«Ерлікке тағзым» атты ашық тәрбие сағаты

Раздел Другое
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Жастардың уақытын тиімді ұйымдастыру орталығы

Тәрбие сағаты

«Ерлікке тағзым» атты ашық тәрбие сағаты

Кеңес әскерлерінің Ауғаныстан шығарылғанына 25жыл

«Ерлікке тағзым»

Дайындаған: Молдиярова А.А.

Шымкент

«Ерлікке тағзым»

Мақсаты:

Білімділігі: Ауған оқиғасының тарихи мағынасын ашып, оқушыларға түсіндіру.

"Ауған соғысы" - жайлы тереңірек біліп тану, соғыс ардагерлерінен мәлімет алу.

Тәрбиелік: Тәуелсіздік жолында күрескен аға-апаларымыздың ерлігін кейінгі ұрпаққа үлгі ете отырып, оқушыларды ұлтжандылыққа, отанын сүюге тәрбиелеу.

Дамытушылық: Тарихи деректердің маңыздысын аша білуге және материалдарды диалектикалық тұрғыдан талдай білуге дағдыландыру.

Әдісі: еске алу сабағы

Көрнекілігі: Тақырыпқа сай слайд. Интерактивтік тақта.

Сабақ бағдарламасы:

1. Ән ұран

2. Ауғанстан соғысы тарихы туралы баяндама

3. Майданда туған жыр-өлен шумақтары

4. Aуған соғысы туралы бейне көрініс

5. Қорытынды




1. Жүргізуші:

Сол Ауғанда талай досты жерледік

Қарлы шыңға күн түн демей өрледік

Сұрапылда ерледік те шерледік

Намыс туын қолдан бірақ бермедік

2. Әнұран.

2. Жүргізуші:

Соғыс жан алып - жан беру

Соғыс халықтың басына келген қасірет, жұт

Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 25 жыл толуына орай «Ерлікке тағзым» тақырыбындағы тәрбие сағатымызды ашық деп жариялаймыз.

1. Жүргізуші:

1989 жылы, Ақпан айының 15-де талай аналарды перзеттерден айырған, мыңдаған жерлес бауырларымыз қаза тапқан қасіретті де, қайғылы да «Ауған соғысы» аяқталды. Жылдар өткенімен жауынгерлеріміздің өшпес ерлігі ел есінде сақталуда. Бүгінде «Ауған соғысы» қажет пе еді? деген сұрақтар көп қойылған кезде, біз жастар, еліміздің сол соғысқа қатысқан ұлдарын Отан алдындағы борыштарын адал атқарған азаматтар деп құрмет тұтамыз.

Сыныбымыздың оқушысы Соғыстың тарихынан қысқа баяндама жазып келіпті соны тыңдаңыздар.

1- оқушы

КОКП ж/е КСРО басшылығы Ауғаныстандағы 1978 жылғы сәуір төңкерісі нәтижесінде билікке келген "Халықтық-демократиялық үкіметті" қолдап, көршілес елдің социалистік бағытпен дамуын көздеп интернационалдық әскери жәрдем береміз деген желеумен оның ішкі істеріне араласты. 1965 жылы қаңтарда Ауғаныстанда Кеңес Одағы Мемлекеттік қауіпсіздік комитеті тыңшыларының қатысуымен астыртын қызмет атқарған Ауғаныстан халықтық-демократиялық партиясы құрылып, біраздан соң ол екіге бөлініп "Халық" тобын Н.М.Тараки, Х.Амин, ал "Парчам" тобын Б.Кармал басқарды. 1977 жылы мамырда Мәскеудің нұсқауымен Ауғаныстан халықтық-демократиялық партиясының екі тобы бірігіп астыртын қимылдарын ұлғайта түсті. Мұхаммед Дауд үкіметі халықтық-демократиялық партиясына қысым жасап, 1978 жылдың 26сәуірінде оның бала-шағасымен қазаға ұшырады. Сөйтіп Ауғаныстанда АХДП билігі орнады. Жаңа үкімет КСРО-ның айтқанынан шықпай, бірден социализм негізін қалауға көшті. Жер реформасын енгізу, діндарларды қудалау, ағарту саласындағы өзгерістер, кеңестік романдарды көбірек пайдалану жергілікті көшпелі тайпалардың әдет-ғұрпымен, салт-мүддесімен санаспау, т.б. бұхара халықтың наразылық тудырды. 1978 жылы қазанда ірі қақтығусылар басталды. Ауған үкіметі КСРО мен достық тату көршілік ж/е ынтымақтастық туралы шартқа отырып Мәскеу арқа сүйеді. Алайда халық күресі одан әрі күшейе түсті. 1979 жылдың ақырында 26 уәлаятта 18 көтеріліс өрті лаулады. Сондай жағдайда АХДП басшылары өзара тартысып, Кармаль тобы жеңіліп оның өзін Чехославакияға елші етіп жіберді. Келесі жылы қыркүйекте Тараки Аминнің қолынан қаза тауып, АХДП мен мемлекет басына Амин отырады. Бұл жағдайда Мәскеу өз мүддесіне қауіп ретінде қабылдады. КСРО Мемлекеттік Қауіпсіздік Комитеті Аминді қызметінен шеттетіп "парчамшыларды" билікке әкелуге әрекеттенді. 1979 жылы 12 желтоқсанда Кеңес Одағы басшыларының шағын тобы Л.И.Брежнев, Ю.В.Андропов, М.А.Суслов, Д.Ф.Устинов Ауғаныстанға кеңес әскерін енгізу туралы шешім қабылдады. Сөйтіп 1979 жылы 25 желтоқсанда КСРО әскерлері Ауғаныстан шекарасынан өтіп онда 1989 жылдың ақпанына дейін соғыс қимылдарын жүргізді. Қазақстан ауған соғысына 22 000 адам қаза тапты, 21 адам хабарсыз кетті.

