10-сыныпқа қазақ тілінен аралық тест

Раздел Другое
Класс 10 класс
Тип Тесты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:





Куандыкова Шолпан Рамазановна -

Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы

Озерный орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиет мұғалімі



Қазақ тілінен 10-сыныпқа арналған тест тапсырмалары

(І-ІІ тоқсан бойынша)









































































Қазақ тілінен 10-сыныпқа тест тапсырмалары (№1)


1. Халықаралық тілдер қатарын толықтырыңыз. Араб, ағылшын, орыс, француз, қытай, ...

А. қазақ

В. неміс

С. испан

Д. жапон

Е. латын


  1. «Сөз өнеріне жұмсалатын зат - сөз. Сөз шумағы тіл деп аталады» - сөздердің авторын көрсетіңіз.

А. Абай Құнанбаев

В. Шоқан Уәлиханов

С. Ыбырай Алтынсарин

Д. Мағжан Жұмабаев

Е. Ахмет Байтұрсынұлы


  1. Түркі тілдеріне жатпайтын тілді көрсетіңіз.

А. ғағауыз

В. ноғай

С. қазақ

Д. саха

Е. араб


  1. Басқа түркі тілдерінде сөз басында [й] келетін жерде қазақ тілінде ... дыбысы айтылады. Мысалы, йол, йаз

А. д

В. н

С. с

Д. ж

Е. т


  1. Көне түркі дәуірінің ескерткішін көрсетіңіз.

А. «Орхон-Енисей»

В. «Кодекс куманикус»

С. «Құтты білік»

Д. «Ақиқат сыйы»

Е. «Хұсрау-Шырын»


  1. «Түркі тілдерінің салыстырма сөздігінің» авторын көрсетіңіз.

А. Қашқари

В. Баласағұн

С. Йүгінеки

Д. Йасауи

Е. Хорезми

7. ХХ ғ. басында А. Байтұрсынов ұсынған жаңа жазудың атауын көрсетіңіз.

А. төте жазу

В. әдемі жазу

С. латын жазуы

Д. араб жазуы

Е. қысқа жазу

8. А. Байтұрсынов ұсынған жаңа жазу жүйесіндегі әріптер санын көрсетіңіз.

А. 24

В. 18

С. 16

Д. 28

Е. 35

9. Қазақ жазуы латын графикасына көшкен жыл.

А. 1927

В. 1929

С. 1931

Д. 1940

Е. 1935

10. «Қазақ жазбасын латын алфавитінен орыс графикасы негізінде жасалған жаңа алфавитке көшіру туралы заң» қабылданған жыл.

А. 1940 ж. 10 қараша

В. 1941 ж. 21 ақпан

С. 1939 ж. 12 мамыр

Д. 1940 ж. 10 ақпан

Е. 1941 ж. 15 тамыз

11. «Жаңа емлені» ұсынған ғалымды көрсетіңіз.

А. Ы.Алтынсарин

В. А.Байтұрсынов

С. Қ.Сәтпаев

Д. Т.Қордабаев

Е. Р.Сыздық

12. Ауыспалы мағыналы сөзді табыңыз.

А. ақ көйлек

В. істің ақ, қарасы тексерілді

С. жігерлі адам

Д. қара киім

Е. қызыл шапан

13. Латын негізді қазақ жазуындағы әріптер санын көрсетіңіз.

А. 33

В. 35

С. 42

Д. 40

Е. 41

14. Араб әліпбиі негізіндегі қазақтың ескі жазба тілі қолданған уақыт аралығын көрсетіңіз.

А. 12 ғ. - 15 ғ.

В. 14 ғ. - 18 ғ.

С. 15 ғ. - 19 ғ.басы

Д. 15 ғ. - 18 ғ.

Е. 15 ғ. - 20 ғ. басы

15. Қыпшақтардың тілінде жазылған діни мәтіндер мен сөздіктер.

А. «Кодекс куманикус»

В. «Құтты білік»

С. «Хұсрау-Шырын»

Д. «Ақиқат сыйы»

Е. «Диуани хикмет»

16. «Қазақтардың тілі әуезді де әсем, шебер де шешен, әсіресе сөз сайысына келгенді...» - авторын табыңыз.

А. В.Радлов

В. Р.Сыздық

С. Ә.Марғұлан

Д. І.Омаров

Е. А.Йүгінеки

17. А.Йасауи еңбегін көрсетіңіз.

А. «Хұсрау-Шырын»

В. «Диуани хикмет»

С. «Кодекс куманикус»

Д. «Ақиқат сыйы»

Е. «Құтты білік»

18. «Сөздер сөйлейді» кітабының авторын көрсетіңіз.

А. В.Радлов

В. Р.Сыздық

С. Ә.Марғұлан

Д. І.Омаров

Е. А.Йүгінеки

19. Бөлек жазылатын сөздерді көрсетіңіз.

