Қазақ тілінен сабағы М дыбысы мен әрпі 1 сынып

Раздел Другое
Класс 1 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: М дыбысы мен әрпі

Сабақтың мақсаттары:

1) М дыбысы және әрпімен таныстыру. Өтілген дыбыстарды қайталау. Дауысты және дауыссыз дыбыстардың ерекшеліктерін еске түсіру. Сөздерге дыбыстық талдау жасау. Балалардың буын туралы түсінігін кеңейту;

2) Балалардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін арттырып, тіл байлығын дамыту, байланыстырып сөйлеуге үйрету;

3) Ұқыптылыққа, әдептілікке, ұжымдылыққа, адамгершілікке тәрбиелеп баулу.

Әдіс-тәсілдер: әңгіме, әңгімелесу, түсіндіру.

Көрнекі-құралдар: кеспе әріптер қалтасы, ойыншықтар,үлестімелі суреттер, әліппе-дәптер т.б

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі.

Сәлемдесу, балаларды түгендеу, оқушылардың назарын сабаққа аудару.

2. Өтілген әріпті еске түсіру. Й әріпі мен дыбысы.

АЙ,ОЙ,ҮЙ

3. Жаңа сабақты өтіп, түсіндіру.

1. Жұмбақ шешу.

Өзі жап-жас, мұрты бар,

Ет пен сүтке ұмтылар.

Тастамайды жылы үйде,

Түкті тонын шұп шұбар. (МЫСЫҚ)

  • «Мысық» деген сөзде бірінші қандай дыбыс естіледі?

  • М дыбысы.

  • М дыбысы дауыссыз дыбыс.

2. Ж.Смақов «Кішкене әліппе»

Бұзау «М-ны» «Ө-ге қосып»:

«Мө»,- дейді.

Бота «Б-ны» «Ө-ге қосып»:

«Бө»,- дейді.

Құлын «Е-ні» Е-ге қосып;

«Е-е»,- дейді.

Қозы «М-ны» «Е-ге» қосып;

«Ме»,-дейді.

Ал мен «М-ны» «А-ға қосып»;

«Ма» деймін,

«Ма», «Ма»,- деймін,

«Мама!»- деймін.

Мама - М әрпімен басталады.

М дыбысына келетін адамдардың аттарын ойлау. (Марат, Майгүл, Мұрат, Маржан т.б).

М дыбысының таңбасы. М тақтаға жазылады.

4. Әліппе-дәптермен жұмыс.

Әліппе-дәптердегі суреттерді қарап, заттың атын атайды, буындарға бөледі. (қол шапалақтап)

Май-мыл, мы-сық, жү-зім, ал-мұрт, бағ-дар-шам т.б.

Сөздерден сөйлем құрастырады.

5. Сурет бойынша әңгіме құрастыру.

Сергіту жаттығуы.

Ормандағы аюдың,

Құлпынайы көп екен.

Теріп-теріп алайық,

Қалтамызға салайық.

6. Көрнекілікпен жұмыс.

Түйенің суретін көрсету.

Түйе өркешін қарайық,

Ұқсайды оған қай әріп? (М)

7. Бір буынды, екі буынды сөздерді оқу.

Ма,мо, мә,

Мал, мол, ма-са, ал-ма.

2. Ұйқасын тап.

Іші толғаншәрбәт,

Дәмі қандай әйбат.

Үзесің бірден жүзіп,

Оның аты - (жүзім).

«Жүзім» деген сөзде М дыбысы сөздің соңында кездесіп тұр. М дыбысы басында, ортысында, соңында кездеседі.

8. Сабақты қорытындылау , бекіту.

Таяқшалармен жұмыс. Таяқшалардан М әрпін құрастыру.

«Құмда» бар да, «суда»жоқ,

«Менде» бар да, «Сенде» жоқ

Қай әріп?

(«М әрпі»)

9. Балалардың білімдерін бағалау.

10. Үйге тапсырма беру.

Жүзім, мысық, бағдаршам суреттерін салып келу.

© 2010-2022