• Преподавателю
  • Другое
  • Технологическая карта по ознакомлению с окружающим на тему: Аквариумдағы балықтар

Технологическая карта по ознакомлению с окружающим на тему: Аквариумдағы балықтар

І сәбилер тобында ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы Білім саласы: «Таным» «Денсаулық» «Шығармашылық»Ұйымдастырылған оқу іс - әрекеті: Қоршаған орта, сенсорика,дене шынықтыруТақырыбы:" Аквариумдағы балықтар" Мақсаты: Балаларға балықтар мен таныстыра отырып, тақырып бойынша білімдерін кенейту.Міндеттері - Білімдік: балаларға балықтық құрылысы,оның денесінің негізгі бөлшектері туралы түсінігін қалыптастыру.Дамытушылық:бөліктен балықтың дене мүшелерін құрастырып желімсіз ...
Раздел Другое
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ұйымдастырылған оқу іс-әретінің

технологиялық картасы

Білім саласы: «Таным» «Денсаулық» «Шығармашылық»

Ұйымдастырылған оқу іс - әрекеті: Қоршаған орта, сенсорика,дене шынықтыру

Тақырыбы: Аквариумдағы балықтар

Мақсаты: Балаларға балықтар мен таныстыра отырып, тақырып бойынша білімдерін кенейту.

Міндеттері - Білімдік: балаларға балықтық құрылысы,оның денесінің негізгі бөлшектері туралы түсінігін қалыптастыру.

Дамытушылық:бөліктен балықтың дене мүшелерін құрастырып желімсіз жапсыруға, қолдың ұсақ моторикасын,сөздік қорын , тыныс алуын,қимылдарын,ойлау қабілеттерін,іскерліктерін дамыту .

Тәрбиелік: Тірі табиғатқа деген қызығушылықтарын, сүйіспеншіліктерін арттырып, оның әсемдігін сезіне білуге, оларға қамқор болуға баулу

Сөздік жұмыс: жүзбе қанаттары ,құйрығы

Билингвольдік компонеттер: балық-рыбка

Ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің әдіс -тәсілі: саусақ жаттығу,сергіту,жұмбақ,көркем сөз,ойын жаттығу,көрсету,сұрақ-жауап, Көрнекіліктер, құрал - жабдықтар:теледидар, аквариум балығымен,қыстырғыштар, түбітке салынған суы бар ыдыс,әр түрлі пішіндер, фланелограф,балаларға арналған сыйлықтар

Әрекет кезеңдері

Маман

іс - әрекеті

Балалар

іс - әрекеті

Мотива-циялық - қозғаушы

Балалар шаттық шеңберге тұрып:

Қайырлы таң жер-Ана

Қайырлы таң ,көк аспан

Қайырлы таң,достарым

Қайырлы таң апайлар.

Ғажайып сәт- Орамал астында аквариумдағы балықтар.

Бұл не?

Аквариум деген не? - Ол шыны ыдыс суымен,онда балықтар мекендейді. Аквариумдағы балықтардың тыныс - тіршілігін күнде біз топта бақылап жүрміз. Олардың да тіршілігі көлдегі, өзендердегі балықтарға ұқсас, тек олар біздің топта шыны аквариумда өмір сүреді, біз оларға күтім жасаймыз.

Аквариумды жуып тазалаймыз, тамағын саламыз.

Балыққа жем берейік ,балалар.

Жұмбақты шешу:

Суда оның өмірі,

Суда оның көрігі.(балық)

Билингвольдік компонент : балық- рыба

Тәрбиешінің сонынан қайталайды


Балаларды таңқалдыру

Аквариум


тындайды

балыққа жем береді

балық- рыба

Ұйымдастыру - іздену


Балалар балықтар аквариумда ғана тұрмайды,олар өзенде,теңізді,мұхитта тіршілік етеді.

Теледидардан тамашалайық: «Су әлемі»

Тақпақ оқу.

