Қазақ хандығына 550 жыл

Раздел Другое
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Топ: қарапайым А1

Тақырыбы:

"Қазақ хандығына 550 жыл"

Танымдық сабақтың мақсаты:

Білімділік: Қазақ хандығы құрылуының тарихи оқиғалар тізбегін еске түсіре отырып, танымдарын арттыру;

Тәрбиелік: тарихи ұлы тұлғалардың ерліктерін насихаттай отырып, отансүйгіштікке тәрбиелеу;

Дамытушылық: өткенді еске түсіре отырып, болашаққа бағдар беруге баулу.

Сабақтың түрі: Танымдық сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері:

Сабақта қолданылатын

көрнекі құралдар: бейне ролик, фото суреттер, кеспе карточкалар, карта

Танымдық сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:

Түріктің бір бұтағы қазақ еді,
Қайсар мінез, өр еді, ғажап еді.
Жәнібек, Керей хандар басын қосып,
Өмірге келген еді қазақ елі.
Алтай мен Атыраудың арасында
Жетісу, жеті өзеннің сағасында.
Бірігіп Ұлы, Орта, Кіші жүз боп,
Хандық құрды қазақ өз даласында.

Елбасы 2015 жыл - ұлттық тарихымыздың ұлықталатын жылы екенін еске салды. Мәселен, Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Конституциямыздың 20 жылдығын, Ұлы Жеңістің 70 жылдығын, 2015 жылы Қазақ хандығының 550 жылдығынатап өтеміз.

«Қазақ елі» бейне роликті тамашалау.

1-тапсырма. Бейне роликке байланысты сұрақтарға жауап беру.

  • Қазақ хандығының негізін қалаған сұлтандар?

  • Керей мен Жәнібек сұлтандармен бірігіп көшкен алғашқы ру-тайпалардың атауы?

  • Қазақ хандығы қашан,қай жерде құрылды?

  • Қазақ хандығының алғашқы территориясы?

  • Қасым хан тұсындағы қазақ хандығының астанасы болған қала?

2-тапсырма: Мәтінмен жұмыс.

Биыл Қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл толады. Тарихқа үнілетін болсақ, қазақ хандығы 15-ғасырдың ортасында құрылды. Хандықтың қазығы Керей мен Жәнібектің бастамасымен Шу, Талас өзенінің бойындағы Қозыбас атты қоныста қағылды. Бұл кезең қазақ хандығының тарихындағы маңызды оқиға болды. Алғашқыда Керей мен Жәнібек сұлтандардың соңына еріп, қазақ болып бөлінген халықтың саны екі жүз мың адам екен. 1465 жылы атамекенімізде тұңғыш рет Қазақ хандығы атты тәуелсіз мемлекет дүниеге келіп, бүгінгі біртұтас қазақ халқының негізі қаланды. Қазақ ордасы құрылғанда алдымен жасы үлкен Керей сұлтан ақ киізбен хан көтеріліпті. Одан кейін Жәнібек хан билік құрды.

3- тапсырма.Мәтін бойынша тест сұрақтары.

  1. Сөйлемді толықтырыңыз.

Астанасы - ...

а) төре таңбалы қызыл ту.

б) Жәнібек хан билік құрды.

с) қасиетті Түркістан қаласы болды.

д) Қазақ мемлекетінің ұлттық ұраны.

2. Қазақ хандығының құрылғанына неше жыл?

а) 545

б) 550

с) 555

д) 450

3. Мәтінге сәйкес ақпаратты көрсетіңіз. Выберите информацию соответствующую тексту.

а) қазақ хандығы 15-ғасырдың ортасында құрылды.

б) жасы үлкен Жәнібек ақ киізбен хан көтеріліпті.

с) Астанасы - қасиетті Тараз қаласы болды.

д) бөлінген халықтың саны бес жүз мың адам екен.

4. «Сұлтан» сөзінің синонимі.

а) жауынгер

б) халық

с) хан

5. Хандықты бастаған хандарды корсетіңіз.

а) Керей мен Абылай

б) Керей мен Шыңғыс

с) Керей мен Жәнібек

д) Керей мен Бөкей хан

4-тапсырма. Сәйкестендіріңіз.

Қазақ сұлтан

Өзен саны

Тарихи мемлекет

Халықтың хан

Керей бойында

Тәуелсіз маңызды

Жәнібек хандығы

Сергіту сәті

5-тапсырма. Картамен жұмыс.

Қазақ хандығы құрылған жерді, шу, талас өзендерін картадан тауып көрсетіңіз.

Қазақ хандығына 550 жыл

6-тапсырма. «Ойлан, тап!» шеңбердің ішінде жасырылған Қарасай батырдың сөзін табыңыз.

«Любой, кто посягнёт на казахскую землю, кто выступит против казахов, будет стоять перед ханом, склонив голову до земли». 97

«Кімде кім қазақ жеріне қол сұқса, қазақтарға қарсы шықса, жерге басын иіп хан алдында тұратын болады » 83

7-тапсырма.«Ойлан, тап!» тапсырмасын қорытындылау негізінде алыңған аңыз.

Много легенд сложено народом о Карасай батыре. Я хочу

рассказать об одной битве, которая произошла в 1615 году, руководил

ею сам хан Есим. Молодому батыру Карасаю было всего 17 лет.,когда он пленил двух вражеских воинов, пригнал их к хану и сказал: «Любой, кто посягнёт на казахскую землю, кто выступит против казахов, будет стоять перед ханом, склонив голову до земли». Есим - хан благословил воина и был им доволен. Вскоре Карасай стал настоящим батыром, слава о нём разлетелась по всей степи. Не раз Карасай был на волосок от смерти. ( рассказ о битве с жонгарским батыром Олыхом) - с.145 «Познание мира»). За заслуги перед Родиной хан Есим присвоил титул «Казахский Карасай батыр»



Танымдық сабақты қорыту

8-тапсырма. Тарихи көрініс.

Абылай: Уа, халқымның көсемдері, осынау қиын - қыстау заманда ел басына «жоңғар» деген атпен қара бұлт төніп тұрған жағдайда, халықты біріктірер қариялар өздеріңсіздер. Маған сіздердің ақыл - кеңестеріңіз керек.

Төле би: Дұрыс, ел болып біріксек, ешқандай жау бізді ала алмайды. «Алтау ала болса, ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса, төбедегі келеді». Тұрған жерін тұрақтаған тұғыры биік ел едік, іргемізді ірітпей, бір жеңнен қол шығарып, атам қазақтың елдігін сақтап қалар кез келді.

Қазыбек би: Әр руға шабандоздарымызды жіберейік, халыққа хабар айтсын. Әйтеке би: Жөн. Ел ішінен жол жинауымыз керек. Рулар арасындағы кикілжінді артта қалдырып, айбарлы батырларымыздың басын біріктіріп, қас жауымызға қарсы шығайық.

Абылай: Туған жерді өзгелерге бермейміз, туған елді басқаларға билетпейміз. Үш жүз алаш бірігіп, жерімізді қорғаймыз.

Танымдық сабақты бекіту.

9-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіз.


  • Қазақ хандығы қашан қалыптасты?

  • Қазақ хандығының негізін қалаған хандар?

  • Керей мен Жәнібек хандарының туыстық жақындығы қандай?

  • Қазақ хандығының құрылуы туралы жазған тарихшы кім?

Үй тапсырмасы.Қазақстанның болашағы туралы көзқарасыңызды жазып келіңіз.



© 2010-2022