Әр түрлі металдарды кесу, тазалау

Раздел Другое
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

БЕКІТЕМІН

«Қаракемер кәсіптік колледжі»

МКҚК Аға шебері

______________Тукеева Ж.С.

Сабақ жоспары № 4


Күні-айы: 20.11.2015 Топ: ЭД-03 Курс: I

Мамандығы: 1114000 - дәнекерлеу ісі

Бөлімнің тақырыбы: Слесарлық жұмыс.

Сабақтың тақырыбы: Әр түрлі металдарды кесу,тазалау

Сабақтың мақсаттары:

Білімділік: Студенттерге металл пластиналық беттің, құбырлардың сыртын темір шеткамен тазалау және пластина жазықтығын, қабырғасын кесу, құбырларды кесу жұмыстарын үйрету.

Дамытушылық: Студенттерге құрал-саймандарды күтіп ұстау, әр түрлі металдарды кесу, тазалау жұмыстары кезіндегі құралдарды дұрыс пайдалану, еңбек қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтай отыра, мамандыққа деген қызығушылығын арттыру және шығармашылық қабілеттерін дамыту. Тәрбиелік: Студенттерді ұқыпты, жинақы жұмыс жасауға және әрбір детальді, материалды үнемді пайдалануға тәрбиелеу. Қазіргі заман талабына сай маман аталуға ұмтылдыру.

Сабақтың типі: еңбек тәсілдері мен әдістерін үйрету Сабақтың әдістері: ауызша түсіндіру (әңгімелесу, түсіндіру, дәріс оқу, оқулықпен жұмыс жасау), көрнекілік әдістер (бақылау тәжірбиелерді көрсету), еңбек әдістері мен тәсілдерін көрсету, тәжірбиелік әдістер (жаттығулар орындау, тәжірбиелік және өндірістік жұмыстарды орындау) Материалды-техникалық жабдықтар мен дидактикалық материалдар: Металл дайындамалар, техникалық нұсқау картасы, слесарлық құрал-саймандар(металл қайшы, наждакты парақ,балға,кернер,шапқы, қол ара), үлестірмелі материалдар, плакаттар.

Өткізілетін орны: электр газымен дәнекерлеуші шеберханасы

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі: (1-3 мин)

1.1. Сәлемдесу;

1.2. Білім алушыларды түгендеу;

1.3.Білім алушылардың оқу құрал - жабдықтарын тексеру.

2.Кіріспе нұсқау: (45 мин)

2.1. Сабақтың тақырыбы мен мақсаттарымен таныстыру;

2.2. Білім алушылардың теориялық сабақтарда алған және өндірістік оқыту сабақтарында алған білімін тексеру;

1. Металға белгі түсіруді қалай түсінесіздер?

2.Белгі түсірудің түрлері қандай?

2.3. Білім алушыларға сабақта жасалатын жұмыстарды орындаудың әдіс-тәсілдерін көрсету және түсіндіру, сонымен қатар орындалған жұмыстың сапасын бақылау әдістерін үйрету;

Бөлшектердің немесе дайындамалардың материалдарына, пішіндеріне және өлшемдеріне байланысты, оларды кесу қол немесе механикаландырылған аспаптардың көмегімен жүргізіледі. Оларға тістеуіктер, қол және электр қайшылары, қол және пневматикалық аралар, құбыр кескіштер және т.б. аспаптар жатады.

Жұқа қалыңтыр материалдар мен сымдарды кесуге арналған қайшылар мен тістеуіктердің жұмыс істеу принципі екі кескіш пышақтардың қысыммен бір-біріне қарама-қарсы бағыттағы қозғалыстарына негізделген.

Тістеуіктердің кесу жиектері барлық ұзындықтары бойынша бір уақытта беттеседі, ал қайшылардың кесу жиектері бір жақ шетінен бастап, біртіндеп қиылысады. Тістеуіктер мен қайшылар, бір-бірімен шарнирлі қосылған, екі рычагтан тұрады. Оның қысқа жағы кескіш пышақтар, ал ұзын жағы қолмен ұстайтын тұтқаның ролін атқарады.

