• Преподавателю
  • Другое
  • Абай Құнанбаевтың «Шоқпардай кекілі бар қамыс құлақ» өлеңіне қысқа мерзімді жоспар

Абай Құнанбаевтың «Шоқпардай кекілі бар қамыс құлақ» өлеңіне қысқа мерзімді жоспар

Раздел Другое
Класс 6 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Залгаринова Алмагүл Иманғалиқызы Қысқа мерзімді жоспар

Пәні: қазақ әдебиеті

Күні:

Сыныбы: 6

Сабақтың тақырыбы

Абай Құнанбаевтың «Шоқпардай кекілі бар қамыс құлақ» өлеңі

Мақсаты

Қазақтың классик әдебиетінің атасы, қазақ поэзисының күн шуақты асқар биігі - Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығы туралы білімді толықтыра отырып, ақын суреттеуінен (аттың шабысын, жүріс-тұрысын, шабыс-желісін) ерекше әсер алып, мал патшасы жылқының сыны мен бағасының ұлттық таным тұрғынан бағалануын түсінуге бағыт беру;

Күтілетін нәтиже

Абай шығармаларындағы өмірлік құндылықтарды тану, жүйрікті баптау, оны бәйгеге қосу қазақ баласы үшін үлкен өнер болғанын білу.

Сабақ барысы

Уақыт

кезеңі

Міндеттері


Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау түрі

Модульдарды қолдану

Ұйымдастыру кезеңі

2 мин

Психологиялық

ахуал орнату.

«Сіздің көңіл-күйіңіз қандай?»

Түрлі - түсті қағаздан жасалған фигуралар таңдалады

Интерпритация

Қызыл - қуанышты көңіл-күй

Алқызыл-ұнамды көңіл-күй

Сары-жағымды көңіл-күй

Көк- суық көңіл-күй

Қоңыр-қиналған қиналған көңіл-күй

Күлгін-алаңдаушы көңіл-күй

Қара-күш қуаттың төмендеуі

Ақ -анықталмаған көңіл-күй.

Амандасады.

Әр оқушы өзіне ұнаған түрлі түсті фигураның біреуін таңдайды.

Қағаздың артына сол түске байланысты жазылған интерпритацияны оқиды. Мысалы: Алдияр қызыл түсті таңдаса, онда Алдиярдың көңіл-күйі өте қуанышты күйде екенін білуге болады

АКТ- ны пайдалану

Үй тапсырмасын тексеру

Өткен материалдарды еске түсіру

С.Аронұлының «Жақсы мен жаман адамның қасиеттері» өлеңі

Сұрақ Өлеңнен жақсы адам мен жаман адамға тән қасиеттерді айту

Оқушылар сұрақтарға жауап береді.

Жауабы: Жақсы адам қасиеттері - ешкімді жатсынбайды, сөзіне сақ, елдің ағасы, елдің басшы серкесі, жүзі жылы, сөзі майда, жүзі жақсы, үлкен-кішінің бәрі жақсы, жыл құсындай, алысты жақын егер

Жауабы: Жаман адам қасиеттері - көкірегі - көр, көзі - соқыр, жүрер жолдан тал түсте адасушы, өтірікші, өсегі көп, іріткі салушы, ел арасын сөзбен бықсытушы, ұрыншақ, тентек, сүйкімсіз, жылқының қотыр болған аласындай, жаман адам балтаның ұңғысындай, өсек-аяң айтып жүреді, кеудесі үлкен, сөзі кесек, ақылы ауысқан

Бағдаршам

Қызығушылықты ояту.

Сабақтың мақсат - міндеттерімен таныстыру

Сабақ эпиграфымен таныстыру
Асыл сөзді іздесең,

Абайды оқы, таңырқа.

Адамдықты көздесең,

Жат тоқып ал көңілге.

С.Торайғыров

Сабақта эпиграфына назар аудару

АКТ- ны пайдалану

Алпамыс - Байшұбар
Қобыланды - Тайбурыл
Ертөстік - Шалқұйрық
Кендебай - Керқұла

Сәйкестендіру арқылы оқушыларды 4 топқа бөлу




Жаңа әдіс - тәсілдер

Білу

Жаңа сабақты түсіну

INSERT әдісі

V

-

+

?


Оқушылар кестені толтырады.



Мұғалім оқушы жұмыстарын сырттай бақылайды

СТО- ға үйрету

Жаңа әдіс - тәсілдер

Мәтінмен жұмыс

Өлеңді мәнерлеп оқиды.

Оқушыларға оқуға тапсырма беріледі.

Әр оқушы іштей оқиды. Ортадан бір оқушы мәнерлеп оқып береді.

