Ашық сабақ жоспары Абай өмірі мен шығармашылығы 8-сынып

Раздел Другое
Класс 8 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Алматы облысы

Сарқан ауданы

Екіаша ауылы

Екіаша орта мектебі КММ

Габдулина Ляззат Калихановна

Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі


Сабақ тақырыбы

Абайдың өмірі мен шығармашылығы

Сілтеме

Нұсқаулық

Жалпы мақсаты

Оқушыларға Абайдың өмірі, білім жетілдіру жолдары, өлеңдері, қара сөздері, аудармалары туралы мағлұмат беру. Өз бетімен әрекеттенуге дағдыландыру, жеке, жұппен, топпен еңбектенуге, Абай өмірін үлгі ете отырып оқушыларды саналылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.

Оқу нәтижесі

Сыни тұрғыдан ойлай білу, топпен ынтымақтаса жұмыс істеу.

Негізгі мақсаты

АКТ-ны пайдалану, сыни тұрғыдан ойлауын арттыру, оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау, топпен жұмысты ұйымдастыру

Тапсырмалар

Оқушылармен амандасу, танысу. 3 мин.

«Ынтымақтастық атмосферасын» ұйымдастыру.

Тақтаға «Ақ жүрек» ілу. Оған оқушылар тілек жазып жапсырады.

Стикердің артына «Даралар», «Даналар», «Ойшылдар» сөздерін жазу арқылы топқа бөлу

Сабақ тақырыбын айту, мақсатын оқушылармен бірге айқындау.3мин.

Жаңа тақырыпты меңгерту

Таныстырылым. «Абай өмірі мен шығармашылығы» 5 мин.

Электронды оқулықты пайдалану. 3 мин.

Таным дерек

Постермен жұмыс

1-топ Өмір жолы

2-топ Өлеңдері, қара сөздері

3-топ Аудармалары, әндері 12 мин.

Сергіту сәті 2 мин.

«Желсіз түнде жарық ай» әнін тыңдату

«Даналық ой» Абай туралы айтқан Қ.Кулиев, А.Байтұрсынұлы пікірлерін оқушыларға таныстыру. 2 мин.

Үйге тапсырма «Қазақтың бас ақыны» мақаланы оқып, А.Байтұрсынұлының ойын әрі қарай өз ойларыңмен жалғастырыңдар.

Абайдың поэмалары туралы мәлімет жинастыру.

Оқушы білімін бағалау 1мин.

«Кері байланыс» 3 мин.

Бағалау

Топ бағалаушылары бағалау парағына белгілеп отырады.

Барлық оқушыларды сабаққа тарту жұмысы

Жеке, топта тапсырмаларды орындау, пікірін ортаға салу, өзгелермен ой бөлісу, өзгені тыңдау, ой қорытады .

Негізгі дерек көзі

Мұғалімдерге арналған нұсқаулық, А.Әлімов "ЖОО-да интербелсенді әдістерді қолдану мәселелері"



...Жалыналық Абайға, жүр, баралық,

Білімді сол кісіден ізденелік!

«Өмір зая болмастық өнер үйрет,

Ақылыңды аяма бізге делік».

Шәкәрім

Қуат алып Абайдың тіл күшінен,

Жыр жазамын Абайдың үлгісімен.

Абай болып табынсам бір кісіге,

Абай болып түңілем бір кісіден.

Мұқағали

«...Менің балаларыма, ертеңгі ұрпағыма Абайдан артық, Абайдан ұлы, Абайдан киелі ұғым болмауға тиіс»

Н.Назарбаев



© 2010-2022