Су астында балықтар

Сазан,шортан,бекері.

Неше түрлі балық бар,

Шошытасың секерме.

Саусақ жаттығуы: «Балықтар суда жүзеді»

(сауықтыру технологиясы)

Қос қолдың алақанымен саусақтарын бір-біріне түйістіру. Суда жүзген балық қимылын жасау

Фланелографта көрсету

Балықтың суретін көрсете отырып пішіндермен сәйкестіру

Балалар,қараңдаршы балықтың дене бітімі қандай пішінге ұқсас екен? (сопақшаға)

-Ал денесінін жалғасы мынау не? Құйрығы .

- Денесінің арқасындағы, бауырындағы жүзбе қанаттары. Осы жүзбе қанаттары арқылы суда еркін жүзе алады

Сөздік жұмыс: жүзбе қанаттары, құйрығы

1-2баланы шақырып дене мүшесін көрсетуге сұрау.

Сергіту:

(сауықтыру технологиясы)

Балық жүзді таза суда,

Бір керіліп, бір жиырылуда.
Жүзіп, жүзіп шаршағанда,
Тығылады тасты құмға.
Балалар,қараңдаршы бұл да балық, бірақ ол жүзе алмайды. Неліктен?

Олардың жүзетін қанаттары мен құйрықтары жоқ,оларға көмектесейікші.

Қазір екі топқа бөлініп .

Әуен өойылады.

1топ - қыстырғыштармен балықтын денесіне қанатымен құйрығын қыстырамыз.


2топ- берілген пішіндер арқылы балықты құрастыру


Балаларды ортаға шағырып шеңберге тұрғызу

Саусақ жаттығу:

Алақанды ашайық,

Балыққа жем шашайық.

Тағы жемді шашайық,

Қарны ашып қалмасын.


Көреді

тындайды


Саусақ жаттығуын жасайды



жүзбе қанаттары, құйрығы(қайталау)


қимылдарын көрсету


Балалар балықтың денесіне қыстырғыштармен балықтың қанаттары мен құйрығын қыстырады

Балалар алдарындағы алдын ала дайындалған қағаз, құралдардың көмегімен жұмыс жасайды.

Балаларды шеңберге тұрады.

Қимылдарын орындайды

Рефлексиялық - коррекциялау

Балалар ,балықтар қайда тұрады?

Кім балықтар туралы тақпақ біледі?

«Көпіршіктер»-ойын жаттығу

(сауықтыру технологиясы)

Әр баланың алдында түтітке салынған суы бар ыдыс.

Балалар сендер мұрын арқылы терең демді ішке тартып,түтіткеден демді шығару.Сол кезде ыдыстағы суда бүлкілдеген дыбыс шығады,судың бетінде көпіршіктер пайда болады.

Тәрбиеші сыйлықтар таратады,қонақтармен қоштасамыз.

Өзенде,аквариумда

1-2бала тақпақтарын айтады

Балалар түтіткі арқылы ыдыстағы суды бүлкілдетеді.


Сыйлықтарын алып,риза болады.

Күтілетін нәтиже:

Қабылдау:Тірі табиғаттың әсемдігін сезініп, оған қамқор бола білуі

Түсіну:Балықтың су астында өмір сүретіндігін

Қолдану:тапсырмасын жауапкершілікпен орындап, өздігімен ұқыпты іс әрекет жасай алуы.

25 «Ақбота» бөбекжай балабақшасы КМҚК.
















Ұйымдастырылған оқу іс-әретінің

технологиялық картасы.

Білім саласы:

«Таным» «Денсаулық» «Шығармашылық»

Ұйымдастырылған оқу іс - әрекеті:

Қоршаған орта, сенсорика,дене шынықтыру.





















Өткізген тәрбиеші: Қ.Х. Шуленова

1кіші сәби «Балапан» тобы.



Екібастұз қаласы.

© 2010-2022