2- Жүргізуші:

Ауған жерінде интернационалдық парызын өтеу барысында қайтыс болған Целиноградтықтар:

1. Шайкенов Ағзам Тойбатырұлы 1959жылы прапорщик. 1986жылы 13 наурызда дүниеден өтіп, Шнет ауылында жерленді.

2. Ульянов Владимир Геннадьевич 1963 жыл қатардағы жауынгер. 1983 жылы қарашаның 26 қайтыс болып Софиевка ауылында жерленді.

3. Берлизов Иван

1- Жүргізуші:

Еске алайық, құрметтейік құрбандардың рухын,

Қабірлері нұрға орансын, суық көрде жылынсын

Есіл ерлер ескерткішке айналсаңда біз үшін

Мәңгі бақи тірісіңдер, тірісіңдер, тірісіңдер!

Ауған соғысында қаза тапқан батыр ағаларымызды орнымыздан тұрып 1 минут үнсіздікпен еске алуыңызды сұраймыз.

Рахмет отырыңыздар!

2- Жүргізуші:

Ардагерлер

Айтса ертек көгендері

Тайбандары таймаған өрден кері

Сыңғырлап сыр шертеді жиындарда,

Кеуде толы жарқырап ордендері.

1- Жүргізуші

Сыныбымыздың оқушылары соғыс кезінде жазылған өлең жырлардан үзінді оқиды

1- оқушы

Қан майданда қан аққан бұлақтардан,
Қанды кешіп жүреді алда ерлер.
Міне, бүгін сіздерге жыр ақтарам,
Ассалаумағалейкүм,ардагерлер.
Соқыр билік тұсында сумаң қаққан,
Соғыстар аз болғандай, ғасыр дерті.
Ауғанның көк аспанын тұмандатқан,
Сұрапыл майдан бопты қасіретті.

2-оқушы

Кілең жас жанары от жалыдаған,
Айналды майдангерлер қанды балақ.
Күні жоқ «қалақша» оқ салынбаған
Атырған бір ұйқысыз таңды қарап.
Дұшманмен бетпе - бет кеп шайқастарда,
Жасқанып шегінбеген, тайсалмаған
Отан үшін бас тігіп айқасқанда
Оққа ұшты қанша қазақ қайсар балаң.

3-оқушы

Тастаған енді ер жетер шақта қырып,
Кектерін олар үшін заман алар.
Кебенек киген ұлын аттандырып,
Қабірін құшып қалған аналар бар.
Қарғыс атқыр, бағасыз арық қойдан
Сұм соғыс ғазиз жанды опырады.
Ауғанда неше боздақ қалып қойған
Бұйырмай туған жердің топырағы

1-Жүргізуші:
- Ауған соғысына Қазақстан бойынша біздің елдің еншісінде қаралы тізім мынадай:

23000 қазақстандықтар қатысқан
761 адам қаза тапқан.
226 адам із - түзсіз жоқ
1000 - ға жуық адам кемтар
1000 - ға жуық адам осы соғыстан кейін о дүниелік болды

«Ерлікке тағзым» атты ашық тәрбие сағаты

Ауған соғысы ардагерлері

Жүргізуші

Жалт ете қап оқ жаудан ұшқан,

Сен құлаган көлбетіп таулы алыстан.

Елестейсің көзіме қасірет боп

Қайғам да сен мәңгілік- Ауғаныстан!

Жүргізуші

О, олардың көз жасының татымын

Татып көрсен ойланар ең пақырым

Халық болып ешқашанда оңбайды

Жылатқан ел ақыны мен батырын, дей келе тәрбие сағатымызды ары қарай жалғастыратын бейне көрініс, тамашалайық

Слайд шоу

Қорытынды сөзді мектебіміздің тәрбие ісі орынбасары

береміз

Жүргізуші

Жалт ете қап оқ жаудан ұшқан,

Сен құлаган көлбетіп таулы алыстан.

Елестейсің көзіме қасірет боп

Қайғам да сен мәңгілік- Ауғаныстан!

Тәрбие сағатын сынып жетекші қорытындылайды.






© 2010-2022