд...

  4. Ж...п...р...қт...р с...р..

5 аялдама

Кім қазақ тілін жақсы біледі?

«Отбасы» туралы 5 сөйлем құрастыру

Балдарын санау

Жеңімпаздарға мадақтама қағазын беру

© 2010-2022