2.4. Білім алушының өндірістік оқу шебері көрсеткен еңбек тәсілдерін орындап көруі;

2.5.Көбінше жіберілетін қателіктерді талдау және оларды болдырмаудың жолдарын анықтау;

2.6. Кіріспе нұсқаулық материалдарын бекіту және білім алушылардың жаңа тақырып бойынша білім деңгейлерін тексеру;

1. Металды кесу операциясы кандай құралдардың көмегімен жүргізіледі?

2. Әр түрлі металдарды кесу, тазалау жұмыстары олардың қалыңдығына, көлеміне, құрамына байланысты ма?

2.7.Еңбекті қорғау және техника қауіпсіздік ережелерін қарастыру немесе қайталау;

2.8. Білім алушыларға тапсырма беру және оларды жұмыс орындарына орналастыру;

3.Білім алушылардың оқу-өндірістік жұмыстарына ағымдағы нұсқау жүргізу (4сағат)

3.1. Білім алушылардың өзіндік оқу-өндірістік жұмыстары:

1.Металл дайындамаларды темір щетка көмегімен тазалау

2.Слесарлық жұмыстар кезіндегі техника қауіпсіздігі

3.Әр түрлі детальдарды кесу, тазалау жұмыстары

3.2. Ағымдағы нұсқау (арнайы аралаулар арқылы):

- жұмыс орнының ұйымдастырылуын және жағдайын тексеру;

- еңбек тәсілдерін орындау дұрыстығын және техника қауіпсіздік ережелерінің сақталуын тексеру;

- технологиялық жұмыстарды орындау ретінің дұрыстығын тексеру;

- жұмыстарды қабылдау.

4. Қорытынды нұсқау (15 мин):

4.1. Сабақты қорытындылау;

4.2.Жіберілген қателерді талдау;

4.3.Білім алушылардың жұмысын бағалау және оны түсіндіру;

4.4. Үй тапсырмасы:

Металдарды кесу, тазалау жұмыстары туралы түсінік. Кесу, тазалау операциясын қайталап орындау.

5.Жұмыс орнын жинастыру.

Ө/о шебері: _______________ Бердимуратова А.О.

Технологиялық нұсқау картасы №2

Тақырыбы:Металды кесу, тазалау

Сабақтың мақсаттары: Студенттерге металл пластиналық беттің, құбырлардың сыртын темір шеткамен тазалау және пластина жазықтығын, қабырғасын кесу, құбырларды кесу жұмыстарын үйрету.

Жұмыстың реті

Жұмыстың мазмұны

Қажетті құрал -жабдықтар

1

Қайшының төменгі тұтқасын атауызға мықтылап бекіту.

Әр түрлі металдарды кесу,тазалау

Верстак, әр түрлі қол қайшылары.

2

Дайындаманы жеңіл көтеріп, өзіне қарай бағыттайды.

Әр түрлі металдарды кесу,тазалау

Ағаш тілім тақташалары, өлшем құралдары.

3

Қайшының пышақтарын дәл белгі сызығына бағыттайды.

Әр түрлі металдарды кесу,тазалау

Дайындамалар, атауыздар, төстер.

4

Қайшының пышақтарын дәл белгі сызығына бағыттайды.

Әр түрлі металдарды кесу,тазалау

Верстак, әр түрлі қол қайшылары, дайындамалар, атауыздар, төстер, ағаш тілім тақташалары, өлшем құралдары.

5

Рычагты қайшы көмегімен металл кесу

Әр түрлі металдарды кесу,тазалау

Металл дайындама, рычагты қайшы;

1 - төменгі пышақ

2 - рычаг

3 - жоғарғы пышақ

4 - белгі

5 - кесілетін металл

6

Электрлі қайшы көмегімен металл кесу

Әр түрлі металдарды кесу,тазалау

Электр қайшы, кесетін металл;

 - электр қозғалтқыш

2 - тұтқа 3 - ажыратқыш

4 - редуктор

5 - бекіткіш

6 - жоғарғы пышақ

7 - эксцентрик

8 - төменгі пышақ

7

Металдарды қол арамен кесу

Әр түрлі металдарды кесу,тазалау

Қол ара, атауыз (тиска), кесетін металл деталь;

а - жұмыс істеушінің денесін және араны дұрыс ұстауы;

б - аяқтарының орны;

в - рамасы 90 0 бұрышқа бұрылып бекітілген арамен жұмыс істеу.



© 2010-2022