Конспект по апликации на тему Қоян

№8 ЖОББМШағын топ тәрбиешісі Шангутова Қырмызы ЖадырасынқызыБілім беру саласы: Шығармашылық ҰОІӘ: ЖапсыруТақырыбы: Қоян Мақсаты: Қоршаған ортадағы жан-жануарларды аялауға және мейірімді болуға тәрбиелеу Балаларды қоянның тыныс тіршілігімен таныстыру. Геометриялық пішіндерді айыра білуге үйрету; оларды көлеміне қарай салыстыра білуді жетілдіру, қою әдістерін пайдалана отырып; пішіндерді қағаз бетінде орналастыра білу; бірлесіп жұмыс істей білу, ұсақ қол қимылдарын жетілдіру. Баланың ойлау қабілет...
Раздел Другое
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

№8 ЖОББМ

Шағын топ тәрбиешісі

Шангутова Қырмызы Жадырасынқызы

Білім беру саласы: Шығармашылық

ҰОІӘ: Жапсыру

Тақырыбы: Қоян

Мақсаты: Қоршаған ортадағы жан-жануарларды аялауға және мейірімді болуға тәрбиелеу Балаларды қоянның тыныс тіршілігімен таныстыру. Геометриялық пішіндерді айыра білуге үйрету; оларды көлеміне қарай салыстыра білуді жетілдіру, қою әдістерін пайдалана отырып; пішіндерді қағаз бетінде орналастыра білу; бірлесіп жұмыс істей білу, ұсақ қол қимылдарын жетілдіру. Баланың ойлау қабілетін,сөздік қорын дамыту.


Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Дәлелдеу ояту

І.Ұйымдастыру кезеңі

Балалар, бүгін бізде ерекше күн. Біздің бізге қонақтар келіп отыр. Кәне, қолдарымызды күнге созып, жақсы көңіл-күймен амандасайық:

Шаттық шеңбер

Балалар мен сендерге жұмбақ жасырамын

Өзі кішкентай,
Құлағы ұзын,
Өзі қорқақ.

Дұрыс , балалар.

Қане,қане тұрмайық

Үлкен шеңбер құрайық

Құрсақ енді шеңберді

Алақанды ұрайық

Қуан,шаттан,алақай!

-Қуанатын күн келді.

-Қайырлы таң.

-Қайырлы күн


  • Қоян

Ұйымдастыру іздену

Балалар бүгінгі жапсыру ұ.о. іс-әрекетінде қоянның бейнесін жасаймыз.
Қоянның ерекшеліктеріне назар аудару.
- Қоян қандай аң?
- Қоянның құлақтары қандай?
- Неше аяғы бар?
- Құйрығы нешеу?
- Құлақтары мен аяқтары қандай пішінге ұқсайды?
Балалар ,мынау хат кімнен келген екен?

Хат қояннан келіпті . Қоян сендерге қонаққа келгісі келемін депті. Қабылдайсыздар ма?

Экраннан қоян сөйлейді.

  • Саламатсыздар ма ,балалар !

  • Мен сендерге қонаққа барамын.

  • Менімен дос болғыларың келе ме?


  • Балалар , қоян сиқырлы қоян екен.

оның санын көбейтіп ,бәріміз пішіндерден қоянның бейнесін жапсырсақ, ол шын қоянға айналып кетеді.

  • Балалар қоянның бейнесін жапсырамыз ба?

  • Балаларға пішіндер таратылады. Бірінші денесін,содан кейін басын, аяқтарын,құлақтарын, құйрығын жапсырамыз.

Жұмыс орындарыңды таза ұстап және ұқыпты жұмыс жасаңдар.

Сергіту сәті

Балалар енді қызықты ойындар ойнайық.
Ойын: «Тығылыспақ »

Ойын: «Құйрықтарын тап»

Аңдардың құйрықтарын табу.

Ойын: «Қоян қай ертегіде»

Қояндардың көжегін санату

Ғажайып сәт: Экраннан қоян балаларға рахметін айтып, шын қоянға айналатынын айтады.

Балалар қоянның түсі қандай?

Көзі қандай?

Балалар қоянға арнап кім тақпақ айтып береді.


Конспект по апликации на тему ҚоянКонспект по апликации на тему Қоян

Рефлекстік түзету

Балалардың жұмыстарын тексеріп ,

смайликтермен бағалау . Мадақтау.



Күтілетін нәтиже:

Білді: қоянның тыныс -тіршілігін білді, қоянның үй жануарына жататынын білді.

Игерді: қоянның дене мүшелерінің атауларын

Меңгерді: пішіндерді қағаз бетінде орналастыра білуді , бірлесіп жұмыс істей білуді.





© 2010-2022