Сұрыптау стансасында техникалық құжаттардың жылдам жекізілуін карастыру

Раздел Другое
Класс -
Тип Статьи
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Үмбетов Берік Байбекұлы


Астана қаласы М.Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясы Ақмола колледжі арнайы пәндер оқытушысы


Сұрыптау стансасында техникалық құжаттардың жылдам жекізілуін карастыру

Сұрыптаушы бекеттерде құрамдарды жасақтау мен қайта жасақтау бойынша сұрыптаушы дөңестер негізгі ғимарат болып табылады.

Локальді және кешенді автоматты жүйелер, жер бетіндегі құрылғылар, компрессорлы қондырғылар және ауа тарату құрылғылары, жүк құжаттары мен сұрыптаушы қағаздарды жіберу үшін пневматикалық пошта сұрыптаушы дөңестерде құрамдарды қайта жасақтау процессінің негізгі жүйелері мен құрылғылары болып табылады.

Жүк құжаттары және сұрыптаушы қағаздар станса көлемінде пневматикалық пошта көмегімен жеткізіледі. Сұрыптаушы қағаздар сонымен бірге телеграф аппаратурасы көмегімен берілуі мүмкін.

Сұрыптаушы стансаларда олардың қайта өңдеу қабілетіне және сұрыптаушы паркіндегі жолдардың санына байланысты үлкен, орташа, кіші қуатты дөңестер жобаланады.

Сұрыптаушы дөңес өз алдына келесі парктер жүйесінен тұрады: ПП - қабылдау, СП - сұрыптаушы, ПО - жөнелту (1.1, а-суреті). А, В, С бағыттарынан келген пойыздар ПП паркіне қабылданады. Әр бір құрам технологиялық өңдеуден және құрамның соңына локомотив тіркелгеннен кейін оны дөңес шыңына шығарады, соңғысы СП паркінің бас жағында орналасады және де қайта жасақталады (1.1, б-суреті).

Сұрыптау стансасында техникалық құжаттардың жылдам жекізілуін карастыру

1.1 сурет - Сұрыптаушы дөңестерде құрамдарды тарқату

Дөңес алдындағы алқымның ең соңғы бұрмалы жетегінің шеткі бағанасынан дөңестің шыңына дейін жылжыту жол телемінің ұзындығы, әдетте, 150 м-ге тең. Дөңесті қайта жасау барысында бұл ұзындық 80 м дейін қысқаруы мүмкін. Қабылдау паркіне поездарды әр түрлі бағыттан қабылдайды. Сұрыптаушы парктердің жолдарында қайта жасақталған соң вагондар жиналады, ал солардан жаңа бағыттағы поездар жасақталады. Жөнелту паркінен жаңа поездар жаңа бағыттар бойынша жөнелтіледі.

Дөңестен құрамдардың қайта жасақталуын дөңес постысынан ГП парк бойынша кезекші ДСПГ жүргізеді, ол парктің дөңес жолдарына бара жатқан вагондардың маршруты көрсетілген натур қағазына сәйкес жұмыс жасайды. Құрамдардың тарқатылу қарқындылығы ағытпалардың жүріс қасиеттеріне байланысты, олар жақсы (ауыр жүктелген вагондар) және нашар (бос вагондар) сырғымаға (бегуны) бөлінеді.

Бұрмалардың автоматты ауысуы кезінде қозғалтқыштың фрикцияға жұмысын және ағытпаның үшкірге кіруіне дейін бұрманы бастапқы күйге қайтару өз уақытында байқау операторға қиынға түседі. Ағытпаның рельстен шығуын болдырмау үшін АВ релесінің көмегімен бұрманың автоматты түрде бастапқы күйге келтірілуі ескерілген . Бұл реле өз түйіспесі және бұрма күйін бақылайтын релелердің біреуінің (ПК және МК) түйіспесі арқылы қорек алады. Автоматты режимде бұрмасы рукоятқа ортаңғы күйде болады және де АВ түйіспелері арқылы П1С-ПЗС сұрыптау релелердің қайталағыштарының көмегімен бұрманы ауыстыру командалары жіберіледі.

Пневматикалық пошта - ішінде қысылған ауа көмегімен шағын контейнерлер (патрондар) қозғалатын құбырлар жүйесі. Контейнерлер (патрондар) ішіне жіберілуге тиісті құжаттар салынады. Ішкі құжат айналымы үлкен мекемелерде, өндіріс орындарында, мысалы, ірі почталарда, телеграфтарда,вокзалдарда және сұрыптау стансаларында қолданылады.(1.2 сурет)

Сұрыптау стансасында техникалық құжаттардың жылдам жекізілуін карастыру

1.2 сурет - Пневматикалық поштаның құрылымдық сұлбасы

Біздің ұсынып отырған пневматикалық бағыттағышымыз сұрыптау стансаларында қолдануды ұсынып отырмыз. Бұл пневма поштаның жүру бағытымен жолдары қазіргі таңда қолданыста бар. Жүретін жолы диаметрі 150мм темір трубадан жасалған.Оның ішінде құжат тасымалдаушы патроны болады. Патронның диаметрі 142мм, ал ұзындығы 35см ді құрайды. Ол патронды іске қосу үшін яғни станцияның келесі басына жіберу үшін 0,3Бар атмосфераны беру арқылы жылдам жеткізеді.Мұндағы тиімділік уақыттан шығындалмау себебі стансаның тақ бағыты мен жұп бағытының арқашықтығы кем дегенде 3500м-ді құрайды. Егер мұнда пневматикалық пошта болмаса 3,5км-ге жаяу баруға тура келетін еді.

Сұрыптау стансасында техникалық құжаттардың жылдам жекізілуін карастыру

Біз бұл ғылыми жобада қойылған мақсатқа жету жолдарын қарастырдық. Негізгі қойылған міндеттерді жүзеге асырдық. Негізгі мақсатымыз құжаттардың сенімді әрі тез және ешбір қателіксіз жіберілуін қарастыру жолында принципиалды сұлба сызып соған макет жасадық. Негізгі маселені айта кетсек бұл жүйеде пневматикалық поштаның тез және жеңіл жұмыс істеуін зерттеп артықшылығын көрсеттіп, операторлар жұмысын женілдеттік.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

  1. Станционные устройства автоматики и телемеханики Казаков А.А. Бубнов В.Д. Казаков Е.А. Транспорт 1990

  2. scbist.com/sistemy-centralizacii-i-blokirovki/

  3. Автоматизация и механизация сортировочных горок В.И. Шелухин Москва 2005

© 2010-2022