Бас бармақ

Сөздік жұмыс

Сағақ- жылқының сағалдырық тұратын тамағының астыңғы жағы

Жерсоғар - ат тұяғының арт жағындағы қатты жері

Ашамайлы -ашамай салынған деген мағынада

Шідерлік - ат сирағының шідер салатын жері

Шідер - ат сирағының екі аяғы мен артқы бір аяғын қосып салатын тұсау

Оқушылар жылқының сыртқы мүшелерімен танысады

Түсіну

Мұғалімнің сөзі

- Жүйрік баптап, оны бәйгеге қосу қазақ баласы үшін үлкен өнер болған. Бұл өлеңде Абай бәйге атының мүсінін берген. Ат ситпатын беретін әрбір сөзге тоқталайық, мәселен,

«жауырыны етсіз тақтайдай - ақ» деген өлең жолына үңілейікші. Жүйрік атта артық ет болуы мүмкін емес. Сол себепті де жауырынды етсіз тақтайға теңеуі нанымды болып келеді. «Арты талтақ» деген суреттеме бар. Бәйге атының қолтығы, саны ықшам болып, бір - біріне жабысып жатса, шапқан кезде адымы ашыла ма? «Қоян жақ», «қой мойынды» деген суреттемелер қаз- қалпында алғанда тым қарапайым- ақ. Ал қоянның жағы - ол қураған етсіз жақ. Жүйріктің жағы майлы болып келмейтінін ақын осы «қоян жақпен» беріп отыр.

Осылайша әрбір бейнелі сөзге түсінік беру керек.

Әр топ осылайша әрбір бейнелі сөзге түсінік беру керек

  1. топ 1,2 шумақ

  2. топ 3,4 шумақ

  3. топ 5,6 шумақ

  4. топ 7,8 шумақ

Бағдаршам

Оқытуды басқару және көшбасшылы

Сергіту сәті

«Артығын тап» ойыны

  1. Қызыл ер, Құртқа, Алпамыс, Қобыланды

3. Тұрмыс-салт жырлары, әңгімелер, ертегілер, ғашықтық дастандар

4. Баба ата, Шопаната, Ойсылқара, Шекшеката

5. Аяз би, Кендебай, Асанқайғы, Тазша бала

АКТ- ны пайдалану Талантты және дарынды балалармен жұмыс

Қолдану

Өлеңге сатылай кешенді талдау жүргізу

1. Авторы: Абай Құнанбайұлы 2.Тақырыбы: «Шоқпардай кекілі бар қамыс құлақ»
3. Жанр түрі: Лирика
4. Идеясы: ер қанаты жақсы атты суреттеу
5. Шумақ саны: 7
6. Тармақ саны: 28
7. Бунақ саны: 3
8. Буын саны: 11
9. Ұйқас түрі: қара өлең
10. Әдеби - теориялық ұғымдар
Троп - сөзді құбылту
а) омоним - көсем, ер, ат
ә) эпитет - қой мойынды, салқы төсті, шақпақ етті, қамыс құлақ, бөкен қабақ, қоян жақ, теке мұрын, бота тірсек,
б) теңеу - шоқпардай, тояттаған бүркіттей, жалпақ тақтайдай,
11. Түсіндірме сөздік:
а) сағақ -
ә) ұма -
б) аяң -
в) алшы -
г) аламайлы -
12. Өлеңнің түйіні: «... Шапса жүйрік, мінсе берік, жуан, жуас Разы емен осындай ат мінбесем»

Оқушылар топпен жұмыс жасайды

Бағдаршам

Талантты және дарынды балалармен жұмыс

Талдау

Әр топқа тапсырма ұсынылады

1- топ.Өлеңнен жылқының дене мүшелерін теріп, жаз

2-топ. Берілген өлең мәтініне сүйеніп, төмендегі сөздердің сәйкестігін табу.

3-топ. Жылқы малы туралы мақал - мәтелдер, нақыл сөздер жазу

4-топ. Бес жолды өлең

Жылқы

Әр топ өз тапсырмасын орындайды.

Бірін - бірі тексеру

Оқытуды басқару және көшбасшылық

СТО- ға үйрету

Жаңа әдіс - тәсілдер

Жинақтау

С.Торайғыровтың «Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы , ерінбе»,- деген сөзіне қалай жауап берер едіңдер?

Оқушы жауаптары тыңдалады.

Ерекше пікірлерге смайлик көрсетіледі

Талантты және дарынды балалармен жұмыс

Үйге тапсырма



  1. Жылқы туралы қызықты мәліметтер жинастыру.

  2. Өлеңнен өздеріңе ұнаған 4 шумағын мәнерлеп жатқа оқу.

  3. Өлең мазмұнын қара сөзбен жазу.

  4. Аттың сипаттамасын пайдаланып, өз көкейлеріндегі ат суретін салу.

Оқушылар тапсырманы өздері таңдайды, күнделіктеріне жазады.

Жаңа әдіс - тәсілдер



© 2010-2022