Статья на тему Тіл мәртебесі

Раздел Другое
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тілдің мәртебесі.

Тіл қай ұлтта, қай елде болсын қастерлі. Ол әрбір адамның ана сүті арқылы бойына жетіп қалыптасады. Ана тіліміз мемлекеттік мәртебеге ие болды. Ол туралы Конституциямызда айшықталып жазылды. Сөйтіп, оны етектен өрге, есіктен төрге шығару, мәртебесіне лайық биікке көтеру бүкіл ұлттың ұлы мұратына, жұмыла көтеретін жүгіне айналды. Мұның бәрі халқымыздың жас ұрпағына қазақ тілінен сабақ беретін мұғалімдерінің алдына орасан зор маңызды міндет қойып отыр. Ол жөнінде тәуелсіздік алғаннан бергі жерде тіл мен білім беруге қатысты алынған мемлекетіміздің жарлықтары мен заңдарында, бағдарламалары мен басқа да құжаттарда атап көрсетіліп келеді.

Олар да оқушыларды ана тілін шексіз сүйіп, мақтан тұтуға тәрбиелеп, жүйелі де терең меңгертіп шығу мұғалімдердің кәсіби борышы ғана емес, азаматтық парызы да екеніне үнемі назар аударылып жүр. Мемлекеттік тіл-ұлттың әдеби тілі, ал әдеби тіл сөздің мағынасы мен қолданысы, жазу нормасы мен айту нормасы, атау термині жағынан сол тілдің иесі болып табылатын халыққа, сол тілде жазатындар мен сөйлейтіндердің бәріне бірдей түсінікті, ортақ, міндетті тіл деген сөз. Біздің ұлты басқа отандастарымыз бен шетелдіктердің үйреніп, бізбен сөйлесетін тілі де, сол әдеби тіліміз.Ана тілін ардақтаған ұлт жанды азамат оны оқытатын мұғалім ақиқаттағы анықталмаған, әлі дүдәмал нәрселерді тіл жүйесіне енгізуге емес, тілдегі проблемаларды ғылыми жолмен жете ойластырып әрі көп ұзартпай бірауыздан шешілуіне күш салу керек. Ғасырлар бойы армандаған егемендікке жетіп, өзінің тәуелсіз мемлекетін құрған ұлттың тілі ретінде мектепте қазақ тілін оқытудың маңызы артты. Оның мемлекеттік тіл ретіндегі болашағы көп жағынан қазіргі мектеп оқушыларының өз ана тілін қалай мақтаныш көріп, қалай жетік біліп шығуына байланысты. Сонымен, бірге қазақ тілі -мектептің ұлттық сипатын айқындап, оқушылардың бойына ұлттық сананы дарытатын, туған халқының рухани әлеміне бойлатып елінің намысымен атақ абыройын ту ғып ұстайтын ұрпақ тәрбиелеуде де орасан рөл атқаратын пән.

Оқушылардың бойында бар сол әлеуетті барынша толық пайдалану мұғалімдердің білімділігі мен шеберлігіне, іздемпаздығына байланысты. Қазіргі таңдағы қазақ тілін оқытудың жаңа көзқарастар мен жаңа әдіс-тәсілдерді қажет ететіні белгілі. Бұл ретте грамматиканы игертуге сөйлеуге, жазуға үйретіп, оқуға машықтандыруға байланысты алға қойған бағдарламалық талаптарды, бұрындары жол берілгеніндей, бір-бірінен бөлек қарауға болмайды. Түпкі мақсат тәрбиелік міндеттерге қоса, оқушылардың өз ойларын тұжырымды,сауатты жазып жеткізе алатын болуына қол жеткізу. Мұның ең алдымен, олардың сөздік қорын, тілін жетілдіре беруге байланысты екенін бір сәт естен шығармаған жөн.

Жексембекова Ө.Н.

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

№14орта мектеп-гимназиясы

Талдықорған қаласы

© 2010-2022