А. рұқсат қағаз, жүз басы

В. ру басы, еш кім

С. көп балалы, әлде қайдан

Д. мойын жіп, жүз шамалы

Е. су тегін, қалам ақы

20. Айтылуы бойынша жазылатын сөзді көрсетіңіз.

А. жақын адам

В. атты кісі

С. отыра қал

Д. құсша ұшу

Е. ақ лақ


Қазақ тілінен 10-сыныпқа тест тапсырмалары (№2)


1. Диалект сөзді көрсетіңіз.

А. таңдай

В. түңлік

С. түндік

Д. маңдай

Е. кекілік

2. Қазақ әдеби тілін жасаушы.

А. ғалым

В. халық

С. үкімет

Д. ата заң

Е. жырау

3. «Қазақ әдеби тілінің тарихы» кітабының авторы.

А. Р.Сыздық

В. Т.Қордабаев

С. Ә.Марғұлан

Д. С.Исаев

Е. А.Байтұрсынұлы

4. Қазақ КСР-інің Тіл туралы Заңы қабылданған жыл.

А. 1989 ж.

В. 1987 ж.

С. 1991 ж.

Д. 1997 ж.

Е. 1993 ж.

5. Кітаби тіл стиліне жатпайтын стильді көрсетіңіз.

А. публицистикалық

В. ғылыми

С. ресми іс-қағаздар

Д. ауызекі сөйлеу

Е. көркем әдебиет

6. Сөйлеу тілінде жиі қолданылатын сөйлем түрін белгілеңіз.

А. толымсыз

В. жайылма

С. құрмалас

Д. толымды

Е. жақсыз

7. Құқықтық салада қолданылатын стильді көрсетіңіз.

А. публицистикалық

В. ғылыми

С. ресми іс-қағаздар

Д. ауызекі сөйлеу

Е. көркем әдебиет

8. Жазба тіл стиліне жатпайтын стильді көрсетіңіз.

А. публицистикалық

В. ғылыми

С. ресми іс-қағаздар

Д. ауызекі сөйлеу

Е. көркем әдебиет

9. Сөйлеу тілінде көп кездесетін сөздер.

А. диалект

В. термин

С. тарихи

Д. архаизм

Е. кірме

10. Термин сөздерді көрсетіңіз.

А. жақсы, жаман

В. ажар, көрік

С. сәлемдесу, амандасу

Д. тез, жылдам

Е. бастауыш, баяндауыш

11. Кәсіби сөзді көрсетіңіз.

А. қанат, мінез

В. келер, жазар

С. мұрап, ау

Д. сым, леген

Е. ой, арман

12. Кәсіби сөзді көрсетіңіз.

А. иінағаш, суағаш, мойынағаш

В. жүген, үзенгі, шылбыр

С. қазанжаппа, қорықтық

Д. сөмке, кереует, кәмпит

Е. қойшы, мақта, күкірт

13. Монологтың мағыналық түрлері.

А. 2

В. 5

С. 4

Д. 3

Е. 7

14. Белгілі бір зат пен құбылыстың салдары мен мен себептері көрсетілетін монолог түрін табыңыз.

А. эпилог

В. сипаттау

С. баяндау

Д. мазмұндау

Е. пролог

15. Диалект сөзді көрсетіңіз.

А. әдемі

В. бекіре

С. тырма

Д. мұрап

Е. шәугім

16. Диалект сөзді көрсетіңіз.

А. сөмке

В. күкірт

С. мақта

Д. әңгелек

Е. пәс

17. Белгілі бір зат пен құбылыстың өзара байланысы, бір-біріне қатыстылығы сөз болатын монолог түрін көрсетіңіз.

А. баяндау

В. сипаттау

С. мазмұндау

Д. салыстыру

Е. кейіптеу

18. Стиль түрін анықтаңыз. Элементтің атомдық салмағы дейтініміз - оттектің бірлікпен көрсетілген оның атомының салмағы.

А. публицистикалық

В. ғылыми

С. ресми іс-қағаздар

Д. ауызекі сөйлеу

Е. көркем әдебиет

19. Орта ғасырлар түркі шешендігіне тиесілі шығармалар - «Құтты білік» пен «Диуани лұғат ат-түрік» еңбектерінің авторларын белгілеңіз.

А. Қожа Ахмет Йасауи, Тоныкөк

В. Әл-Фараби, Аристотель

С. Сайф Сараи, Күлтегін

Д. Жүсіп Баласағұн, Махмұд Қашқари

Е. Қорқыт, Байдалы би

20. Түбір тұлғасы дыбыстық өзгеріске ұшырап біріккен сөзді табыңыз.

А. Гүлдерай, Дайрабай, Амантай

В. шаңсорғыш, жанкүйер, Жансая

С. беташар, тоқымқағар, асатаяқ

Д. ашудас, ендігәрі, Бегәлі

Е. Ақтөбе, Сырдария, Қызылорда


© 2010-2022