Конспекты по казахскому языку на тему Интербелсенді әдістің тиімділігі

Раздел Другое
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Жақында «Өрлеу» біліктілікті арттыру орталығы АҚ филиалы, Маңғыстау облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтында ф.ғ.д. Дүйсенбаева Жанбибі Сембайқызы, тренер Әбішова Зәуре Сүндетқызы жетекшілік етіп, «Қазақ тілі мен әдебиетін интербелсенді әдіс-тәсілдер арқылы оқыту» атты 1 апталық курс өтті. Бұл курс аясында тыңдаушыларға интербелсенді әдістерді бірнеше қадамдар арқылы жүзеге асыруды үйретті. Жетекшіміз Ж. Сембайқызы Әбіш Кекілбаев шығармаларын интербелсенді тәсілдер арқылы жете түсіндірді. Апта соңында интербелсенді әдіс-тәсілдер арқылы әрбір тыңдаушы өзіндік жұмысын, ғылыми жұмыстар жазып, өз ойларын ортаға салды. Бұған дәлел, мен тыңдаушы-ұстаздарға интербелсенді әдіс-тәсілдердің барлығын қамти отырып, «Әбіш Кекілбаевтың «Бір шөкім бұлт» повесіндегі негізгі тірек сөз «бұлт» сөзін талдау» атты сұхбат сабақ өткіздім. Сабақ барысында Ә. Кекілбаевпен балалық шағы бірге өткен, шежіреші, замандас ағасы - Көшекұлы Төлесін атамыздың бейне таспасынан басталды. Төлесін Көшекұлымен жүргізген сұхбатта Ә. Кекілбаевтің бала кезі туралы көптеген қызықты мәліметтер айтылды. Осы бейне-таспа бойынша интербелсенді әдіс-тәсіл төрт қадам арқылы жүзеге асты.

Біріншіден, тыңдаушы-ұстаздар бейне-таспадан естіген мәліметтер ішінен ең қызықты сөйлемдерді тапты.

Екіншіден, интербелсенді тәсіл арқылы «Бір шөкім бұлт» повесінің мәтіні, «шөкім» сөзі лексикалық тұрғыдан талданды.

Үшіншіден, топтар арасында «Бір шөкім бұлт» повесіндегі «бұлт» сөзін қатыстырып сөйлем құрап, мақал-мақал мәтелдер айтып, «бұлт» сөзі бар өлең жолдарынан үзінді айтып, жарыс өткізілді. Ой қозғау стратегиясы жүзеге асырылды.

Төртіншіден, есте сақтау қабілетін арттыру әдісі бойынша тыңдаушы-ұстаздар тобы бастаушы және қостаушы деп екіге бөлініп, повестің ең соңғы үш сөйлемін жаттады. Қайталау, топтастыру стратегиялары жүзеге асты.

Осылай сабақ барысы түрлендіріліп өткізілді. Жетекшілер тарапынан өте жақсы пікірлер айтылып, марапаттады.

Қорыта айтсам, «Қазақ тілі мен әдебиетін интербелсенді әдіс-тәсілдер арқылы оқыту» курсы әрбір тыңдаушы-ұстаздарға қосар үлесі мол деп білемін, себебі есте сақтау, топтасу, қайталау стратегилары балаларды сабаққа деген ынтасын одан әрі молайтады.

Интербесенді әдіс - тәсілдер арқылы сабақ өткізу тек қазақ тілі мен әдебиет пәндеріне ғана емес, сонымен қатар барлық пәндерге де пайдалану , ОСЖБ, ҰБТ-ға дайындауға да өте тиімді әдіс деп білемін.

Сафиева Г.А. Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі

«№ 15 жалпы білім беретін орта мектебі» КММ

© 2010-2022